Мәңгілік - ел оқырманы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 316
  • Авторлық бағдарлама
  • 16/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20551


Қоңырова Нұрсауле Мықтыбайқызы
№39 қазақ орта жалпы білім беру мектебі кітапханашысы
Тақырыбы: Мәңгілік - ел оқырманы
Мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету. Ой – өрісін, тілін, қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Тәуелсіздік тұғырың» атты кітап көрмесі, слайд, интерактивті тақта.
1 - Жүргізуші: Армысыздар кітап сүйер қауым! Бүгінгі мектеп кітапханасының ұйымдастырылуымен өткізгелі отырған ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен қатар Ұлттық валютамыздың күніне орай «Мәңгілік – ел оқырманы» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
2 - Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Еліміздің егемендік алуы, мемлекеттің Тәуелсіздігі халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған күні, 1991 жылдың 16 желтоқсанында жер – жаһанға жария етілді. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де, қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн.
1 - Жүргізуші: Ол бүгінде Қазақстан мемлекеті дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Жалпы атамекеніміздің жер көлемі 2717 мың шаршы шақырымды құрайды. Осынау кең байтақ қасиетті топырақта өніп – өсіп өркен жайған халқымыздың бүгінгі таңдағы саны 17 миллионнан асып отыр.
2 - Жүргізуші: Бүгінгі Қазақстанымыз қашанда мақтанышымыз. Біз өзіміздің Ата заңымызбен, Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, ұлттық теңгемізбен мақтана аламыз.
1 - Жүргізуші: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы.
2 – Жүргізуші: Мәңгілік ел – ата – бабаларымыздың жүздеген ғасырлар бойы жете алмаған арманы болғаны бәрімізге айқын. Бұл арманы дүниедегі мемлекеттермен біркелкі байланыс жасайтын, дүние жүзінің картасынан ойып тұрып белгілі орын алып тұрған бостандықтағы ел деген ат алу болды.
1 – Жүргізуші: Осы арман өмірі жақсы, болашақ алдыңғы күндеріне тіке қарайтын мемлекет керек еді. Осы армандардың барлығын шындыққа айналдырдың десе болады. Мәңгілік ел қабырғасын қаладық. Жас ұрпақтың болашағын жарқын қылатын Мәңгілік ел деп сеніммен айтуға болады.
2 - Жүргізуші: Олай болса, бүгінгі өткізілетін шарамыз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа 4 – топ оқырмандары қатынасады. Ендеше сайысқа түскелі отырған әр топтармен таныс болыңыздар: 1 - Жүргізуші: 1- топ «Оқырмандар тобы»
2- топ «Мұрагер тобы»
3-топ «Елтаңба тобы»
4- топ «Шежіре тобы»
Ойыншыларға сәттілік тілейміз.
2 - Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, әр сыныптан қатысқалы отырған оқырмандарымыздың білімдеріне әділ баға беріп, төрелігін айтатын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1.Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Таяуова Салтанат Жұбатқанқызы. 2.Мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Бақтыбаева Айман Лайханқызы.
1 - Жүргізуші: «Мәңгілік – ел оқырманы» сайысымыздың бөлімдері: 1. «Оқырман жаны – сыр сандық» (Әр топ өзін таныстыру) 2. «Білім көзі - кітапта» (Әр топ сұрақтарға жауап беру) 3. «Берілген тақырыпқа сай постер қорғау» (Ұлттық рәміздеріміз) 4. «Жұмбақ шешіп, мақал айту» (Білім, кітап, Отан туралы)
5. «Мәнерлеп оқу» (Тәуелсіздік, рәміздер, ұлттық валюта, тіл туралы өлеңдер)
2-Жүргізуші: 1- бөлім. «Оқырман жаны – сыр сандық» - әр топ оқырмандары өз топтарын таныстырады. Енді кезек сіздерге беріледі: 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ
1 - Жүргізуші: 2- бөлім. «Білім көзі - кітапта», бұл кезеңде сайыскерлерімізге әр түрлі бағытта сұрақ қойылады. Ол үшін слайдта берілген кітапшалардағы бір санды таңдаңыз, соның ішінен таңдаған саныңыз бойынша сұрақ қойылады. Енді кезек сіздерге беріледі: 1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ.
2 - Жүргізуші: 3-бөлім. «Берілген тақырыпқа сай постер қорғау», әр топқа Қазақстан Республикасының рәміздерінің суретін салып, мазмұнын ашып айту.
(әр топқа плакат, карандаш, пламастер,өшіргіш )
1 - Жүргізуші: Сайыскерлеріміз дайын болғанша кезекті Абай өлеңдеріне береміз. Ортаға:
2 - Жүргізуші: Сайысымыздың 4 - бөлімі «Жұмбақ шешіп, мақал айту» . бұл бөлімде әр топқа 3 жұмбақтан қойылады жұмбақты шешіп, тапқан шешіміне мақал - мәтел құрайды.
1-топ, 2-топ, 3-топ, 4-топ.
1 - Жүргізуші: Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ – ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың, - дей келе, сайысымыздың соңғы бөлімі мәнерлеп оқу .
2 - Жүргізуші: Сайыскерлерімізге рахмет. «Ат бәйгесі білінбес, бәйгеге түспей, жарыспай» - дегендей, бүгінгі «Мәңгілік – ел оқырманы» атты сайысымызда да өз мәресіне жақындап қалды. Сайыс қорытындысы дайын болғанша кезекті әнге берелік. Ән орындайтын: Құдайбергенов Серік «Көзімнің қарасы»
1 - Жүргізуші: Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. БАҒАЛАУ; МАДАҚТАУ.
2 - Жүргізуші: Әр сыныптан қатысқан оқырмандар тобына қатарында өз білімдеріңізді, тапқырлықтарыңызбен өнерлеріңізді көрсетіп, топпен жұмыс жасау арқылы ойларыңызды бөлісіп ортаға салып атсалысқандарыңызға көп-көп рахмет!

1 - Жүргізуші: Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ.
2-Жүргізуші: Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамыздан нәр алып, сусындай берсін. Осымен бүгінгі кітапханада өткізіліп отырған «Мәңгілік – ел оқырманы» атты байқауымызды аяқтаймыз.
Сау - Саламатта болыңыздар. Тәрбие.орг сайтынан Мәңгілік - ел оқырманы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қоңырова Нұрсауле Мықтыбайқызы

Пікірлер: 0

avatar