Күзгі бал кеші

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 165
  • Авторлық бағдарлама
  • 06/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21550


Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл
қазақ орта мектебінің аға тәлімгері
Утенова Айнагул Канатовна
Күзгі бал кеші
Мақсаты: Jқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбекті бағалауға, еңбек етуге үйрету, кәсіптік бағдар беру, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі: «Алтын күз» атты плакат, жапырақ, гүлдерден жасалған декоративті композициялар, табиғат өнімдерінен жасалған макеттер.

Жүргізуші:.
Кеш жарық, құрметті оқушылар, ата – аналар, ұстаздар!

Қош келдіңіз, көрермен,
«Күзгі бал» сын кешіне.
Отырыңыз қол соғып,
Шат күлкіге бөлене.

Бүгін міне қуандырып біздерді,
Берекелі күз келді, мерекелі күз келді!

Көбейді құт – береке,
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке,
«Алтын күзді» тойлаймыз.

Береке бірлікпенен ортақтассын, - дей отырып, құрметті көрермендер, бүгінгі жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Күзгі бал» кешіне жиылып отырмыз. Бұл сынға 8– 10 сыныптардан 6 топ қатысқалы отыр
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар конып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Қазылар алқасымен таныстырылады

Жүргізуші:.
Келтіретін әрдайым сезім күйін.
Қарсы алайық «Күзгі вальс биін».

БИ: «КҮЗГІ ВАЛЬС»

Жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Сәлем жолдап баршаңызға,
Келіп тұр бүгін топтар ортаңызға.
8а сынып – «Шиелер» тобы
8б сынып – «Алтын дән» тобы
9а сынып – «Алтын күз» тобы
9б сынып – «Емен» тобы
10а сынып – «Тамшылар» тобы
10б сынып – « Күзгі жапырақтар» тобы

І – топ мүшелерінің біркелкі формасына қазылар алқасы баға береді.
І. Таныстыру.
Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Қатысушы топтарды шақырайық,
Таныстыру кезегін бір жалғаса.

ІІ. «Күзгі тағам әзірлеу» сайысы
Татсақ тағамының дәмі қандай,
Барша жұрт көзбенен қызыққандай.
Күзгі тағам дайындап әзірлеуде
Қанекей, қайсымыз жылдамбыз – ай.
Әр топтан 2 адамнан шығады, тағамдары дайын болғанға дейін музыкалық үзіліс жарияланады. Әзірлегендерін қазылар алқасына тапсырады.

ІІІ. Жанкүйерлер сайысы
Әр сыныптан 1 оқушы шақырылады. Оларға жаңылтпаштар оқылады, бұлжытпай қайталау керек. Дұрыс айтса, өз топтарына ұпай қоса алады.

ІV. Өнер сайысы
Алтын күздің сыйлықтарын алдық біз,
Қызығына қандық біз.
Молайтайық шаттықты,
Ән айтып, би билейік бәріміз, - дей келе, әр топты өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

V. Капитандар сайысы
Бұл жандардың қылығына сай ісі,
Сәулеленіп тұрады әрбір жай ісі.
Басшыларды шақырамыз ортаға,
Ендігісі капитандар сайысы.
«Күзде қандай өзгерістер болады?» қысқаша жауаптар жазады. Осы уақытта музыкалық үзіліс жарияланады.

VІ. «Күзгі көрініс» үй тапсырмасы
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы.
Қызыл бояу – қызғалдақ,
Сары бояу – сарғалдақ.
Жасыл бояу – жайлауым,
Іздеп барар ауылым.
Оқушыларды бейнелеу өнеріне баулу, өнердің қыр – сырын ұғындыру мақсатында әр топ үйден жасаған «Күзгі көрініс» жұмыстарын тапсырады.

VІІ. Қабырға газеттер сайысы
Әр топтың өздері қабырға газеттерін таныстырады.

Топтарға өнерпаздық жарасады,
Жеңу үшін бәрі де таласады.
Барлық топ өнерлі команда ғой,
Риза болып мына жұрт қарасады.
Әділқазылар алқасына сөз беріледі.Әр топ мақтау қағаздарымен марапатталады.

Тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет! Тәрбие.орг сайтынан Күзгі бал кеші Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утенова Айнагул Канатовна

Пікірлер: 0

avatar