"МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ" ФАКУЛЬТАТИВ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

  • Жүктеулер: 48
  • Көрсетілім: 892
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22508


Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы
КММ «Ильичевка орта мектебі»

«Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл» факультатив
курсының бағдарламасы

Құрастырған: Жакупова Эмилия Кабдоллаевна

2016 жыл

Түсінік хат
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін — ұлы.
Шыңғыс Айтматов

Бүгінгі таңда оқушылардың дүниетанымын кеңейту және оларды шығармашылық іс – әрекетке баулу, сонымен қатар өз бетінше ізденушілік қасиеттерін жетілдіретін жұмыстардың бірі сыныптан тыс үйірме, факультатив жұмыстары болып табылатыны бәрімізге белгілі. Өз пәніне деген қызығушылықты ұстаз тек жеке басының өнегесімен ғана іске асыра алады. Бұл бағдарлама бойынша интербелсенді әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеті жоғары жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге сабақта алған білімдерін, өмірде қолдана алуға үйретуге болады. Үйірме және факультативтік жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызуғушылығын, олардың дүние танымын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады. Үйірмелік жұмыстарда әр оқушы өзінің көңілі қалайтын іспен айналыса отырып, өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алады. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бағдарламаның көмегі мен шектеліп қалмай өз ұсыныстары негізінде де өздерін көрсете алады. Әр оқушыда ашылмаған шығармашылық қабілеттер бар.
«Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол - «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Осының негізінде бұл бағдарлама «Мәңгілік Ел – Мәңгілік – Тіл» деп аталып, оқушыларды осы идеяны жан-жақты, толық, терең түсінуге байланысты біршама тақырыптар қамтылған.

Курстың мақсаты:
Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл – қазақ тілінің маңыздылығын, басымдығын көрсетеді. Бұл идеяны факультатив сабақтарда іске асыру – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуге, қазақ тілін білудің қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік беретін, жалпы тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі болып табылады.

«Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл!»
факультатив курсының бағдарламасы
5-11 сыныптар
№ Тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 «Мәңгілік Ел» - ұлттық идея ретінде. 1
2 «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығы 1
3 «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 1
4 «Мәңгілік Ел» - ұлттық дүниетанымның басты бағыты және қайнар көзі. 1
5 «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік 1
6 Мемлекеттік тіл «Мәңгілік Ел» идеясының негізі, өзегі. 1
7 «Мәңгілік Ел» құндылығы» презентация, іскерлік ойын
8 «Мәңгілік ел» идеясы және жастар 1
9 «Ұлттық идея», «Демократия деген не?» видеофильм
10 Мәңгілік ел-мәңгілік мұрат! Шығарма 1
11 Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік пен Астана. 1
12 Мәңгілік Ел – бұл Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 1
13 Мәңгілік Ел – бұл Зиялы Мемлекет және Жоғары Руханилылық. 1
14 Мәңгілік Ел – бұл инновациялар негізінде тұрақты экономикалық даму. 1
15 Қазақстанның Елтаңбасы, туы, әнұраны. (іскерлік ойын)
16 Мәңгілік Ел – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы. 1
17 Тест жұмысы. 1
18 Мәңгілік Ел – бұл ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі жаһандық қатысуы. 1
19 Іскерлік ойын «Мәңгілік Ел» құндылықтары» (дебат түрінде). 1
20 Мемлекеттік тілдің бірегейлігі. Үш тілді білу – жаһандық өмірге жолдама. 1
21 «Біз біргеміз» видеофильм 1
22 Шығармашылық жұмыс 1
23 ХХІ ғасырдың көшбасшылары. (іскерлік ойын) 1
24 Мәңгілік Ел – бұл Тарихтың, Мәдениеттің және Тілдің бірлігі 1
25 Оқушының құқықтары мен міндеттері (рөлдік ойын) 1
26 Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері. 1
27 «Қазақстан– біздің ортақ үйіміз» шығарма 1
28 Мен Қазақстанның азаматы және патриотымын. (рөлдік ойын) 1
29 «ЭКСПО деген не?» видеофильм 1
30 Менің ата тегімнің тарихы. (іскерлік ойын) 1
31 Тест жұмысы. 1
32 «Байтерек монументі» видеофильм 1
33 Қайталау 1
34 Қорытынды 1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. 2011ж. 02 ақпандағы берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
2 «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы.» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы №70-IV Заңы.
3 «Мәңгілік Ел». Патриоттық актісі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында сөйлеген сөзі. – Астана қ., 2016.- 26 сәуір.
4 «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. 2014. – 17 қаңтар.
5 «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана. – 2014. – 11 қараша.
6 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған, салтанатты жиында сөйлеген сөзі. –Астана.– 2014. – 15 желтоқсан.
7 Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр-Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың партияның XVI съездінде «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: Бес институттық реформа» атты сөйлеген сөзі. – Астана. – 2015. – 11 наурыз.
8 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясында «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» атты сөйлеген сөзі. – Астана. – 2015. – 23 сәуір.
9 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам − ұлт жоспары». − Астана. – 2015.
10 Н.А. Назарбаев – основатель казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия / Под общ. ред. Ж.А. Алиева. – Алматы: Жеті жарғы. – 2005. – 212 б.
11 Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 873 Қаулысы. 2013.02.07. берілген өзгерістермен толықтырулармен.
12 Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығы. 2016.19.04. берілген өзгерістермен.
13 Магер Ю., Тулешева Г. Одна страна – одна судьба // Казахстанская правда. – 2015. – 24 апреля.
14 Эффективная государственность Н. Назарбаева – политический эксклюзив XXІ века // Казахстанская правда. – 2015. – 28 апреля.
15. Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында ұсынылған Қазақстанның ел бірлігінің доктринасы.- Астана, 2009- 26 қазан.
16. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 147 Жарлығымен бекітілген. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы.
17. 2010 жылға Қазақстанның ел бірлігінің доктринасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № 468 Қаулысы
18. Кульжанова Г.К. Патриотическое воспитание казахстанской молодежи: проблемы и перспективы. – 2016.// articlekz.com/article/10988

Видеофильмдер.

1-11-сыныптар: «Біз біргеміз»;
1-4-сыныптар: «Отбасылық ағаш деген не?», «Мемлекеттік рәміздер»;
5-11-сыныптар: «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «ЭКСПО деген не?»;
5-7 сыныптар: «Қазақстан– біздің ортақ үйіміз», «Патриотизм деген не?», «Байтерек монументі»;
8-11-сыныптар: «Ұлттық идея», «Демократия деген не?»;
10-11-сыныптар: «Отбасы не үшін қажет». Тәрбие.орг сайтынан "МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ" ФАКУЛЬТАТИВ КУРСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жакупова Эмилия Кабдоллаевна

СҚО Тайынша ауданы КММ "Ильичевка орта мектебі" Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar