Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Кітап алтын қазына
  • 06.10.2016
  • 212 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19603

Шығыс Қазақстан обылысы, Аягөз ауданы, Өркен ауылы
«С. Нұғыманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Кітапханашысы Карменова Оркен Касеновна

Тақырыбы: Кітап алтын қазына
1 жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі біздің «Кітап алтын қазына» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші: Бүгінгі кешімізді Ахмет Байтұрсыновтың өздеріңізге таныс өлеңімен бастамақшымыз.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп байқап қаралықта
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қаралықта?!
(кітап бейнесін киген оқушы кіреді)
1 жүргізуші: Қош келіңіз, қымбатты біздің досымыз кітап. Жоғары шығыңыз. (кітапты отырғызу)
2 жүргізуші: Бүгінгі біздің кешіміз екі бөліктен тұрады.
1 бөлім: Кітап алтын қазына.
2 бөлім: Поэзия деп аталады.
1 жүргізуші: Кұрметті көрермендер бүгінгі біздің кешіміз кітап жайында болмақ кім біледі «кітап» деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді?
Кітап: Мен өзім жауап берейін.
2 жүргізуші: Жоқ, оны бізге С. Нұғыманов мектебінің 2 сынып оқушылары айтып берсін.
1 оқушы: Кітап арабтың жазу деген сөзінен шыққан. Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу-тәрбие құралы, алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Сондықтан дүние жүзінде тұңғыш кітаптар еврей еліндегі Таурат, қытай тіліндегі Конфуция, парсы тіліндегі Авеста, юнан грек тіліндегі Құран.
2 оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Ксилография қалыбы он бірінші ғасырда пайда болған. Ал 1045 жылы Шың елінің өнерпазы Би Шен Құймалы әріптерді жасап шығарад. Еуропада тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мсти славцев басып шығарды.

3 оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде
9 ғасырда жазылған Оғызнама, 11 ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның Құтты білігі, Махмұд Қашқариндың Диуани Мұғат ат-түрік кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығарыла бастады. Төңкерістен кейін өзімізде шыға бастады.
Кітап: Ой, бәрекелді өздерің менің барлық тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, өстіп өмірге келдім. Менің атыма сай ішкі мәнімде өзгереді. Мен өзім жазған ақын
апа-ағаларымның көңіл-күйін, ішкі сезімін жеткіземін. Сенбесеңіздер менімен бірге болыңыздар! (Кітаптың бірінші беті ашылды. Ертегі сурет)

1 жүргізуші: Мынау қандай ертегі кейіпкерлері екенін білесіздер ме?
Көрермендер арасынан өздеріңіз қалаған рөлдерді ойнауларыңызға болады.
Көрініс «Жыртық кітап жылайды»
2 бет: Сұрақ-жауап.
2 жүргізуші: Қазір сіздер мыны сұрақтарға жауап беретін боласыздар.
1) Кітап қайғасырда дүниеге келді? (б.з. бірінші ғасырда)
2) Қазақ әліпбиінің негізін салушы кім? (А. Байтұрсынов)
3) Фамиялары бірдей қандай қазақ ақын, жазушыларын, қоғам қайраткерлерін білесің? ( Тұманбай Молдағалиев, Жұбан Молдағалиев, Жайсанбек Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Сәрсен Аманжолов, Асқар Сүлейменов, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Берік Шаханов)
4) Аттары бірдей қандай жазушыларды білесің? (Мұхтар Әуезов, Мұхтар Мағауин, Мұхтар Шаханов, Мұхтар Құрманалиев, Сәбит Мұханов, Сәбит Досанов,
Сәбит Дөнентаев)
5) Қай балалар жазушының шығармалар бойынша кинофильм түсірілді?
(Б. Соқпақпаев «Менің атым Қожа»)
6) М. Әуезовтың жыртқыш аң туралы жазған шығармасы? (Көксерек)
7) М. Әуезовтың қандай шығармалары бойынша кинофильм түсірілді
(Қараш-қара оқиғасы, Көксерек)
3 бет: Мақал-мәтел
4 бет: Поэзия
1 жүргізуші: Поэзия өлең үлгісіндегі әдеби туынды, грек тілінде жасаймын, тудырамын деген мағынаны білдіреді. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дәуірде М. Мақатаев жырлаған. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық – шынымен бақытты халық.

2 жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшімен
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңімен бір кісіден-дей келе кешіміздің екінші бөлімі ақиқ ақын Мұқағали Мақатаевқа арналады.
1 жүргізуші: Шетінен өлең жыры шұғылалы
Әр қыры, біз түсініп болған жоқпыз, ұғып әлі
«Шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» Мұқағали поэзиямен қалай сырласқанын тыңдап көрелік
«Поэзия» Кәдірқұлова Ақбота
2 жүргізуші: Қазынам бар
Біреуге берсем бе екен?
Өкпелейді-ау бермесем,
Берсем, бөтен
Бар байлықты қойныма тығып алып,
Әлде мына құмдардай өлсем бе екен?
Мұқағали қазынасы, әрине өлең, досы да өлең?
Ән: «Есіңе мені алғайсын» Оразханова Бибі
1 жүргізуші: Ақиқ ақын Мұқағали «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» деп өмір сүрген сияқты.
«Үш бақытым» Қазақбаева Жанерке
2 жүргізуші: Ойым бар менің, ойым бар менің ерекше,
Жақсылық жауап, дүниені мынау селт етсе.
Жауыздықтардың, жамандықтардың барлығын,
Көрге алып кетем керек етсе
«Шыда, шыда» Жәрдемов Жәнібек
1 жүргізуші: Қазір біз сіздермен «Дамино» ойынын ойнаймыз. Ол үшін көрермендер арасынан үш ойыншы шықсын. Ортаға сыйқырлы сандықтарды әкелсін. Өздеріңіз тандаған цифрларыңызды алыңыздар.
1сандық : Мұқағалидың шын есімі (Мұқамедқали)
Кел балалар авторы (Ы. Алтынсарин)
2 сандық: Мұқағалидың әжесінің аты (Тиын)
Абайдың әжесінің аты (Тоқбала)
3 сандық: Мұқағалидың жұбайының аты кім (Лашын)
Абайдың көзімнің қарасы кімге арналады (Әйгерімге)

2 жүргізуші: Біздің С. Нұғыманов мектебінде поэзияны сүйетін оқырмандарымыз көп екен. Солардың өнерін тамашалайық.
Кітап: Біз осының барлығын қайдан алдық.
Хормен: Кітаптан. Сізге көп рахмет.
Кітап: Ал, ендеше балалар мен қайтайын сендерге көп рахмет.Сендер мені көп оқып осындай білімдеріңді көрсете білдіңдер. Сау болыңдар. Қарақтарым осы жолы мен сендерге поэзиямен, ертегілерімді әкелдім. Келесі жолы әңгімелерімен, драммаларда кездескенше.
Хормен: Сау болыңыз
1 жүргізуші: Енді сіздерді Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - ел тілегі» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
2 жүргізуші: Кітаптарды құрметте
Күтіп ұста кірлетпе
Кішілерге табыс ет
Дақ түсірме бір бетке
Осымен кешіміз аяқталады. Келесі кездескенше. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін. Тәрбие.орг сайтынан Кітап алтын қазына Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Карменова Оркен Касеновна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Алтын, Авторлық бағдарлама, қазына, кітап
Көрсетілім: 212 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar