Ұлттық киімдер

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 490
  • Авторлық бағдарлама
  • 13/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22802


«Төрткүл» жалпы орта мектебі
9 «б» сынып оқушысы Қыдырәлі Меруерт
жетекшісі: ЛАУРА УМБЕТОВА

Ұлттық киімдер

Қазақ елінде ерте кезден – ақ қолөнер тарихы жақсы дамығаны білгілі.
Қолөнердің басты бір саласы киім тігу. Ерте заманнан қазіргі күнге дейін өз қасиетін, өз пайдасын, ықшамдылығын, жайлылығын сақтап келе жатқан қазақтың «Ұлттық киімі» күні бүгінге дейін өз қадірін жоймаған. Әр халықтың өз ұлттық киімі болады. Ұлттық киімі елдің салт- дәстүрін, нақышын ғана білдіріп қоймай, елдің өз символы ретінде қолданылады.
Қазақ халқында ұлттық киім 2- ге әйелдерге және ерлерге деп бөлінеді.
Сол киімдерге жеке –жеке тоқталсақ.
Сәукеле – әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оны жанына еріп жүретін құрбылары киген. Сәукеленің негізгі бөліктері – тәж, төбе, құлақбау және артқы бауы. Сәукеленің төбесі қиық конус тәрізді болып келеді. Оның төбесінде «Тәж» деп аталатын жартылай дөңгелек айдары болады.
Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекелейді. Сәукеленің төбесінің биіктігі екі сүйем,кейде одан да биік болады. Сәукелені өлшеп пішіп алып, ішінде жиі етіп сыриды. Одан соң оның сыртын қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл матамен тыстайды. Сәукелені әшекейлеу үшін әртүрлі тастарды көмкерлеп, безендіреді.Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды.
Ерлер киімінен антама етікті көреміз. Саптама етік – ішіне киізден астар салып, былғарыдан тігілетін жылы аяқ киім. Ол негізінен, қыс бойы далада қыс бойы малшыларға, механизаторларға, аңшыларға қолайлы. Саптама етік жылқының, сиырдың терісінен иленген былғарыдан, көннен тігіледі. Ол түзу табын және қисық табан болып келеді. Оның өкшесі аласа, қонышы тізені жауып тұрарлықтай ұзын болады.
Тон – қазақтың ұлттық киімдерінің бірі. Оны қойдың, ешкінің және құлынның терісінен тігеді. Тон тігетін теріге ең алдымен шел мойынан арылтады. Одан соң оны күбіге салып не ашық күйінде илейді.
Терінің иі әбден қанған кезде жүн жағын жуып тазартады да, тақыр бетінің идің қалдығын қырын тастайды. Осыдан кейін оны уқалап жұмсартады. Қазіргі кезде жергілікті кәсіпорындар қой терісінен сәндеп тігілген тондар өндіретін болды. Бұл киімдерді айтуымның себебі қазіргі күнде осы киімдерге сұраныс аз. себебі, біз шет елдердің саудасын жүргізіп қала қоймай, олардың экономикасын біз жандандырып жатырмыз. Бұдан басқа (қолғап ,мәсі, байпақ, тақия, шапан т.б) киімдерді тек мейрам, тойларда ғана киеміз. Мысалы: әйелдердің қазақша киімі жұмыс істегенге қолайсыз, әрі етегінің ұзын болуына байланысты көп кимейміз.
Бір жағынан бұл да дұрыс секілді. Менің ше өз еліміздің ұлттық киімін көп кимесекте, оларды әрдайым аяқ- асты етпей, сақтап, болашақ ұрпағымызға қалдырып, ұлттық киімдерді қастерлейік! Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық киімдер Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қыдырәлі Меруерт

Пікірлер: 0

avatar