Ұлы дала ұлағаты

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 58
  • Авторлық бағдарлама
  • 29/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23396


Сабақтың тақырыбы: Ұлы дала ұлағаты
Сабақтың мақсаты: Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаты» еңбегінің мән-мағынасын, мазмұнын ұғындыру, еліміздің осы уақытқа дейін жеткен жетістіктерімен таныстыра отырып, жасөпірімдерге тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, тәуелсіздіктің тарихын ұғындыру және тәуелсіздіктің жеткізген жетістіктерімен таныстыру, қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, дәріс, пікірлесу, сұхбат
Сабақтың көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев суреті, еңбектері, слайд.
І жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
ІІ жүргізуші: Класс жетекшілердің онкүндік аясында 10-класта өткізгелі отырған « Ұлы дала ұлағаты» атты танымдық кешке қош келдіңіздер!
І жүргізуші: – Көңіл пердесін аштым ба түріп,
ІІ жүргізуші: Көкжиек көрінді нұрлы?..
І жүргізуші: – Көгілдір аспанның астында тұрып,
ІІ жүргізуші: Көтердім көгілдір Туды!
І жүргізуші: – Кезген бір тылсым Даланы мәңгі,
ІІ жүргізуші: Кие боп кеудеме енді ме?
І жүргізуші: – Көгілдір туға оранып алды,
ІІ жүргізуші: Күн күліп сәулеленді де!
І жүргізуші: – Керуен жолдан мың адасыпты,
ІІ жүргізуші: Көнерген жылдар аңсар боп...
І жүргізуші: – Көзұшындағы Қыран да асықты,
ІІ жүргізуші: Көгілдір туға қонсам деп!
І жүргізуші: – Көңіл пердесін аштым ба түріп,
ІІ жүргізуші: Көкжиек көрінді нұрлы?..
І жүргізуші: Көгілдір аспанның астында тұрып,
ІІ жүргізуші: Көтердім көгілдір Туды!
І жүргізуші: Жаңғыртып бар даланы
ІІ жүргізуші: Шырқалды әсем сазды ән
І жүргізуші: – Шаттаны тұрып шырқады бәрі
ІІ жүргізуші: – Рухты әнім- Әнұран!
(Әнұран шырқалады)
І жүргізуші: Биыл еліміз өз Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейлі белесін атап өтті. Осы орайда, егемендігіміздің елең-алаңынан бері оны табысты басқарып, тәуелсіздігіміздің туын тіктеп, іргетасын бекемдеген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясаткерлік дарынына қоса, оның қаламынан шыққан кітаптар да әрдайым осы сындарлы 25 жылдың жылнамасы болып келеді.
ІІ жүргізуші: Қазақстан басшысының әр кітабын тек өз отандастарымыз ғана емес, әлем жұртшылығы да елеулі жаңалық ретінде қабылдайды. Таяуда Мемлекет басшысы «Ұлы Дала ұлағаттары» деген атаумен өзінің жаңа туындысын тәмамдап, баспаға ұсынды. «Егемен Қазақстанның» бетінде жарияланды.
І жүргізуші: Президент бұл еңбегінде ел мен жер¬дің тарихы және тағдыры, әлемнің және қоғамның дамуы, жас буынның алдында тұрған келелі міндеттер, басқа да көпте¬ген, соның ішінде жаһандық та мәні бар мә¬селелер туралы өзінің пайымдаулары мен ой-толғамдарын күллі адамзаттық құнды¬лық¬тармен сабақтастыра отырып баяндайды.
ІІ жүргізуші: Елбасымыздың бұл еңбегі – еліміздің 25 жылдық торқалы тойына толымды тарту екені сөзсіз. Біз бүгін Елбасымыздың еңбегінің әр бөлімінен хабардар еткелі отырмыз.
І жүргізуші: Қабыл алыңыздар, Ұлы Даламыздың ұла¬ғат¬тарынан ой түйіңіздер, қадірлі танымдық кешке қатысушы патриот жандар!
Мұғалім: Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірдегі тәуелсіз іргетасын өз қолымен қалап, туын желбіреткен Тұңғыш Президентіміз үшін Қа¬зақстан тарихының әр парағы ыс¬тық әрі қымбат. Ендеше, таяуда ғана Елбасы қаламынан туған «Ұлы Дала ұлағаттары» атты жаңа туынды да әр қазақстандық үшін аса құнды олжа болары шүбәсіз.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық торқалы тойына тамаша тарту болған осынау еңбекті тебі¬ренбей, толқымай оқу мүмкін емес.
Аталмыш туынды «Туған елім – тірегім», «Ел мен ер және жер», «Тәу-елсіздіктің тал бесігі», «Саясат салтанаты», «Туған тілдің тұғыры», «Дін мен дәстүр», «Қиырдан келсе қан¬дастар», «Өнердің өрісі кең», «Отбасы – Отан тірегі», «Қария¬ларымыз – қазынамыз», «Мұра¬ты бірдің қуаты бір» деп аталатын он бір тараудан тұрады. Тақы¬рып¬тар айтып тұрғандай әр тарау¬дың оқырманға ой салар орасан салмағы бар.«Қазақ – ойшыл халық, ақын халық. Сәби жүрегінде желпілдеген арман мен үміт, қиял мен ой көкі¬регінде сәулесі бар қазақ баласын өлең өлкесіне алып келеді. Халқымыздың ақынжандылығы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәңгілік мектеп. Телегей теңіз ауыз әдебиетінің қайнарынан сусындаған ұлтымыздың ұлы тарихындағы ұлағатты белес¬тер бұған нақты дәлел. Біз тарихын тілмен де, ділмен де жазған халықпыз», – дейді Президент осы еңбегінің «Туған елім – тірегім» деген алғашқы тарауында. Одан әрі өз ойын Елбасы: «Ұлы Даламыз кейде ашық жатқан жыр кітабы сияқты болып та көрініп кетеді. Жадыңды жаңғыртып, дұрыстап, жақсылап оқи алсаң, жан дүниең жадырап, бағзы бабалардың баян¬ды үнін, тарихтың тылсым сырын, туған еліңнің мәңгілік жырын қайыра естіп, байтақ әлемге құлашыңды кең жайғандай боласың», – деп кеңінен таратады.Елбасымыздың тіл туралы, діл туралы, ел мен жер туралы да ба¬салқы толғамдар мен парасат¬ты пайымдауларға толы тұжырым¬дары ел ертеңін ойлайтын тұғырлы тұлға ғана айта алатын өмір, қоғам, заман ақиқаты екені сөзсіз.Халқымыздың рухани игілігіне айналғалы тұрған еңбектің «Өнер¬дің өрісі кең» атты тарауында мемлекетіміздің әдеби-мәдени даму белестері жайлы сөз қозғалады.
І. ТУҒАН ЕЛІМ – ТІРЕГІМ
Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу – әрбір отандық саясаткердің, әрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы.
«Қазақтың қасиетті жері – біздің асқақ рухымыз, баға жетпес байлығымыз, мәңгілік мұрамыз. Бағзы тарихымыздың бастауында тұрған заңғар қаған Мөденің арам пиғыл аяр жауға тұлпарын, Жаратқан қосқан жұбайын да ел тыныштығы үшін қиғанымен, кіндік қаны тамған жерін бермей, қаскөй жаумен қырғын соғысқа түсіп, жеңіске жетуі – қанымыз бен жанымыздағы халықтық қасиет, өмірлік өсиет.
Біз, әрбір отандасымыз: «Менің елім – Қазақстан» деген сөзді мақтанышпен айтуымыз керек. «Қазақ баласы, сен дүниеге осы ұлттың өкілі болып туғаныңа мақтан» деген сөз ұлтымыздың әр ұланының жүрегін қуанышқа бөлеуге тиіс. Біз сонда ғана егемен ел болып әлемге таныламыз, өзімізді өзгеге сыйлата аламыз, алыс-жақынмен араласып, бір үйдің баласындай бауырласып кетеміз. Біз – жоқтан бар, иманнан ар жасаған ұрпақтың өкіліміз. «Мың өліп, мың тіріле жүріп», қайсар рух, өмірге деген құштарлықтың арқасында, ақыры тәуелсіздігімізге қол жеткіздік. Бостанбыз! Азат халық болып, Еуразияның алып аймағын жайлап жатырмыз. Бізге де қызыға қарайтын, бізден де үлгі-өнеге алатын елдер аз емес. Осыған тәубе демеске бола ма?!
Қазақ даласы – Ұлы Түркі дүниесінің қара шаңырағы. Алтай мен Атыраудың, Жайық пен Іленің, Алатау мен Сарыарқаның арасын Жібек жолы жалғаған кешегі заманды біз қайта түлетіп жатырмыз. Еуразияның алып даласы Еуропаның төріне, Аспанасты еліне жолын жалғап, жаңа мыңжылдықтың керуенді көшін ұзартып, көркін асырып келеді
«Менің Қазақстаным» – біздің тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек! Тұғырымыз да, ғұмырымыз да Тәуелсіздік! Тәуелсіздік – менің Қазақстаным, сіздің Қазақстаныңыз, бәріміздің Қазақстанымыз! Біз осы елде туып, осы елде еңбек етіп, осы елде ұрпақ өсіріп, осы елде өмір сүріп, өркендеп жатқанымызды мақтан етеміз. Біздің Қазақстанымыз – Ұлы Дала елі, Мәңгілік Ел. Біз осынау аса қасиетті атауды енді ұлттық бейне-бедеріміз ретінде көкірегіміздегі күндей ыстық, санамыздағы серттей берік ұстаймыз. Ұлы Даланың ұлық тарихын біз жаңаша жазып, жас ұрпақтың санасына сіңіреміз. Бұл – жалпыұлттық, маңызды мемлекеттік міндет. Ал міндет – орындалуымен мәнді. Демек, бұл – Ұлы Дала ұрпағының ұлағатты парызы
І жүргізуші: «Ел мен ер және жер» бөлімінде «Жерден өткен байлық жоқ: жер болса – ел болады, ел болса – ер болады»,- дейді Елбасымыз. Ендеше, ел мәселесі, саясат мәселесі жөніндегі ой –пікірімен бөлісу үшін тарих пәнінің мұғалімі
Алиев Серік Кенжеғараұлына сөз береміз.
С.К.Алиев: «Саясат салтанаты»: ...Біз - халықтық саясаттың мәртебелі мектебінен шыққан елміз. Осы елде туып-өскен ұрпақпыз. Бабаның даңқын бұлдап, бұра тартқан жеріміз жоқ. Ұлы даланың ұлағатын ұлттық тарихымыз деп бағалай отырып, жаңа тарихтың тарауларын жазып жатырмыз. Бұл орайдағы берік ұстаным - ұлттық ынтымақты ту ету. Саясаткер болу әу бастағы арманым емес еді. Тіпті, бала кезімде мұның нендей нәрсе екенін де ойлап көрмеппін. Тек, әйтеуір әкем мен анамның күнделікті қарапайым өмірі мен ауылдастарымның қоңыр тұрмыс-тіршілігі мені осы жолға - беймәлім сапарға бастап алып келіпті. Ауыл ақсақалдарының әрбірі сыралғы саясаткер, сырбаз мәмілегер екенін жылдар өткенде, талай елдер мен мемлекеттердің төрінде елім туралы толғанғанда терең сезіне түскендей болдым. Солақай саясаттың тұсында мансап мінберіне кездейсоқ көтерілген кесірлер мен зордан зобалаң көрген халқымызды кемсіткендер бізді күні кеше ғана пайда болған бұратана халық, бұралқы ел санады. Біз жоқтан бар болған халық емеспіз. Қазақ хандығы - бұдан бес жарым ғасыр бұрын шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дәуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері. Бұлар - біздің ұлы тарихымыздың көне сілемдері. Ежелгі іздің сүрлеулері бізді жаңа заманның мінберінен сөз айтуға жеткізді. Демек, саясаттың ең басты ұстанымы - бірлік. Бірлігі жеткен ел озады, бірлігі кеткен ел тозады де- ген сөздің де сорабын дөп басып айтқан халқымыз. Бірлік - біздің барлық жеңістеріміздің қайнар көзі, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің қорғаны. Бірлік бар жерде - тірлік бар. Осыны әрдайым жадымызда ұстауымыз керек. Ата тарихымыздың тұжырымдарын есте ұстап, шежіре болып айтылар ұлттық ұлағатты, тарихи ақиқатты жас ұрпақтың жадына мықтап сіңіруіміз қажет. Жас ұрпақ жүрегіне сонда жол табамыз, сонда ғана болашағына бағдар бере аламыз...
ІІ жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы дала ұлағаттары» атты еңбегінде тілге байланысты тебіренісін осылай «Туған тілдің тұғыры» деген тақырыппен бастайды. Ол тәуелсіз еліміздің сан түрлі өзекті мәселелерімен шұғылдана жүріп, ана тіліміздің тағдырын да ешқашан есінен шығарған емес. Халықтың ұлы перзенті «ең әуелі қазақ елі барда қазақ тілі өмір сүреді, өседі, өркендейді, ұлтымыздың ұлы тілі мәңгілік» дегенді нысана етіп, арғы-бергі тарихты оймен шарлап өтеді. Бұл бөлім бойынша өзінің тағылымды ойын айту үшін сөзді мектеп директорының орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері Данагулова Майра Мазжанқызына сөз береміз.
Данагулова Майра Мазжанқызы: «Бір қызық парадокс: біз өз мемлекетімізде Конституцияда жазылған заңдық күші бар бапты басшылыққа алмай, қыздырманың қызыл тіліне еріп, шапқылай береміз. Іс басында, әсіресе халықтың көз алдындағы жауап- ты қызметте отырған қазақтардың өздері мемлекеттік тілді менсінбей, өзге тілде сөйлеуге құмар болса, оған халық та, тіл де кінәлі емес. Кінәлі ұлттық намыстың аздығы, ерсі әрекетке еліктегіштік, ұлт дәстүріне енжарлық. Осы жағдайды саралай келе, он бес жылда аю да мемлекеттік тілді үйреніп алатын уақыт болды деп айтқаным бар. Бұл сөзді қазақ тілді басылымдар қанатты сөздің қатарына қосып, біраз ұшқындатты. Бірақ бұл қанатты сөзден гөрі тіл тағдырына алаңдаудың, намысты қайраудың бір жолы еді. Бұл ыңғайдағы тығырықтағы тірліктің иіні түзелер деген үміт сөзі болатын. Әрине, бұдан жиырма бес жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, бұл бағытта көп нәрсе алға жылжыды. Ұтқанымыз да, ұққанымыз да баршылық. Өкінішке қарай, ұмытқанымыз да жетіп жатыр. Ұтылмайтын жерде ұтылып, тұтылмайтын жерде тұтылып жататынымыз да жоқ емес..»
І жүргізуші: . «Дін – рухсыздық пен қанағатсыздықтың алдына қойылған ең берік қамалдардың бірі» дейді Елбасы. Бұл жөнінде сөз тарих және дінтану пәндерінің маманы М.С.Албілкеоваға сөзө береміз.
М.С.Албілекова: « Қазір исламдағы екінің бірі білмей айтып жүрген мәселе: жиһад туралы мәселе. Жиһад – ислам дінінде айтылатын ұғым екені рас. Бірақ мұның аясын тек қана лаңкестікпен шектейтін болсақ, қатты қателесеміз. Оның қазақша ұғымы белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін күш-қайрат жұмсау, ынта-жігер таныту, мақсат үшін күресу деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді қазір қару алып соғысу, өзін құрбандыққа шалу мағынасында қолданып жүр. Құранда «жиһад» сөзі 35 жерде кездеседі. Соның төртеуінде ғана «соғыс» ұғымында қолданылған. Көп адам өзін мұсылман санағанмен, Құранның жалпы мән-мазмұнымен де толықтай таныс емес.»
ІІ жүргізуші: Елбасы кітабының келесі бөлімі «Өнерлінің өрісі кең» деп аталады.Бұл тарау бойынша бізге тәлімді ой айтатын қаламыздағы мұражай қызметкері:
Өнердің өрісі кең ..Кеңестік қиранды құрылымнан мұра болып тек қана кетеуі кеткен экономика, кенеуі кепкен тұрмыстық проблемалар ғана қалған жоқ. Сағы сынған сана, жүнжіген рух қалды. Бір кезде мәдениет мәйегі атанған үлкенді-кішілі құрылымдар мен ұжымдар рухани күйзелісті бастан кешіп, сананы тұрмыс билеген кезеңде, мәдениет ошақтары мен өнер ордаларының біразы жабылып та қалды. Қысқа жіп күрмеуге келмей жатса да, ұлттық өнерге, халықтық руханиятқа қол создық. Өнер – ұлттың рухани келбеті. Мемлекеттің мәртебесі мен мерейінің шынайы көрінісі. Өнерлі халықтың өркені де баянды.«Ел іші – өнер кеніші» деген сөз бертінде пайда болғанмен, оның арғы болмысы тарихи бастаулардан тіл тартып, халқымыздың қазынасын, мәуелі мәдениетіміздің қайнарын қапысыз танытады. Әуесқойлық пен кәсіби өнердің аражігін байқап қарасақ, ол халқымыздың сан ғасырлық сүзгісінен өткен байлығын біріктіріп, оны жаңа заманға сай жаңғыртудың тың нәтижесін аңғартады...
І жүргізуші: «Қарияларымыз – халқымыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары, қоғамымыздың қадірлі қазынасы» деп қариларға ерекше көңіл бөледі.
Сөз зейнеткер ұстаз Д.Ж.Бекжановаға беріледі.
Д.Ж.Бекжанова:Қарияларымыз – қазынамыз ...Ұлы Даламыздың ұлық тари- хында жаның жадырайтын жақсы қасиеттер ұшан-теңіз. Соның бірі – дала демократиясы. Оның басты ұраны – әділдік, бірлік және ұлттық тұтастық. Атақты билердің, айбынды ақындардың аксиомаға айналған афоризмдеріне ой жіберіп қарасаң, олардағы халықтық қасиет, ұлттық ұлағат айқын көрінеді. Сондай кезде ақылман абыздың ой тереңдігіне тәнті болып, дала философиясының ұлы сарынын сезінесің. Өзегі – ақыл, өнегесі – нақыл жұртыңның асыл сөздері ұрпақтар санасына жетіп жатса, бұдан артық қазына бола ма? Ортақ абырой – Отан қуаты. Әлемдік өркениеттен өз орнын тапқан қазақ елінің бірлігі мен тұтастығы келер ұрпаққа мәңгілік міндет, халықтық қасиет болып қала береді. Бұл жолдағы ақсақалдарымыз бен кейуаналарымыздың қосар үлесі ел дамуына ерекше серпін береді деп сенеміз. Қарияларымыз – қазынамыз бар, демек тұғырымыз биік, туымыз жоғары болатынына күмән жоқ. Тұлпар мініп, ту ұстаған қазаққа Алланың ақ нұры жауа берсін!...
ІІ жүргізуші: Отбасы –діңгегіміз, тәрбие ұйытқысы. Елбасы бұл мәселені де назардан тыс қалмайды. Бұл тарау бойынша сөз ата-ана Б.Джиенбаеваға береміз.
Б.Джиенбаева: Отбасы – отан тірегі
...Жаман халық жоқ, жаман әдет бар. Жаман әдет жұқпалы. Ол жүрекке түсетін жегі құрт. Оңы мен солын танып үлгермеген, ерсі нәрселерге еліктеуге бейім тұратын аңғал жастарды адасудан сақтандырудың шараларын мемлекет біржақты шеше алмайды. Бұл – жұрт болып жұмылып, халық болып қолдап, бірлесе жұмыс жасаудың нәтижесінде жүзеге асатын мәселе. Тәрбие – тал бесіктен басталып, адамның өмір бойы үйренетін, тәлімімен сіңіретін адами қасиеттерінің халықтық мектебі. Қазақ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді. Бұл – Ұлы Даланың ұлағатты педагогикасы мен дана бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесіне мейлінше мән бергенінің айнасы.
І жүргізуші:«Жаңғырып келер жас толқын» деген бөлімінде жастарға ерекше көңіл бөлу керектігін, олардың ертеңгі ел ұрпақтары екенін айтады. Сөз 11-класс оқушысы Бекбол Майлишов Болатұлына беріледі.
Бекбол Майлишов Болатұлы: Жаңғырып келер жас толқын
.Тәуелсіздік алған тұста, әсіресе, 1993-1994 жылдары елдегі қаражат тапшылығына байланысты аса күрделі кезеңді бастан кешу ге тура келді. Нарық қатынасының қиындығы оның заңдылықтарына әлі бейімделе қоймаған халыққа ауыр тиді. Ол кезде көптеген ата- аналар үшін баласын шет елде оқыту іске аспайтын арман болып көрінетін. Қаржы тапшылығы жомарт елдің де қолын байлады. Дегенмен, тәуелсіз мемлекетімізге озық ойлы, білікті мамандар қажет екенін ескере келе, сол тұста біз тәуекел деп, жастарымызды алыс шет елдерге оқытуға бел байладық. Ол үшін арнайы халықаралық бағдарлама қабылдау қажет болды. «Бітер істің басына жақсы келер қасына» деген әдемі сөз бар .
І жүргізуші: Асқар шыңға қол созған азаппенен.
Алтын басты арландай ғажап, ерен.
Қашап салған шебердің мүсініндей.
Ұлт туылды ұлы боп Қазақ деген.
Сары арқа сал - сері сәні ме еді.
Мойынқұмды тербеген әні ме еді.
Талай талант тумастан кетер ме еді.
Ту тікпесе Керей мен Жәнібегі.
ІІ жүргізуші:
Жиылып желтоқсанда жау етегі.
Жастан - жыр, қаннан қызыл бау етеді.
Сілкіп тастап тарихты желбіреген.
Көк туға осынау жұрт тәу етеді.
Қалайша санамайсың мұны ғажап!
Ұрпағым, тегім менің, ұлым азат!
Ғасырдың жұтылмаған тозағына.
Ұлы дала, Ұлы ел, Ұлы қазақ! Тәрбие.орг сайтынан Ұлы дала ұлағаты Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: А.К.Жумагалиева

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қаласы №2 орта мектебі 11-класс жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar