Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Кітап – біздің досымыз
  • 26.12.2016
  • 117 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20698

Кітап – біздің досымыз.Тәрбие сағаты
Мақсаты: Оқушыларды оқулықты құрметтей білеуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу.
Оқушының білімділік танымын өмірімен байланыстыра отырып арттыру.
Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
Әнұран
1-жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар!
Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап- адал пейіл, асыл дос.
Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
2- жүргізуші: Кітапты оқи отырып, адамның ішкі рухани жан дүниесі артады.
Айналадағы өмірмен, табиғатпен, адамның еңбегімен, құрбы-құрдастарыңмен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы –кітап.
Кітап- қарым-қатынастың, еңбектің, күрестің құдіретті құралы. «Кітап-білім бұлағы» деп бекер айтпаған. Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, Грекияда, Римде қыштекшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекиямен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды.[1]
Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.[2]
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін «Кітап – білім бұлағы» атты тәрбие сағатын тамашалауға келіп отырсыздар.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп, тауып алалық та!
Кітап- шебер ұстаз, тілсіз мұғалім.
Кітап- адал пейіл, асыл дос.
Кітап- мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Бүгінде ел арасында қисынсыздау айтылатын бір сөз – «кітап оқылмайды». Оның бір ұшы бізге тиіп, «жастар кітап оқымайды» дегенді жиі естиміз. Заман талабына сай интернетке көбірек жүгінетініміз жасырын емес. Техникалық құралдың экранына телміріп отырып та, қажетті ақпаратты жедел табуға болады. Бірақ, рухани қазына аталатын кітаптың орны бәрібір бөлек екендігін жоққа шығара алмаймыз. Осы тұста кітапты – құдіретті құндылық, асыл дос, білім көзі, өмір ұстазы деп білетін кітапханашы Зағипа апай мен 9а сынып оқушыларын сөзге тартайық
КІТАПСЫЗ КІТАПХАНА БОЛМАЙДЫ
Әлемдегі ең үлкен Отырар мен Александрия кітапханалары туралы естідік пе? Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүниежүзіндегі ең үлкен кітапхана болып тұрған. Алысты арбаламай-ақ, өзіміздің республикамызға тоқталсақ, 1930 жылы 290 бұқаралық кітапхана болса, 1939 жылы олардың саны 3304-ке жеткен. 1939 жылы А.Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасында, қазіргі кезде Ұлттық кітапхана ашылған. Ал, өзіміздің кітапхана туралы не білеміз?Біздің кітапханашы Зағипа апаймен сүхбаттасу (сұрақ жауап)
1. Кітап қорының сан-сапасы қалай
2. Сіздің ойыңызша кітап дегеніміз не?
3. «Кітап оқушылар аз, тіпті, мүлде жоқ» деушілерге не дейсіз?
4. Өзіңіз кітап оқисыз ба?
5. Әр шаңырақтың төрінде тұруға лайық дүние деп қай туындыны айтар едіңіз?
Кітапқа қысқаша анықтама берсеңіз?
6. . Қандай жанрда жазылған әдебиеттерді оқисыз?
7. Кітап несімен қымбат?
8. Жастар кітап оқымайды» дегеннің себебі неде деп ойлайсыз?
9. .Кітаппен қай кезден бастап достастыңыз?

Ұй тапсырмасы Шығарма 1.” Менің бірінші кітабым”
2.”Кітаптан қандай әсер аламын”
3. “Менің сүйікті жанрым”
Әлемдегі ең ерекше кітаптар слайд. Кітап!
Сен адамзаттың жақын досы!
Келмейді сені оқымай көңіл хошы,
Ел мұңы, көңіл сыры, ақын жыры,
Басылған таңба болып өзіңдей осы.
Кітап!
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады.
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

Исмаилова Батима Умралиевна орыс тілі және әдебиет мұғалімі
Астана қаласы №57 орта мектеп
11 А сынып жетекшісі. Сертификат үшін Тәрбие.орг сайтынан Кітап – біздің досымыз Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Батима Исмаилова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: досымыз, Авторлық бағдарлама, біздің, кітап
Көрсетілім: 117 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar