Үлкеннен ұлағат – кішіден ізет.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 832
  • Авторлық бағдарлама
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18852


Рухани-адамгершілік тәрбиесі дамыған жеке тұлға қалыптастыру

Тараз қаласы №47 орта мектептің
жоғары санатты педагог- психологы,
Психология мамандығы бойынша
әлеуметтік ғылымның үздік магистрі,
”Халыққа білім беру ісінің үздігі”
Ералиева Күлбадан Абдімомынқызы


Тақырыбы: Үлкеннен ұлағат – кішіден ізет.

«Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы»
Н.Ә.Назарбаев.

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық мінез – құлық пен әдет – ғұрып негізінде тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық мінез – құлқына тән негізгі адамгершілік қасиеттері мейірімділігі, кеңпейілділігі, сөзге беріктігі сияқты әдет пен ғұрып қағидаларын сақтай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру
Әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу.
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған сызбалар, Интерактивтік тақтадан көрсетілетін бейне көрініс. Психологиялық ойындарға арналған құралдар.
Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі
ә) психологиялық тренинг «Парыз бен міндет»
б) психологиялық қойылым.
Сабақ фазасы: 1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ажырату
3. Ой толғаныс.
1. Қызығушылықты ояту.
1 топ. Әділеттілік
2 топ. Әдептілік.
Әр топпен сұхбат жүргізе отырып, бар ынтаны бір мақсатқа бұрамын.

Кіріспе сөзі :
Үлкен кісі деп біздер өзімізден жасы үлкен ағаларымызды, әке-шешелерімізді, ата-әжелерімізді және солардың замандарын айтамыз. Үлкенді сыйлау, олардың айтқан өнегелі сөздеріне көңіл қойып тыңдап, зердесіне тоқу жастардың қасиетті борышы. Өйткені олар өмірдің талай өткелдерінен өтіп, көпті көрген кісілер. Олардың ауыздарынан аталы сөздер естисіңдер, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқынан өнеге аласыңдар. Олар біздің халқымыздың көне тарихын да, жаңа тарихын да, ежелгі салт-дәстүрін де жақсы білді. Біздің тарихымызда ондай кісілер көптеп кездеседі. Олардың үй ұстауы – қонақ күтуі, үлкенді – кішілі ағайын – туыстарды бауырына тартып өзара сыйласуда; жарты құрманы бөліп жеп отыратын қалтқысыз татулығы, біреуді сыртынан ғайбаттамай, әркімнің қателескен жерін ұрыс-керіссіз, ақылмен айтып ұғындыруының өзі бір үлкен мектеп.
Тренинг: «Міндет пен парыз»
Жүргізуші: Тік тұрыңыздар. Екі қол екі жақта, жаюлы алақан,көз жұмулы.Әр алаңнан сарғыш зат біреуінде парыз ол сіздің сезіміңіз-жауапкершілігіңіз. Екіншісі-психологиялық қаситтеріңіз.Өзіңіз көзіңіз жұмылулы іштей бағалап өзіңізден сұраңыз, қатынасыңыз қалай? Сезініңіз уақыт бар,шынайы тазалануға көңіл бөліңіз,тек өзіңіз үшін керек бұл...?Сезініңіз уақыт бар,шынайы тазалануға көңіл бөліңіз, тек өзіңіз үшін керек бұл... 1, 2 – қосымша көмек берейін. «Парыз» қазіргі кезеңдегі заңды талаптар, «Міндет» психологиялық қасиеттер, қобалжу, сенімсіздік, үрейді шығару, сенімділік, сабырлылық, табандылық сияқты жақсы қасиеттерді өзіне алу.
Асықпаңыздар, сол өздеріңіздің бойларыңыздағы қобалжуларды шығарыңыздар. Енді 3-4 көздеріңізді ашыңыздар, Рахмет!
Сіздерге әрқашанда сәттілік тілеймін!
Бастаушы: Сәлемдесу – тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт алып кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір-бірімен жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы екен. «Сәлем сөздің басы деуі де сондықтан болар. Мен де сөзімді сіздермен сәлемдесуден бастамақшымын. Саламатсыздар ма? Елдің ертеңгі тірегі болатын талантты да дарынды балалар! Мен қазір сіздерден тақтадағы ілулі тұрған ұлағатты сөздердің мағынасын ашып беруді сұранамын. Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау – инабаттылықтың көрінісі деген Ғабиден Мұстафин атамыздың сөзінің мағынасын ашып беріңіздер.
Отаншылдық

Инабаттылық Әдептілік

Мейірімділік Имандылық

Парасаттылық
Әділеттілік

Ар-намыс
Ар-ұят

Адамгершілік Сыпайылылық

Оқушылар жауабы:
Оқушылар өз пікірлерін айтады.
/Мағынаны ажырату/
Ұлағатты сөздер, өлеңдер оқу.
Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен-кішіні сыйлау – инабаттылықтың көрінісі деген Ғабиден Мұстафин атамыздың сөзінің мағынасын ашып беріңіздер.
Оқушылар жауабы:
Оқушылар өз пікірлерін айтады. Әрбір топтан рет-ретімен айтады.
/Мағынаны ажырату/
Ұлағатты сөздер, өлеңдер оқу.

Оқушы: Мұқағали Мақатаевтың «Көшеде» деген өлеңін мәнерлеп айтып береді.
Көшеде
Мен жолымды берейін өт қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың.
Анасының бергенін саған берген,
Аруағынан айналдым текті ананың!
Жалған-ай!
Жарасымды-ау ізет деген!
Иілген біз өтпенен, сіз өтпенен,
Қасиетін халқының сыйламайды.
Атасының дәстүрін күзетпеген.
Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, құдай
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып,
Өсиетін бабаңның орындай сал.
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.
Мен жолымды берейін, өт, қарағым,
Несін күттің, несіне көп қарадың!?
Қор болмассың құлыны текті ананың,
Жолын алсаң өзіңдей текті ағаның.

2-оқушы: Базар Қилыбаевтың бір өлеңін оқып береді.
Біздің ауыл Алатау бөктерінде
Арлы-берлі сәлем бер өткеніңде
Ізеттей бол, иіліп алдын кеспей
Ұлылық бар үлкеннің от демінде
Қолыңды бер қарт көрсең, амандасып,
Жүрген шығар, сағынып алаңдасып.
Сыншы бәрі шетінен ертеңгі күн,
Деп жүрмесін, абайла: «Балаң жасық»
Ауыл жаққа барып қайт, уай, балам,
Жатқан шығар сағынып құмай далаң.
Алатаудай қарттарға сәлем бергін,
Сынай қарап жүзінде сыр ойнаған
Бастаушы: Кәне, сыныптастар бұл өлең шумақтардан ауыл мен қала жастары туралы өз ой – толғаныстарыңды айтыңдаршы.

3-оқушы:Ата сөзі – қасиетті, киелі
Ата сөзі – жанға жайлы тиеді.
Ата сөзі - өміріме өнеге,
Ата сөзі – тек шындықты сүйеді.
Ақсақалдар халқымның кемеңгері,
Жапырағын жайқалтқан емендері.
Халықты ынтымаққа біріктіріп,
Бірлік болсын әрқашан дегендері.
4-оқушы:
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды,
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар.
Жүрегімде өмірдің қызығы бар
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Ер жетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы
Иіскеп маңдайымнан сипалайтын,
Қымбат қой, әжелердің алақаны.
Ән: Асыл әже.
5-оқушы:
Жасы үлкендер - өз алдына бір төбе,
Оларға еткен қызметің де мәртебе!
Бәрекелді, балам! – десе болғаны.
Бақ құсыңның қолыңа кеп қонғаны!
Жасы үлкендер - өз алдына бір отау.
Олар барда асқақ емес Алатау.
Айналайын, бақытты бол! – дегенде,
Жолындағы көп бөгетті жеңеді.

6-оқушы:
Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңның арайланып,
Азаматы бар ел, - деп бұл қазақтың,
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар.
Адастырмас ақ жолдан үлгісі бар.
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрі,
Зерделі ұл, зейінді қызды сынар.
Қазақпыз - қыз өсірген іңкәр қылып,
Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп.
Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,
Сайысқа түскен және тұлпар мініп!
7-оқушы:
Қандай қымбат сөз еді әке деген,
Әке емес пе, өсіріп, мәпелеген.
Әкесі бар балалар болады ерке.
Аспандағы айды да әпер деген
Ақылменен терең ойлап қарасақ
Әке деген – алдыңдағы парасат
Өміріңнің өшпей мәңгі іздері артымыздан ере берсін болашақ
Ән: Әке туралы.
8– оқушы:
Ана деген - өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық!
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады!
Балам аман болсын деп көз ілмеген
Қуат алдың, анажан, өзің неден
Адамдардан жақсылық күте алмаймын –
Ана жүрек мейірін түсінбеген.
Ән: Анашым
9-оқушы:
Ақ жеңешем, үлгі-өнеге көзіндей,
Қазекемнің дәстүрінің өзіндей.
Қалпыңмен жет келешек ұрпаққа,
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей
Ағайынға аймақ болған жеңешем,
Абысынға қаймақ жеңешем,
Жасық болмай, жайнап жүрем жаным деп,
Қайнысына қайрат болған жеңешем.
Ауылыма көрік болған жеңешем.
Қиынын да, қызығын да тең бөліп,
Жақсы ағаға серік болған жеңешем!
Ән: Асыл жеңешем.
10-оқушы: Қызмет ет халыққа,
Абырой қос даңқына.
Елдің жоқта намысын,
Сөздің тоқта нарқына.
Маңдайыңда шырақ бар,
Көкейінде бұлақ бар.
Не бердім деп халқыма
Өзіңді-өзің сынаққа ал.
11-оқушы:
Сулы жердің қасиеті – сағасында,
Шөлді жердің қасиеті – ағашында.
Ал адамдардың қасиеті –
Ешқашан өзгермейтін нағашында!
Қымбат болар туған жердің ағашы да,
Әркімнің жету керек бағасына.
Анамның ақ сүті үшін өмір бойы,
Бәріміз борыштымыз нағашыға!
12-оқушы:
Көңілдің тілейін тек тазалығын,
Аз емес арқалаған азабының
Мол өсиет қалдырған ұрпағына,
Қасиетіннен айналдым қазағымның.

Жүргізуші: Енді үлкендерден мұра болып қалған ұлағатты сөздерге кезек берейік.

Ойынымыздың аты «Кім тапқыр?»
/Ой толғаныс/
Мен ұлағатты сөздердің басын оқимын сіздер жалғастырыңыздар:
1. «Сәлем түзелмей - ...
(Жауабы: әлем түзелмейді»)
2. Жақсы адам болып қалыптасу үшін, ...
(Жауабы: Жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі зор).
3. Мейірімділікті ...
(Жауабы: данадан үйрен)
4. «Ата көрген - ...
Ана көрген - ...
(Жауабы: оқ жонар, тон пішер)
5. «Атадан ұл туса игі,
... (Жауабы: ата жолын қуса игі)
6. Ата – бабасын сыйламау - ...
(Жауабы: азғындықтың белгісі)
7. «Адамның толық бақытты болуы үшін ...
(Жауабы: аяулы отаны болуы керек)
8. жат елде сұлтан болғанша, ...
(Жауабы: өз еліңде ұлтан бол)
Жүргізуші: Ұлттық әдет-ғұрпымыздың қарым-қатынас
психологиясына тән қандай қасиеттерді білесіңдер?

Оқушы: Есікті қатты жапқанды немесе теуіп ашқанды біздің ұлтымыз ежелден әдепсіздікке санайды. Көбінесе кесір, менмен, тәкәппар, өзінің ақымақтығын артықшылық деп ұғатын адамдар сөйтеді. «Қайта келер есікті қатты серіппе» деген сөз содан қалған.
Оқушы: Төрге үлкендер мен сыйлы адамдар отырады. Бірақ ақсақал адамның босағада қалып, әлдекімнің төрге озып кетуі қазақтың үлкенді сыйлау әдетіне қайшы келеді. Әдепті жас өзі тұрып, өзінен үлкенге орын береді.
Ән: Қарттарым аман сау болсын.
Мұғалім сөзі: Өз ұлтының әдет-ғұрпын білу – үлкен мәдениеттілік. Адамның ұлттық мінезі әдет-ғұрыпты білу, сақтау арқылы қалыптасады. Сондықтан қазақ халқының әдет-ғұрпын алдымен, қазақтың ұл-қыздары білуі тиіс. Сонда ғана оны өзгелер де сыйлайды.
Сабақты қорытындылау: Сабаққа белсенді қатысқан балаларды марапаттау.
Қолданылған әдебиеттер: Ералиева К.А., «Балалардың дарындылығын анықтаудың және дамытудың ұлттық ерекшеліктері»
Әдістемелік құрал жинағы /Тараз, 2010 – 303 бет/ «ЖК Байталиев E’»
Әдеп: инабаттылық дәрістері Алматы «Рауан»1998 ж Қазақстан әйелдері, Парасат журналдары. Тәрбие.орг сайтынан Үлкеннен ұлағат – кішіден ізет. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ералиева Күлбадан Абдімомынқызы

Пікірлер: 0

avatar