ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ӨТЕ ЕРТЕ КЕЗДЕН ҚОЛДАНЫЛҒАН ЕМДІК ШӨПТЕР.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 958
  • Авторлық бағдарлама
  • 02/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18374


Тақырыбы : Халық арасында өте ерте кезден қолданылған емдік шөптер.

Мақсаты : үйірме мүшелеріне ата- бабаларымыздың ерте кезде пайдаланған емдік шөптер туралы мағұлмат беру, сонымен қатар денсаулық ұғымдарын, олардың бір- бірімен байланысын көрсете отырып, денсаулық сақтау жолдарын және емдік шөптердің денсаулыққа әсерін анықтау арқылы салауатты өмір салтын сақтайтын салауатты, білімді азаматты қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ( Валеология, биология, медицина)
Сабақтың әдісі: Сөздік ( түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау, болжам)
Сабақтың көрнекілігі: кеппе шөп, журналдар, әдебиеттер,дәріханадан алынған дайын емдік шөптер, суреттер.
Сабақтың барысы: Ой шақыру.
Мұғалім: Алдымен үйірме мүшелерінің назарын «денсаулық» сөзіне аударып мағынасы талқыланады.

демалыс таза ауа табиғат

шынығу тазалық

адам өмірі жақсы әуен

ауырмау жеңіл тамақ

Мына өлең жолдары оқылады.
Денің сау, ғұмыр жасың болады ұзақ .
Ауруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен.
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
Өлеңді оқушылар талқылайды.
- Жылы сөз жан семіртеді- яғни дәргердің бірауыз жылы сөзіде ауруға ем.
- Жеңіл тамақ - денің сау болсын десең аузыңды ти
- Жақсы әуен – жан жадыратады, сарайыңды ашады.
- Күлкі. Күлкі адамды емдейді.
Екінші топқа төмендегі мақалды ұсынамыз:
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтатын табиғаттың тілі жоқ.
Оқушылар мақалды талқылайды.
Мұгалім: Өркениетті елдерде азаматардың басты ұстамы «Ақшаны екі нәрсеге аямай салуға болады. Бірі денсаулыққа, екіншісі білімге. Білім деген ақпарат, білім күш, ең бастысы білім ақыл ойдың дамуы. Оқыған адам қоғамда бағаланады.Қоғамға оның берері көп.
Ал денсаулық - өмірдің негізі.Денің сау болмаса пайдаң жоқ.Бір жерің ауыра қалса, жаның сол арада тұрғандай мазасызданасың, барлық жұмысыңды жиып қойып, аурыңа дауа іздейсің.Өмірге селсоқ қарап, бәрінен түңілесің.
Алайда әлі күнге дейін ауруымызды елемей жүре береміз. Дәргерге уақытында қаралмаймыз, тіпті алдын-ала қаралмақ түгелі. Ауру асқынған уақытта ғана дәргерге қараламыз.
Балалар, сіздерге мынадай сұрақ қалай ойлайсыңдар бұл әдет пе, әлде мәдениетіміздің төмендігі ме.
Әр топтың жауабы тыңдалады.
Денсаулық, салауатты өмір қашанда адамзат баласын толғантып келеді.Көптеген елдерде денсаулықтың қалыбы жасалған, денсаулықты үлгілі ұстап тұрудың психологиясы дамыған.
Өкінішке орай, денсаулығыма өзім ғана кінәлімін, бәрі өзіме байланысты, өзіме -өзім қамқор болуым керек дейтіндер тым аз.
Балалар, енді өткен сабақтарымызды еске түсіріп, «Денсаулық» пойызы ойынын ойнаймыз яғни саяхатқа шығамыз ол үшін кассадан билет алуымыз керек.Билет сұрақ арқылы алыныды. Алдын –ала дайындалған сұрақтарға жауап берген топтар ғана жолға шыға алады. Ойын ұйымдастырылады.
Пойыз мынадай аялдамаларға ғана тоқтайды «Табиғи дәріхана» аялдамасы.Оқушылардың білімі тексеріледі, сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
1. Мысық қандай шөпті жақсы көреді, осы шөпті пайдалану арқылы қандай аурудың алдын алуға болады (шүйіншөп (валериана) жүрек ауруы)
2. Қандай шөптердің гүлін шикізат ретінде қолданады (жөке, қына, қырмызыгүл,түймедақ)
3. Қандай өсімдіктің жемісін дәрі ретінде пайдаланады (Долана, итмұрын,қарақат,таңқурай)
4. Қандай өсімдіктің тамырын дәрі ретінде қолданады (мия, шоңайна, шүйіншөп)
5. Қандай улы өсімдіктерді дәрі ретінде ішеді (інжугүл, меңдуана)
6. Моншаға неге қайың сыпырғышын пайдаланады (Қайың ағашының жапырақтары ауру ттуғызатын бактерияларды өлтіреді)
« Кірқоймас аялдамасы» Балалар алдын ала дайындалған билеттерді суырып, әр топтан бір бала шығып жауап береді.
1.Қандай өсімдіктің шырынын иод орынына пайдаланады,сүйелді кетіреді,жапырағымен жуынады? (сүйелшөп)
2.Қандай өсімдіктің жапырағымен тамырын сынғанда, шыққанда ауырған жерге басады? ( шоғайна, жолжелкен)
3.Орманда тісті қалай тазалауға болады? (ағаш көмірі, жалбыз, қарағай бұтағы,еменнің қабығы)
4.Масадан қалай құтылуға болады? (маса мойылдың исіне, қалампырдың исінен қашады, түймедақтың сабағын пайдаланады)
5.Қандай өсімдік аяқты терлеуден, иістен, жарылудан сақтайды? (еменнің қабығы)
6.Қандай өсімдіктің жемісі бетті ағартады?(бүлдірген)
Мұғалім: Балалар, сапарымызды одан әрі жалғастырамыз,жолда түрлі- түрлі жағдайлар кездесуі мүмкін, сондықтан біз қандай жағдайғада әзір болуымыз керек,келесі аялдамада топтарға түрлі тапсырмалар беріледі
1 тапсырма: Жолда мұрыннан қан кетіп, бас ауырған жағдайда не істер едің, сұраққа жауап бере отырып , медикаменттерді пайдалана отырып, қолдарыңмен көрсетесіңдер.
2 – тапсырма Сүйек шыққанда немесе сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.
3 тапсырма : Пойыз аялдамаларға тоқтаған кезде жолаушылар жолға шығады, байқаусызда бір кісіні жылан шағып алды, қандай көмек көрсетесің .
Мұғалім:Көптеген аялдамаларды артқа тастап, сан алуан жағдайлардың шешімін тауып, қиындықтардың бәрін жеңіп сапарымызды жалғастырып, келесі аялдамаға келіп жеттік, бұл аялдама қандай деп сұрасаңдар
« Жат қылықтар аялдамасы» оқушыларға темекі шегетін, арақ ішетін адам суреті көрсетіледі. Сипаттап беру керек.
Темекі шегетін адамның ерекшелігі
Арақ ішетін адамның ерекшелігі
Наша шегетін адамның ерекшелігі.

Қортынды. Сабақ соңында оқушылар үш сұраққа жауап беріп, мұғалімге өткізеді.
Не білеміз Не білдік Не білгіміз келеді . Жауаптары оқылып талқыланады.
Бұндай сабақтар оқушылардың танымдық деңгейін артумен қатар, болашағына сеніммен қарауға дағдыландырады. Тәрбие.орг сайтынан ХАЛЫҚ АРАСЫНДА ӨТЕ ЕРТЕ КЕЗДЕН ҚОЛДАНЫЛҒАН ЕМДІК ШӨПТЕР. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Себекова Зухра Есқалиқызы

Пікірлер: 0

avatar