Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Ұлттық киім-Бешпет тігу »
  • 12.01.2017
  • 29 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20965

«Ұлттық киім-Бешпет тігу. »
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы “Жас-Ұлан”оқұшылар үйінің дизайн үйірмесінің жетекшісі:Нурпейсова.Жанар Жалаловна
Сабақтың мақсаты: « Ұлттық киім-Бешбет тігу.»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлттық киім түрлерінің шығу тарихымен таныстыру.
Білімділігі: ұлттық киімнің түрлерін тіге білуге, үлгісін сыза білуге үйрету.
Тәрбиелігі: шеберлікке, шыдамдылыққа, ұлттық дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, халқымыздың тарихын біліп, елін дәріптей білуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау арқылы.
Сабақтың көрнекілігі: Ұлттық киім түрлерін,слайд түрінде,жәнеде дайын суреттер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың назарын өтілетін жаңа сабаққа аудару.
1. Кіріспе сөз: Жаңа тақырыппен таныстыру.
2. Үй тапсырмасына тоқталу.
Тігіс түрлерін айтып бер?
3. Жалпы киім түрі неше түрге бөлінеді?.
4. Көркем сәнді тігістер туралы түсініктеріңді айтып бер?
5. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
ІІ. Жаңа тақырып
Бүгінгі сабағымызда ұлттық киіміміздің бір түрі бешбет тігу жөнінде мағлұмат алатын боламыз.
Қазақ xалқында әйелдері киімінде бешпеттің орны ерекше.
Қазақтың-киімнің шығу тарихы
Ұлттық- ұлттық киім тәрбие бастауы
Киімі- ұлттық киім түрлері
Бешпет-Мата таңдау, киімді конструкциялау,түс үйлесімділігі.
Киімнің шығу тарихы: Әрбір халықтың тұрмыс-тіршілігінде орын алатын салт-дәстүр тарихта қалады. Қазақ салтында да көнеден келе жатқан бір дәстүрлі мәдениеті ұлттық киім. Киім белгілі бір халықтың тұрмыс салтының көрінісі. Адам баласының түрлі даму сатыларынан өткені секілді олардың ақыл- ойының өсіп, тұрмыс мәдениетінің дамуына орай киім үлгілері де жетіліп отырады.
Ұлттық киім тәрбие бастауы: Киім-кешек ұлт байлығы.Сондықтан ұлттық киімдерімізге қарап, халқымыздың эстетикалық талғамының нәзік те бай екеніне көз жеткізуге болады. Ата-бабамыз ұрпақ тәлім- тәрбиесіне өмірінің жалғасы деп қарау, «Адамның көркі шүберек» деген. Жас шамасына дәулетіне қарай үйлесімді, сауыққа да ыңғайлы киім киген.
Мата таңдау. Бешпет материалы көбінесе вельюр ,немесе жеңіл әдемі матадан, барқыт пен шұғадан да тігеді. Міндетті түрде бір түкті матадан тігілу керек. Киімді конструкциялау үшін бешпеттің сызбасы сызылады. Ол үшін мынадай өлшемдер алынады.
1. КШ- кеуде шеңбері
2. БШ-бел шеңбері
3. ЖШ- жамбас шеңбері
4. АБҰ-аралық белге дейінгі ұзындық
5. КҰ-киімнің ұзындығы
Бешпеттің сызбасы негізгі бөлікке бөлінеді: алдыңғы бой, артқы бой. Киім тігерде оның әсемдігіне, ыңғайлылығына, гигеналық талапқа сай болуына, мықтылығына назар аударылу керек. Бешпетте жең, жаға болмайды. Тек омырауға дейін ойық қалдырады.
Түс үйлесімділігі. Түс таңдау мәселесіне келсек, кез-келген киімдегі маңыздысы түсі болып табылады. Ол адамның сезіміне, көңіл күйіне күшті әсер етеді. Адамның түсі қабылдауының өз заңдылықтары бар.Қыздар көбінесе алқызыл түсті бешпет киген, қызыл түс байлықтың, күннің, оттың, өмірдің символы. Ал орта жастағы әйелдер, қарт әжелер негізінен көк, ақ түсті киімдер бешпет киген.
Көркемдік сәндік жұмыстар. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қол өнерінің ғасырлар бойғы асыл қазынасы мол, солардың әсем өрнек , қажет болғанда бешпетті кестелеуге болады. Соңғы кезде бешпетті бисермен кестелеу сәнге айналуда.
Сергіту сәті.
Сыныпты екі топқа бөліп, еңбекке, ұлттық өнерге байланысты мақал- мәтел айту, жұмбақ жасыру сайысы ұйымдастырылады.
Қорытынды.
Сабақты бекіту үшін «сергіту» ойынының әдісі қолданылады. Ойынды сыныптың бір оқушысы жүргізеді.
Үйге тапсырма
Бешпет өңіржиегіне салынатын ою-өрнек түрлерін
эскиздеп келу. Тәрбие.орг сайтынан «Ұлттық киім-Бешпет тігу » Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нурпейсова.Жанар Жалаловна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: тігу, киім-Бешпет, Авторлық бағдарлама, «Ұлттық
Көрсетілім: 29 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar