Ұланымыз ұлы елдің !

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 1079
  • Авторлық бағдарлама
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17915


Өтетін орны:С.Ешбаев атындағы орта мектебінің АКТ залы
Шақырылатын қонақтар:Ұстаздар,оқушылар және мектеп әкімшілігі.
Тәлімгер:Құрметті ұстаздар.оқушылар! «Жас ұлан» «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына «Жас ұлан» «Жас қыран»оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
Назира:Қазақстан күннен-күнге өркендеп,гүлденуде.біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз.Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.
Тәлімгер:Түсініп терең,өмірдің мәнін,
Жалынды жастар,сендерсін сәнім
Беретін бойға күш-қуат,жігер
Шырқалсын шаттық,әнұран әнім
Назира:Оқушылар түзіліңдер,тік тұрыңдар!Ортаға мектеп туы енгізілсін ҚР Әнұраны ойналсын.Әнұран ойналады
Тәлімгер: Біздін ұранымыз!
Барлық топ:Біз кішкентай болсақта,Бейбітшілік тыныштық ұранымыз...
Назира: Жас ұлан-жігерлі де жайдарлы ұйым
Төл мерекең жыл сайын тойланды ұйым
Жаңғырып жанданатын жылдан жылға
Жас ұлан-жалынды ұйым,айбарлы ұйым.
Тәлімгер: «Жас ұлан» Жас қыран ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра,алдымен ұйымының мақсат,міндетін,ережелермен таныстыруға рұқсат етініздер.
Жас ұлан ұйымының әрбір мүшесі.
Қоғамдық өмірде,тұрмыста,қазақ ұлттық болмыста,халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып,ата-анасын шынайы сыйлап,олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп,өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді.Туған елін шексіз сүйеді.
Назира:Қазақстан Республика Туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемілекеттік нышандарын құрметтеп,мемілекеттік әнұранды жатқа айту керек.
Шет елдердің мемілекеттік нышандары,адамдардың немесе басқа да суреттер салынған,атаулар жазылған,киімдерді киюмен,заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
Тәлімгер:Өзін тұрмыста,қоғамдық өмірде сыпайы,қарапайым мінезде ұстайды,
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын,мәдениетін,өнерін салт-дәстүрін жақсы білу,дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
Жас ұлан мүшесі-Отанына адал.Отанының адал азаматтары.Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші.батырларымыздың атын құрметтеп,оның мәнгі қорғаушысы болуға дайындалады.
Жас ұлан мүшесі:оқуда,еңбекте және спортта өжетте қайсар,шыншыл,адал жолдас,әрқашанда шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
Назира: Білімді-көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі,жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат,талап,ережені
Орындауға бәріңде міндеттісің!
Тәлімгер:Барлық жасақ төрайымдары жасақ хабарламасын тапсырсын!(барлық жасақ мүшелері төрайымына хабарлама береді)
Ұландар түзіліңдер,тік тұрындар!жолдас тәлімгер!бүгінгі салтанатты жиынға барлдық топ оқушылары дайын.
Тәлімгер:Хабарламан қабылданды.
Назира:топтар еркін тұрындар!
Тәлімгер:Отанының ер ұланы
Жер қайысқан қалың қол
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол.
Мектеп туының астында «Жас ұлан» «Жас қыран» мүшелерінің анты берілсін!(ант қабылданды еркін тұр).1-5сынып оқушылары
Құрметті оқушылар «Жас ұлан» «Жас қыран» ұйымына қабылдауларыңызбен құттықтаймын!Егеменді еліміздің еңселі азаматтары мен азаматшалары болуларыңызға тілектеспін.
Назира: Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Дауылбаева Нұргүл апайға беремі
Тәлімгер:Ендігі кезекті (жас ұлан қатарына қабылданған оқушыларға береміз).
Сұлтан:
Біз отанның жеткеншек ұланымыз
Бейбітшілік,тыныштық ұранымыз
Әрқашанда дайынбыз отан үшін
Алғы шепте сап түзеп тұрамыз біз.
Саят:
Қасиетті галстук
Жас ұланның арындай
Бәріненде сол ыстық
Көк-көгілдір аспандай.
Қуаныш:
Ұлы елдің әлпештеген ұранымыз
Сол елге лайық болу ұранымыз
Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын
Сарқылмасын сан дауысты бұлағымыз.
Нұрпейсхан:
Ағаның жолын қуатын
Жігіт боп ертен шығатын
Отанның нұрлы талындай
Сүйетін елің жанылмай
Біз жасұлан боламыз.
Диана :
Құлпырған еліміздің қызымыз
Әзірге маңдайдағы құндызымыз
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз.
Еркебұлан:
Ата салтын ақтаймыз
Ізгілікті жақтаймыз
Жаңғыртып ата дәстүрін
Ел үмітін ақтаймыз.

Азидулла
Жарыса ойнап желменен
Биікке талай өрлеген
Бағыттан тайып көрмеген
Қашаннан қайсар ұланбыз.
Ерасыл:
Мен қазақпын,ұланымың елімнің
Мен қазақпын,тірегімнің жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген
Ертеңімен егеменді елімнің.
Ғалымжан:
Менің елім- қазақстан отаным!
Жырлар жазып,өзіңді әнге қосамын
Мәнгілікке қымбаттысын туған ел
Ата берсін,абыройың,атағың.
Нұрдәулет:
Тәуелсіздік елдің алтын діңгегі
Тәуелсіздік- ел арманы тілегі
Тәуелсіздік мәнгі жаса қазақпен
Сенсің менің қуанышым берекем

Аяулым: Тәуелсіздік құтты болсын мерекең
Ол қазақтың,ол менің де мерекем
Тәуелсіздік мәнгі жаса қазақпен
Сенсің менің қуанышым берекем.
Жомарт:
Тәуелсіздік,бабалардың ұраны
Тәуелсіздік бойға тартқан тұмары
Тәуелсіздік-түнектерде түншығып
Ызғар болып жанып қалған шырағы
Заңғар:
Армандарды жақындатып тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егеменді ел бақыты ертенгі,
О,халайық!құтты болсын қуаныш.
Гаухар:
Өмір жасың ұзақ болсын ғұмырын
Тәуелсіздік берік болсын тұғырың
Ашық болсын тәуелсіздік аспаны
Баянды боп ертеңімен бүгінің.
Назира :келесі кезекті сынып жетекшілеріне құттықтау сөзін береміз.
Ән:»Туған жер»
Құрметті: «Жас ұлан» «жас қыран»сіздердің мойындарыңыздағы аспан тектес көк галстуктердің бұл тәуелсіз еліміздің дербес мемілекет болып өмір сүру қажеттілігі ұлттық сана –сезімінің сілкіністі бастан кешіруі және халқымыздың кешегісімен бүгінгісін ертең таразылуы,сонымен қатар жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Галстук-мемілекеттік жалаудың бір бөлшегі.сондықтан әр оқушыға айтарым галстукті қадірлей ,қастерлей жүріңіздер.
Назира:жасақ түзіліңдер,ортадан мектеп туы алып кетілсің.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орманы,туы,өзені көлі бар
Қазағымның жерің,елін қорғайтын
Жас жеткеншек ұланы бар,елі бар
Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз,
Туған елін,туған жерін сүйетін
біз қазақтың ұланымыз,еріміз.
Тәлімгер:Бүгінгі Ұланымыз ұлы елдің атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
Назира:келген қонақтарымызға рахмет айта отырып,бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Ұланымыз ұлы елдің ! Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бисенбаева Айнұр Жұмабайқызы

С.Ешбаев атындағы орта мектебі ұйымдастырушы педагог

Пікірлер: 0

avatar