ҰЛТ ҰСТАЗЫ-ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 101
  • Авторлық бағдарлама
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23268


ҰЛТ ҰСТАЗЫ-ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН





Халықтың зердесіне сәуле түсірген дала жұлдызы – Ыбырай Алтынсарин.
«Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген қазақтың шоқтығы биік зиялылары Ахмет Байтұрсынов,Қайым Мұхамедханов т.б., еңбектері қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытқаны мәлім. Шежіре дастан сонау ғасырлардан сыр шертеді. Бар жақсылықтың нұры осы мекеннен таралған. Қазақтың қазыналы көмбесі,қаймана қазақтың ордасы, қасиетті Торғай өңірінен бастау алған алғашқы қоңырау үнінің атамекені.. Қазақтың ата-баба дәстүрі, қазақтың қатпарлы тарихы жатыр емес пе? Заманның жарқын болашағын,бақытты тұрмысын арман тілегін көксейді. Байлықта, береке де халықтың игілігінде болсын деп армандаған. Ақын тіл найзасын қадаса, жүйріктер сөз саптасынан ақ аңғаруға болады. Сөз өнерінің үздік үлгісі де,сөз маржандарын еркін төккен. Алтынсарин жырларымен,ғасырлар қазынасын шежіре еткен, сол кезеңнен поэзия үні, мағыналы тәрбиелі ой естіледі. Биылғы жыл рухани уызды жыл деп есептеймін.Өткенге тағылым жасамай, келешекке қадам жасау неғайбіл? Жас ұрпақтың жаңаша ойлауына біздің жаңаша дамудың жаңа кезеңі өтіп жатыр
Қазақтың ғалым, педагог ағартушыларының ірі өкілдерінің бірі Ыбырай Алтынсаринның қызметі туралы, көзқарастары жайлы М. Әуезов, С. Мұқановтан бастап мұқият зерттеген мақалалар, құнды монографиялар жеткілікті. Дегенмен, әр заманның өз Абайы, өз Шоқаны болғаны сияқты, әр заманның өз Ыбырай Алтынсарины бар.
Биыл 175 жасқа толған Ыбырай Алтынсаринның қазақ ұлты үшін орны бөлек: ол қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист.
Ыбырай Алтынсарин ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін екі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халық ағарту жұмысы, екіншісі – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә.
Ыбырай Алтынсаринның әңгімелеріне тереңірек үңілсек, автордың ой түйінінде көптеген сыр жатқандығын аңғаруға болады.
Мұхтар Әуезов ұлт ұстазы Ыбырай есімінің әрқашан Абай атымен бірге жазылып, жатталып, таратылып жүруін бұл екеуінің үні бір, үміті бір, арман-бағыты және болашақ тағдыры бір екендігіне қисындырып еді.
Ол ұлттық тәрбиеге негіз болды.Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген.
Ыбырай Алтынсарин- жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Өзі өмір сүрген кезеңнің мұрат- мүдделерін ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға.
Ұл ұстазы, кемеңгер бабамыз білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды.Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше.
Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына
көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойларды ұсынды. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқада әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алды.
Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" ағартушылық мақсатта жазған өлеңдері халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге,бойға сіңіруге шақырды.
Ыбырай Алтынсарин өлеңдері әлі күнге дейін өз мәнін жойған емес.
Бас ұстаздың еңбектерінде өз дәуірінің елеулі мәселелерін көтере отырып, еңбекші халықтың қоғамдық санасын оятуды, тәрбиелеуді мақсат етеді.Ол, біріншіден, озық ойларының жемісі әңгіме оқушысын еңбек етуге, өмірін сырын ұғына түсуге бағыттайды. адамдық қасиеттерін еңбекке қатысына қарай бағалайды. Кемеңгер туындыларынан сол дәуірден өмір көріністерін, көшпелі тұрмыстың беймаза тірлігін көреміз. Бұл тұрғыдан алғанда ұлы педагогтың әңгімелері түр мен мазмұн бірлігін сақтай отырып, негізгі мәселені жинақы, тартымды, әсерлі жеткізеді. Өзінің озық идеяларын жеткізуде жазушы халық тілінің байлығын шебер пайдалана білді. Оның шығармаларының бұндай қасиеттері олардың жастарға да, үлкендерге де ортақ екендігін көрсетеді.
Бұл аталған ерекшеліктер жазушының барлық әңгімелеріне ортақ...
Мектеп оқулығы үшін жазылғандықтан, бас ұстаздың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады.Әңгімелерін идеялық нысанасы жағынан жүйелер болсақ, еңбекті сүю, қадірлеу, жақсы мінез- құлыққа бағыттау, халқын сүю, мейірім, перзенттік парыз, т.б. өмірдің өзекті мәселелері қамтығанын көреміз.
Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан- жақты таланты арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан зор.
Сайып келгенде, Ыбырай Алтынсарин- реалист жазушы, ағартушы педагог, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, тіл тазалығы үшін күрескер, тұңғыш кемеңгер.
Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот.Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады.
Ыбырай Алтынсариннің жұмысы жастарды үш тілді игеруге, сауатты және жоғары білікті маман болуға шақыратын елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың үндеуімен үлеседі.
Ыбырай Алтынсарин — нағыз халықшыл жазушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат. Балаларды оқыту әдістері жағынан өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ұлт ұстазы алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идеямен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарына оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырай Алтынсариндей арнайы сөз еткен ешкім болған жоқ. Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып, Қостанайдан шыққан дарабоз ақындар бала болашағы үшін, үлкен үлес қосты: А.Байтұрсынов «Тіл құралы» - қазақ тілін үйрететін оқулық, «Баяншы»- мұғалімдерге арналған методикалық кітапша, «Әліпби» кітаптарын жазды, орыс жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударды; М.Дулатов «Есеп құралы» - математикадан оқу құралы, «Қирағат» - балаларға арналған оқу құралын жазып шығарды, Ы.Алтынсарин – қазақ балаларына алғаш мектеп ашты, Ырғызда қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазып шығарды.
Қара өлеңде қыран құстай қалқыдың,
Жырларында найзағайдың жарқылы
Аялайды сан ғасырлар көтеріп,
Заңғар биік тау тұлғалы ақынын

Көлгірсу жоқ көмейінде тұнық жыр,
Ұлылықтан жаратылған ұғым бұл
Тұлпар өлең өз иесін сағынып,
Кең далада кісінейді құлын жыр.

Асылдайын асқақ жырың арайлы
Халқың сүйіп, саф алтынға балайды
Ғазал жырдың шапақ нұры шашылып,
Шуақ төгіп жүректерге тарайды- деген өлең өрнегіммен кемеңгер көшбасшы, халқына асыл өнеге ұсынған, тағылымы мол ұлт ұстазы демекпін! Тәрбие.орг сайтынан ҰЛТ ҰСТАЗЫ-ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бірманова Қымбат Исланбекқызы

Рудный қаласы әкімдігінің «№7 мектеп-гимназиясы»КММ директоры

Пікірлер: 0

avatar