Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 732
  • Авторлық бағдарлама
  • 29/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18883


Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы

Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.
Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйелерінде көптеген өзгерістер енгізілуде. Бұл, яғни математикадан терең және тиянақты білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі. Математика пәнінің ерекшелігі оқушылардың ойлау қызметі мен есте сақтауын көбірек қажет етеді. Сондай-ақ оқулықта келтірілген материалдарды немесе тарихи мағлуматтарды пайдаланып, математикалық шығарма немесе мазмұндама жаздырудың орны ерекше. Бұл кезде оқушы өз ойындағы дүниені қағаз бетінде көрсетуге тырысады. Мәселен, 5-сыныпта «Жай сандар», «Шеңбердің ұзындығы және дөңгелектің ауданы» тақырыптары бойынша шығарма жаздыруға әбден болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім өзі де есте тез сақталу үшін қызықты материалдарды қосқаны дұрыс. Пәнді оқытуда мұғалім басшылыққа алатын сыни ойлау әдісі мына жағдайларда тиімді.
1. Оқушылардың даму жүйесі дамуының байқалмайтын модельдерін бақылауына мүмкіндік береді.
2. Оқушылар сын көзбен қарап ойланады немесе іс - әрекетті терең ойлауына жағдай жасайды.
3. Талқылау және шешім табу кезінде оқушылар өз - өзімен шектеліп қалмай, басқалармен де ашық пікірлесуіне, ой түйіндеуге мүмкіндік алады.
Әр пәнде тақырыпты ашуда, оқушылардың қызығушылығын оятуда әр түрлі ребус, математикалық сөзжұмбақтар шешу, өлең шығару арқылы тақырып ашылады.
Сондықтан математика сабағын ұйымдастыру процесінде тез жаттауға немесе ұзақ есте сақтауға арналған өлең ержелерді ұсынбақпын.
5-сыныптың математика пәніндегі «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» ережелерін өлең арқылы былай түсіндіруге болады:

«Ондық бөлшектерді қосу және азайту» ережелері үшін

Үтірінің астына,
Жазып қойып үтірін.
Екі бүтін оннан бес
Бүтінінің астына
Жазып қойып бүтінін.
Екі бүтін оннан бес
Қоссам оған жетіні
Болады тоғыз бүтін оннан бес
Бөлшек орны әрқалай
Болып келсе егерде
Нөлдер тіркеп соңына
Болады ғой, теңеуге!
Қос десе мен қосамын
Азайт десе аламын.
Қасиетін сақтаймын
Азайту мен қосудың
Орындары ауысып,
Терімділікпен қосып
Есептеуге болады.
Дұрыс болса шешімің
Ұстаз көңілі толады.

«Ондық бөлшектерді көбейту» ережелері үшін

Үтірге назар аудармай
Көбейте бер қорықпай!
Бүтін сан деп есепте
Бұрын оқып өткендей
Үтірден соң қанша сан
Бөлшек орнын санаңыз
Оннан солға қанша сан
Аттап үтір қоямыз
Тапқан саның соңында
Жауап болар оңында. Тәрбие.орг сайтынан Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алимова.Г.А

Талғар ауданы Бесқайнар ауылы № 20 орта мектебі математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar