Химия сабағында «Сын тұғысынан ойлау» стратегияларын пайдалану және РАФТ тәсілін қолдану

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 412
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19867


Химия сабағында «Сын тұғысынан ойлау» стратегияларын пайлалану және РАФТ тәсілін қолдану
«Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - деп Ж.Аймауытов айтқандай қазіргі кезеңдегі заман талабына сай білім берудің негізгі мақсаты - оқушының жеке тұлғасын дамыту, оның жан-жақты ойлауын, шығармашылық қабілетін дамыту, оқушылардың өмірге бейімделуіне жағдай жасауды талап етіп отыр. Көп жылдар бойына біздің білім беру орталықтарындағы білім беру жүйесі ғылыми – ағартушылық тұрғыда болды да, мұғалім дайын білім мен идеяларды ұсынушы болып келді. Бүгінгі күннің басты мақсаты – нәтижеге бағытталған сапалы білім. Білім сапасын арттарудың тиімді жолдарының бірі «Сын тұрғысынан ойлау» дағдыларын қалыптасытыру.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзегелердің ойына сыни қарап, естіген білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау десек сабақта оқушылардың сыни ойлауын қалай дамытуға болады?
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін мұғалімдердің кеңінен қолданатын құралдарының бірі – РАФТ стратегиясы. Бұл белгілі бір тақырыпқа байланысты жазба жұмысын жасауға арналған педагогикалық әдіс. Ол қарастыратын тақырыпты, мәселені оқушыларға әр түрлі қырынан жан-жақты талдап қарастыруға және жазу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
РАФТ кестесі (Рөл, Аудитория, Форма,Тақырып)
Рөл
Мәтіннің кімнің атынан жазылатыны Аудитория
Мәтінің кімге арнап жазылатыны Форма
Мәтін қандай түрде жазылатыны, жанры(хат, арыз,өтініш т.б.) Тақырып
Мәтін не туралы болады?
Мәтінге арқау болатын тақырып

«Галогендер» тақырыбындағы алғашқы сабағымда, талантты балаларды ашу мақсатында РАФТ тәсілін қолдандым. Мысалы, А. деген оқушым рөлге – йодты, аудиторияға – аурухананы, формаға – хат, ал енді тақырыпқа – «адамгершілік»- деп алып студент йодтың атынна профессор Д.И.Менделлевке мынандай хат жазды:

Д. Менделеевтің периодтық жүйесінің
жетінші группасының студенті
Йодтан
Хат
Химиялық элемент группалас достарым галогендер тобы қал- жағдайларың қалай? Мен теңіз түбіндегі Ламинария көшесінен аптека көшесіне көшіп кеткенмін. Сол аймақтағы адамдарға қолымнан келгенше қызмет етіп келемін. Медицина саласында операция кезінде және алғашқы көмек көрсетіп қан тоқтатқыш болып қызмет етемін. Тамақ өнеркәсібінде ас тұзын йодтауда, крахмалды анықтау үшін реактив ретінде, кей кездері микробтарды өлтіріп халыққа қызмет етіп жүрмін. Халыққа көп – көп рахмет еңбегімді әрқашан бағалап өз үйлерінің дәрі – дәрмек қобдишасының төрінен орын берген. Менің жағдайым өте жақсы, уайымдамаңыз профессор мырза Д.Менделеевич.

Хат жазушы : Студент Йод

Қорыта келе бұл тәсілдің тиімділігі сонда, баланың сыни ойлау дағдысы қалыптаса отырып, өздігінен жан-жақты ізденіп,зерделеуге бейімделеді және осы тәсілді қолданған кезімде, баланың іште жатқан талантын ашуға жағдай жасауда қателеспегенімді білдім дегім келеді.
anesov_0194@mail.ru Тәрбие.орг сайтынан Химия сабағында «Сын тұғысынан ойлау» стратегияларын пайдалану және РАФТ тәсілін қолдану Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әнесов Ғани Әбдіхамитұлы

Қызылорда қаласы "Абылай хан" атындағы колледж Химия пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar