Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« Ханның адал төрелігі »
  • 01.04.2016
  • 581 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18348

« Ханның адал төрелігі»

Кіріспе сөз
Бұл оқиға сонау ықылым замандарда Мөде ханның тұсында болған екен. Монғол шапқыншылығы халықтың берекетін алып ел іргесін сөгіп, қан төгіспен аяқталған шапқыншылық кезінде Мөде хан « көршіммен тату болсаң, қан төгілмесе екен – деген ұстанымда ел билейді екен...
Мөде хан хан тағында отырады. Төңірегінде әскерлері мен уәзірлері қоршап тұрады.
Сырттан дауыс: Хан ием – көрші Қалмақ елінен елші келді.!
Хан: Елдестірмен елшіден
Жауластырмаң жаушыдан
Келсін! Кіргізіңдер!
(Елшілер / Қалмақ киімінде/ басын иіп керіп келеді)
Елшілер: Біздің ханымыз бізді сізге өз бұйымтайын сұратуға жіберді – хан ием!
Хан: Айтыңдар! Ханыңның бұйымтайы не болды екен?
Елшілер: О, қасиетті қазақ ханы! Сізде шапса құспен таласатын, аттаса алты қырдан асатын қуғанға жеткізбейтін бір тұлпарыңыз бар екен. Соның даңқты хабары біздің ханға жетіп, соны берсін деп қолқа салды, - депті.
Уәзірлер: Хан ием! Хан ием бермеңіз! Ондай тұлпар, мың жылда бір –ақ туылар бермеңіз хан ием!
Хан: (Сәл ойланып тұрып ) беріп жіберіңдер « Желқанатымды»-
Уәзірлер: Әттең – ай, қайран желқанат- ай 2-3 рет айтады.
(Арадан жыл өтеді)
Сахна төрінде Хан. Оң жағын да жақында үйленген сұлу ханшайым, сол жағында уәзірлері
Сырттан уәзірлер: (Хан ием көрші қалмақ ) елінен елші келді!
Хан: келсін, маған жіберіңдер!
Елшілер: О, о қазақ Ханы! Бізді Ханымыз сізге жіберді « Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», бұйымтайды айтқалы тұрмыз.
Хан: Айтсын! Айтсын!
Елшілер: Сіздің даңқыңыз біздің елге жеткенді. Сіз елде жоқ ай сипатты бір сұлуға үйленіпсіз. Сол сұлудың сұлулығын естіген ханымыз, - бізге сол қалыңдығыңызды сыйға тартуды ұсынды, қабыл етіңіз хан ием!
Хан іштей сөйлейді. Ашуланып теріс қарап тұрып, іштей күбірлейді: қайтсем екен, сені қимағанмен, елімде қан төгілгенін, жазықсыз жандардың қыршын кеткенін қаламаймын, елім үшін жаным да арым да садаға...
Алып кетіңдер, алып кетіңдер...
Ханшайым : Хан ием, мен сізді, сіз мені жүрек әмірмен сүйген едік қой! Мені аяшы, көз жасыма қарашы,мен сен үшін жаралған жанмын деуші едім ғой. Хан ием, мені жібермеші, мені жібермеші (жылап еңіреп кетеді елшілер екі қолынан ұстап алып шығып кетеді.) Қыз жылап, еңіреп кетеді.
Уәзірлер: Бермеңіз хан ием, ел күледі ғой, бермеңіз хан ием»
Арадан тағы бір жыл өтеді.... (Сырттан айтылады)
Хан тағында , уәзірлері қасында маслихат құрып отырады.
Сырттан уәзірі: (Хан ием, көрші елден елші келді! Сырттан естіледі)
Хан: Жіберіңдер келсін!
Елшілер: Ханымыз сізге тағы бір бұйымтайын айтып, бізді жіберді, хан ием!
Хан: Айтыңдар!
Елшілер: Біздің елмен шекаралас жеріңізде Ақсу мен Көксу атты жайылымдарыңыз бос жатыр екен сол жайылымдарыңызды ханымыз сұратып жіберді.
Уәзірлер: Хан ием! Ол жерлер ексе егін шықпайтын елсіз дала ғой, « жүйрік тұлпарың Желқанатың» мен сүйген әйеліңіз Назым ханшайымнан артық болып па? Құлазыған қу даланы қайтесіз, берінің, хан ием!
Хан (орнынан атып тұрып ашулы)
Доғарыңдар! ақымақтар!
Елшілер! Хандарыңа айта барыңдар!
Тұрысатын жерін, күнін айтсын! Соғысуға мен дайын! -
(елшілер шығып кетеді)
Хан (монологы) Халқымның қаны төгілмесін деп, « Желқанатым» мен Назымханымды жауға бергендегі мақсатым, халқым сені сүйгендіктен еді!
Жалпақ жерде өріп жүрген жылқыларым сау болса тағы бір жылқы
« Жылқанатымдай» жүйрік жылқы туып берер деп едім!
Өкініші жүрегімді өртеген Назым ханымды жауға беріп жібергендегі мақсатым тағы да халқымның тыныштығы еді.
Халқым аман болса тағы бір сұлуды маған сыйлар – дегенім еді!
Үшінші бұйымтайыңыз Жер беру еді! Жерді бергенім,елді сатқаным, Ата бабаларымыздың батыр бабаларымыздың ерік жігерімен , қайрат күшімен
« ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» қорғаған бізге мұра етіп кеткен қасиетті Ана жерді ешкімге таттаппаймын!
Ана жерімізде, еркіндігімізді « иығымнан басым, кеудемнен жаным кетпей», ана жерді сатпаймын! Туған жердің « бір қарысын» да жауға таптатпаймын!
Жауға аттануға дайындалыңдар, қасық қаным қалғанша жерімізді қорғайық!!!
(Сахнаға шығып айтса да болады) Бұрынғы әскер киімінде тұрса да болады
Біз – қазақ деген мал бал баққан елміз!
Ешкімге соқтықпай жай жатқан еліміз
Елімізден құт-береке қашпасын» -деп
Жеріміздің шетін жау баспасын деп
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпанды басындырмаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз
Досымызды сақтай білген елміз
Дәм-тұзды ақтай білген елміз
Асқақтаған хан болса
Хан ордасын таптай білген елміз
Атадан ұл туса құл боламын- деп тумайды
Ұл мен қызды ардақтаған елміз
Сен – Темір болсаң, біз – көмір
Ерткелі келгенбіз!
Табысқалы келгенбіз
Табысқанға көнбесең
Шабысқалы келгенбіз
Тұрысатын жеріңді айт!

Сахна ашылып қазіргі заман киімде
Біз қазақ – әлемге танылған елміз!
Еркіндіктің ақ шамы жағылған елміз
Тілі мен діні еркін боп,
Білімнен бұлақ ағылған елміз
Кендері « Қара алтын» боп
Еліме ырыс бақ – табылған елміз
Арман қала Астанамен
Әлемге танылған елміз!
Көшбасшы Елбасымызбен!
Жарқын болашаққа – бағытталған елміз
Ел бірлігі – ел бақыты – деп
Ұрпаққа ұғындырған елміз
Мәңгілік ел ұрпақтарымыз!
Елімізді мәңгі сүйіп өтеміз!

Атадан ұл туса құл боламын-деп тумайды
Анадан қыз туса күң боламын- деп тумайды
Ұл мен қызды арадақтаған елміз
Сен темір болсаң,біз көмір
Ерітпелі келгенбіз!
Қазақ-қалмақ баласын
Табысқалы келгенбіз
Табысқанға көнбесең
Шабысқалы келгенбіз
Тұрысатын жеріңді айт!
( Сахна ашылып қазіргі заманғы киімде)
Біз қазақ-әлемге танылған елміз!
Еркіндіктің ақ шамы жазылған елміз
Тілі мен діні еркін боп
Білімнен бұлақ ағылған елміз
Кендері «қара алтын» боп
Еліме ырыс-бақ табылған елміз
Арман қала Астанасымен
Әлемге танылған елміз!
Көсбасшысы Елбасымызбен!
Жарқын болашаққа-бағыттаған елміз
Ел бірлігі-ел бақыты-деп
Ұрпаққа ұғындырған елміз
Мәңгілік ел ұрпақтарымыз!
Елімізді мәңгі сүйіп өтеміз! (2рет) Тәрбие.орг сайтынан « Ханның адал төрелігі » Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карибаева Манзура

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 581 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar