Кім боласың?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 76
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23499


Материал тегін жариялап, сертификат алу

Қызылорда облысы Арал қаласы
Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектебінің
ІІ санатты педагог-психологы
Альжанова Гулбану Нуржауовна
Күні: 13.ХІ.2017 жыл.
Сыныбы: 3 сынып
Тақырыбы: Кім боласың?
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: Дәстүрлі емес
Типі: тренинг
Көрнекілік: мамандық туралы нақыл сөздер, суреттер, мамандықтарға қажетті құрал-жабдықтар, Барысы:
Жоспар:
І. Шаттық шеңбері
ІІ. Бір-бірімізге жылы лебіз білдіру.
ҮІ. «Армандарға жетсек деген тілекпен» (тілектер айту)
Кіріспе:
“Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі”. Э. Ф. Зеер.
“Мамандық - адамның қоғамдық мінездемесі” Ганс Селье“Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады” Н. Ә. Назарбаев.
Психолог: Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.Мамандық таңдау үшін, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді.
Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенімен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
Оқушыларға таратпа беру:
1. Кім боласың дегенді қалай түсінесің?
2. Болашақта кім болғаныңды қалайсың?
1. Психолог: Арнайы зерттеулер көрсеткендей 14 - 16 жас аралығындағы жеткіншектер өз бетінше мамандық таңдай алмайды, себебі мамандық таңдағанда олар тек бір ғана белгіге назар аударып, жағдайды жан - жақты талдай алмайды. Оқушылардың 40%- ы ғана еңбек мағынасын қызығушылықпен таңдайды. Сондықтан олардың көбісі өздерінің мамандықтарын тез таба қояды жұмысқа деген шығармашылық қатынасы да ерекшеленеді.
Негізінен, мамандық таңдауды жас адам мектепті бітіру кезінде түсінеді, сосын өз қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін, өздерінің жеке қасиеттерін, мамандықтың қажеттіліктерін, еңбек нарқының қажеттіліктерін біле отырып, сұранысқа қарай таңдайды.
Өз жеке қабілеттерін біліп, мамандық таңдауы жас адамды кәсіби түрде мамандық таңдау ережелерімен таныстырады.
Мамандық әлемі
Мамандық әлемінде жақсы бағдарлаудан және кәсіби жұмыстан басқа, тепе - тең мамандық таңдауға өз қабілетіңді тани білу, өз тарапыңнан кемшіліктерің мен жетістіктеріңді дұрыс бағалау.
Ойлай болса мамандықты дұрыс таңдап көрейік.
ІІ.“Бір бірімізге жылы лебіздерін білдіру.”
ІІІ. Даналардан шыққан сөз (пікірлесу)
Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл жай күнелту тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.Ж.Аймауытов
ҮІ. «Армандарға жетсек деген тілекпен» деп аталады.
Қазақстанның символына айналған бәйтеректей әрқайсыларыңыз қалаған мамандығымыздың бәйтерегіне айналыңыздар деп бір-бірімізге жақсы тілектер арнайық
ҮІІ. Қорытынды.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
деп Абай атамыз айтқандай алға ұмтылып, армандарыңызға жетіп, сәні мен салтанаты, мәні мен мазмұны келіскен абыройлы мамандық иесі болыңыздар.
Анықтама
13 қараша күні 3 сыныпқа «Кім боласың» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушыларды шаттық шеңберге шақырып, өз тілектерін, өз ойларын айта білді. Оқушылар өз ойларын ашық айта білді. Мамандық туралы да өз ойларын жақсы жеткізді. Оқушылар өз ойларын айтуға жетік меңгерген. Болашақта кім болғаныңды қалайсың дегенге көп оқушылар дәрігер, мұғалім, әнші деген мамандықты таңдап отыр. Оқушылардың үйінде ата-анасы баласына қандай мамандыққа баратыны туралы айтылған.

Мектеп психологы: Альжанова Гулбану Нуржауовна Тәрбие.орг сайтынан Кім боласың? Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Альжанова Гулбану Нуржауовна

Пікірлер: 0

avatar