Ұлттық тәрбиенің отбасындағы маңызы

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 135
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23000


Қойшығұлова Айна Кемеловна
Сабақтың тақырыбы:Ұлттық тәрбиенің отбасындағы маңызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Студенттердің отбасындағы ұлттық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, ұғымдарын қалыптастыру;
Дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту, ұжымдық сезімін дамыту;
Тәрбиелік: Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті:
- Отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерін кеңейту;
- Отбасының қадір – қасиеті туралы айта отырып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілдіру;
- Отбасы тәрбиесінің мән – маңызын аша отырып, ұлттық салт – дәстүрді құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

Дәйексөз
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»
Әбу Насыр әл-Фараби

Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбие:
1. «Отбасындағы ұлттық тәрбие»
2. «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»,
3. «Мектептегі ұлттық тәрбие» деп бөліп талқыланады.
2. Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.
Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар. Мысалы:
Жеті қазына Жеті ата Жеті жұт
Ер жігіт 1. Бала 1. Құрғақшылық
Сұлу әйел 2. Әке 2. Жұт (мал қырылу)
Ақыл, білім 3.Ата 3.Өрт
Жүйрік ат 4.Арғы ата 4. Оба (ауру)
Қыран бүркіт 5. Баба 5. Соғыс
Берен мылтық 6. Түп ата 6. Топан су
Жүйрік тазы (ит) 7. Тек ата 7. Зілзала (жер сілкіну)

Жеті күн Жеті ғалым Жеті әулие
Бүгін 1. Шығыс 1. Меке шәріп
Ертең 2. Батыс 2. Мәдина шәріп
Бірсүгіні 3. Оңтүстік 3. Бұхар шәріп
Арғы күні 4. Солтүстік 4. Шам шәріп
Ауыр күн 5. Аспан (жоғары ғалым) 5. Қатым шәріп
Соңғы күн 6. Жер орта 6. Құддыс (Мысыр) шәріп
Азына 7. Жер асты 7. Кәләм шәріп (Құран)

Жеті жоқ Жеті жетім
Жерде өлшеуіш жоқ 1. Тыңдамаған сөз жетім
Аспанда тіреуіш жоқ 2. Киюсіз тозған боз жетім
Таста тамыр жоқ 3. Иесіз қалған жер жетім
Тасбақада талақ жоқ 4. Басшысы жоқ ел жетім
Аққуда сүт жоқ 5. Аққу – қазсыз көл жетім
Аллада бауыр жоқ 6. Жерінен айырылған ел жетім
Жылқыда өт жоқ. 7. Замандасы болмаса – бәрінен де сол жетім


Бес қару Бес өсиет Бес намаз
Садақ 1. Топасқа сенбе 1. Таң намазы
Мылтық 2. Жауға иілме 2. Бесін намазы
Найза 3. Сақ жүр 3. Екінді намаз
Қылыш 4. Аз үйге сенбе 4. Ақшам намазы
Айбалта 5. Жарлыдан сый алма 5.Жашиық намазы

Бес жаратылыс Бес қатер
Күн 1. От
Ай 2. Жау
Жұлдыз 3. Борыш
Күндіз 4. Ауру
Түн 5. Сөз

Үш даусыз Үш арсыз Үш тәтті
Мінез 1. Ұйқы арсыз 1. Жан тәтті
Кәрілік 2. Күлкі арсыз 2. Мал тәтті
Ажал 3. Тамақ арсыз 3. Жар тәтті

Үш ғайып Үш қадірлі Үш қуат
Ажал ғайып 1. Ырыс 1. Ақыл қуат
Қонақ ғайып 2. Бақ 2. Жүрек қуат
Несібе ғайып 3. Дәулет 3. Тіл қуат



«Ойлан, жұптас, талқыла» (Салт – дәстүрлер)
1 тапсырма: Жолдасу дегеніміз не?
2 тапсырма: Жиенқұрық дегенміз не?
3 тапсырма: Босаға майлау дегенміз не?

Топтық жұмыс (Жағдаяттар талдау)
І топқа.
1. Сен құрбыңа міндетті түрде туылған күніне баруға уәде еттің. Ал ата - анаң сенің кешкі мезгілде үйден шығуыңа мүлдем рұқсат етпейді. Бұл жағдайдағы сенің әрекетің?
2. Ата - анаң, бауырларың саяхатқа бара жатыр, ал сені үйге ие болу үшін қалдырғалы тұр. Сен де барғың келеді, не істер едің?
ІІ топқа.
1. Анаң сенің дәрігер болғаныңды, ал әкең мұғалім болғаныңды қалайды. Ал саған екі мамандық та ұнамайды, өйткені сен актер болғың келеді. Сенің әрекетің?
2. Сен үйдің кіші баласысың. Алты бауырың бірінен кейін бірі, әр нәрсеге жұмсай беретіні сонша, әбден ығырың шықты? Қандай іс - әрекет жасар едің?
ІІІ топқа
1. Ата - анаң сені бесіктегі кезеңде - ақ жолдастарының баласымен атастырып қойған. Ата - анаңның айтқанын орындар ма едің?
2. Балабақшадан анасы мен баласы шығады. Анасы асығып, жол бойы сөйлеп келеді: «Тезірек, Асан, менің уақытым жоқ».Баласы қолын бұлғап, көңілденіп анасына бір нәрсе айтып келеді.Анасы оны естімейді. Кенеттен бала басын көтеріп, анасынан сұрайды:
- Мама, сен менің сыйлығымды қайда салдың?
- Тағы не! Үйге енді жетпегені сенің қоқысың еді!
Бала тоқтап қалды.
- Тез жүрші бол! Балабақшада лақтырып тастадым.
Асан қолын тез тартып алып, тез кейін жүгірді.
- Асан, сен қайда барасың, тез кейін қайт!
Бірақ бала тоқтаған жоқ.
Асанның анасының мінезін сіз қалай бағалайсыз? Осындай мінездің әдепсіздігі неден?

Әңгімелесу сұрақтары
1) Отбасы құндылығының негізі неде деп ойлайсыз?
2) «Отбасы – тәрбие бесігі» дегенді қалай түсінесіз?

Шығармашылық жұмыс
І топ – «Мен үшін қымбат анамның...» (анасының бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)
ІІ топ – «Мен үшін қымбат әкемнің...» (әкесінің бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)
ІІІ топ – «Мен үшін қымбат...» (өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді жазу)

Қорытынды.
Қазақ ұғымында отбасы – өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы. Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы. Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты. Оттың басы, ошақтың қасы – ырыстың ұйытқысы. Сондықтан қазақ отының басын тіршілігінің тұтқасы санап аялайды екен.
Топпен ән айту
«Әке, ана»

Үй тапсырмасы.
«Менің отбасым» тақырыбына презентация жасап келу

Бағалау Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық тәрбиенің отбасындағы маңызы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қойшығұлова Айна Кемеловна

Пікірлер: 0

avatar