Күзгі бақтағы құстардың жағдайын білейік.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 24
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23226


Күзгі бақтағы құстардың жағдайын білейік.
Шаттық шеңбер:
-Сәлеметсің бе, табиғат!
-Сәлеметсіңдер ме құстар!
-Сәлеметсіңдер ме аңдар !
Ойын:"Табиғат деген не?" (доппен)
1) Табиғат деген не?
- Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не?
- Жер, су, ауа, өсімдік, т. б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді?
- Екіге. Өлі және тірі.
4) Өлі табиғат деген не?
- тау, тас, су, өзен, көл, құм т. б.
5) Тірі табиғат деген не?
- Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар т. б.
Жүргізуші: балалар қүз мезгіліндегі құстардың күй жайларын біліп қайту үшін күзгі баққа саяхаттайық. Саяхатқа шығу үшін автобусқа мініп барайық.
Автобусқа отыру, нодбугтен көру
Сұрақтар:
Жылдың неше мезгілі бар? (төрт)
Қыс, көктем, жаз, күз.
Кәзір жылдың қай мезгілі? (күз)
Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? (салқын, суық, жаңбыр жауады)
Жел
Найзағай
Жаңбыр
Нодбугтен құстардың дауыстарын тыңдау, салыстыру.
1. Үй құстары
2. Дала құстары
3. Қарға дауысы

Жүргізуші: балалар күзгі баққа да келіп қалдық. Автобустан түсейік.
КҮЗГІ БАҚТЫ ТАМАШАЛАУ

ШИРМАДАН КҮЗ ҚАРСЫ АЛАДЫ, СУРЕТТЕР КӨРСЕТЕДІ
Күз: сәлеметсіңдерме балалар. Сендер құстарды білесіңдер ме?
Тәрбиеші: Күз апай балалар күзгі сіздің бағыңыздағы құстардың жағдайларын білуге келіп тұр.
Күз: тамаша құстарымның барлығы әр жаққа серуендеп ұшып жүр. сендерге құстардың суреттерін көрсетейін. Атап бере қойыңдаршы.
Тауық, әтеш, үйрек, қаз, күркетауық.
Үш тілде: Тауық - курица – hen, әтеш - петух – cock.
- Бұл құстарды қандай құстар дейді.
- Олар үй құстары деп аталады.
- Үй құстары олардың пайдасы қандай?
- Жүнінен мамық, жастық, етін, жұмыртқасын тамаққа т.б. пайдаланады.

КҮЗ МЕЗІЛІНДЕ ДАЛА ҚҰСТАРЫ ҚАЙДА КЕТЕДІ?
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
- Ал қандай құстар біздің жақта қалады?
- Сауысқан, Қарға, Суық торғай, Тоқылдақ, Кептер.
Үш тілде: Торғай - воробей – sparrow, Қарға - ворона – crow.
- Құстардың қандай пайдасы бар?
- Құрт құмырсқа жәндіктерден ағаштарды қорғайды екен.
Күз: бәркелді балалар сендер барлығын біледі екенсіңдер. Мен сендерге күз мезгілінен сыйлықтар тарту етейін. (себеттегі алмалар ұсынады)
Жүгізуші: балалар, біз енді күз апайға құстар туралы тақпақтар айтып берейік.
Арсен:
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.
Алуа:
Үйге кірші торғайым
Мен суықтан қорғайын.
Жем шашамын, жегейсің
Үйшік жасап берейін.
Айша:
Курица кудахчет: «Квох!
Как же я хочу горох.»
А петух ей: « Не трещи.
Лучше встань и поищи.»
Айрайлым:
Что, кукушка, ты кукуешь,
Наводя на всех тоску?
Может, по птенцам тоскуешь?
Ищешь их – КУ-КУ, КУ-КУ.
Серік:
Two little birds
Sitting on a wall,
One called Peter,
One called Paul.
Күз: бәрекелді балалар сендер құстар туралы тақпақтарды тамаша айттыңдар. Күз бағындағы құстар аман-есен ұшып жүр. Рахмет сендерге құстардың жағдайларын білуге келгендеріңе.
Тәрбиеші: күз апай біз енді балабақшамызға қайтуымыз керек. Келген мақсатымызды орындап, құстардың жай-күйлерін білдік. Жақсы екен.
Күз: тамаша менің сендерге күзгі бақтың дәрумені көп алмаларынан базарлық берейік, құрдастарыңада ала кетіңдер. (Себеттегі алма береді)
Тәрбиеші: балалар күз апаймен қоштасып автобусқа мініп балабақшаға қайтайық. (Автобусқа отыру).

АВТОБУСТА НОДБУГПЕН ЖҰМЫС
Слайд жаңбыр суреттері мен музыка.
Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар біздер қайда бардық? (күзгі баққа)
-Қандай мақсатпен бардық? (құстардың жағдайларын білуге)
-Күз апай бізге қандай тапсырма берді? (құстарды атап беруді)
-Біз күз апайдың тапсырмасын орындадық ба? (иә, орындадық)
Олай болса балалар бүгінгі біздің оқу-қызметімізге ризасыңдар ма? Иә, ризамыз). Онда «Ризамыз» өлеңін орындап берейік.
Қоштасу шеңбері:
Ризамыз бүгінге,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз боп мезгілге,
Қош дейміз ұзаққа.
Соңы: балалар біз балабақшаға да келіп қалдық. Автобустан түсейік. Тәрбие.орг сайтынан Күзгі бақтағы құстардың жағдайын білейік. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы. №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, әдіскер

Пікірлер: 0

avatar