Мәтелдер топтамасы

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 918
  • Авторлық бағдарлама
  • 23/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18802


Ақтау қаласы.
Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Балақыз Жунисова Абдурахмановна

Сөз басы
Мақал мен мәтел туралы сөз болса бәріміз мақал-мәтелдер деп қос сөз етіп, қосарлап айтамыз.Бұл кезде күрделі сөз ретінде бір ұғымда ,бір сұраққа жауап беретін туынды сөз болады. Демек мақал мен мәтел өз ара ерекшелігі бола тұра, оларды бір ұғымда қабылдап,бір дүние екен деуге болады. Олай дейтінім, мектеп оқулығында да, кез-келген мақал мен мәтелдер туралы кітаптарды ашсаң «Мақал-мәтел» деп дефис арқылы жазылғандығын көресің.Тек оқулықтарда ғана емес, барлық шығармаларда мақал-мәтелдер деп жалпы айтылады да, әрі қарай ол мақал ма, мәтел ме ара жігін ажыратпай қолданыла береді. Кейбір еңбектерде айтылғаны мәтел болса да мақал деп те қолданылады. Солай етіп оқырманды адастыруға әкеледі. Сондықтан мақал мен мәтелдер туралы сөз болғанда байқау керек. Бір қарағанда оңай көрінетіні рас. Көркем әдебиеттен және күнделікті өмірде көп қолданылатын мәтелдерді айыра білеміз. Ал сирек қолданылатын немесе тұрақты тіркестен мәтелді айыру қиындық туғызады. Әсіресе ҰБТ тапсырмаларына дайындық кезінде оқушылар-дың қиналатыны бар.
Енді ауыз әдебиеттің бұл түрін «Мақал-мәтелдер» деп берілудің орнына «Мақал мен мәтелдер» немесе «Мақал, мәтел, жұмбақтар» деп қолдану жөн деп ойлаймын. Мақал өз алдына, мәтел өз алдына бөлек оқытылса. Сонда ғана атауының өзінен олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшелігі бар, әр түрлі ұғымды білдіретін,бөлек-бөлек дүние екені аңғарылады. Сөйлем құрылысы, ішкі мазмұны жағынан мақал мен мәтелдердің өз ішінде ерекшелігі байқалып тұрады.
Бұл еңбек оқушылардың мәтел табиғатын түсінуіне көмекші құрал болады деп сенемін және мәтелдер топтамасын жинап, шама келгенше тақырыптарға бөліп, жинақ етіп шығаруды көздедім.

Байлық, кедейлік туралы
Тіленшіге жел қарсы.
Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.
Жоққа жүйрік жетпейді.
Көз бір уыс топыраққа тояды
Шапқанда байдың ұлы,
Тоқтағанда есіңе түсер.
Жарлының жары құдай.
Сауда сақал сипағанша.
Иттен сүйек қарыздар.
Ақша ашпайтын құлып жоқ.
Ақшада көз жоқ.

Ар,ұят,намыс туралы

Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.
Ер мойнында қыл арқан шірімес.
Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды.
(Махамбет Өтемісұлы)
Көп - қорқытар, терең - батырар.
Өз бетін аямаған кісінің бетін шиедей қылады.
Әкесі өлгеңді де естіртеді.
Адассаң, көппен адас.
Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.
Аға — бор, іні — тас.
Айлалы түлкі алдырмас.
Батырдың да басы екеу емес.
Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
Өзі болған төркінін танымас.
Иі қанбаған қамырды етке салма.
Қарғаны баптағанмен бүркіт болмас.
Жығылған үстіне жұдырық.
Көз қорқақ,қол батыр.
Күш-әкесін танымайды.
Жарақтыда жау жолықпас.
Оң көзіңе
Сол көзің қарауыл болсын.
Бәледен машайық та қашыпты.
Жан-жануарлар туралы
Қойшы көп болса,
Қой арам өледі.
Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Ала қойды бөле қырыққан
Жүнге жарымайды.
Ақсақ қой жатып семірер.
Семіздің аяғы сегіз.
Сүтсіз қой — маңырауық.
Арық қойда төстік жоқ.
Семіз қозы пышаққа
Сұранып тұрады.
Көп дұғасы — көл.
Желінсау қой қосақка кірмейді.

Тіл туралы
Аш құлақтан —
Тыныш құлақ.
Сөз тапқанға қолқа жоқ.
Тіл — тиексіз.
Ұлы сөзде — ұят жоқ.
Көптің аузы — зеңбірек.

Дос туралы

Көршің қолайлы болса, қораң кең.
Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.
Досыңның пышағымен мүйіз кес.
Құрдастардың құдайы бір.
Көп қорқытады, терең батырады.
Еңбек туралы

Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан – тамшы тер
Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.
Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.
Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.

Адамгершілік туралы

Су бермегенге, сүт бер,
Қолы ашықтың, жолы ашық.
Иілген басты қылыш кеспес.
Кешірерсің кешерсің,
Жетілерсің жетерсің.
Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.
Пышақты өзіңе сұқ
Ауырмаса өзгеге сұқ.
Таспен ұрғанды, аспен ұр.
Көпке күл шашпа.
Есіктен орын тапсаң, төрге озба.
Тойсаң тоба қыл.
Жеңілтектік жарға жығар.
Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
Тәуекел кемесі суға батпайды.
Сиырдың сүті тілінде.
Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма.
Ит ашуын тырнадан алады.
Темірді қызған кезде соқ.

Адам туралы
Кісідегінің кілті аспанда.
Жұпарды жасыра алмайсың
Жаным десе жан семірер
Жүні жығылғанның-күні жығылған.
Қолы қимылдағанның аузы қимылдар.
Шабан үйрек бұрын ұшар.
Сырын білмес аттың сыртынан жүрме.
Айласыз батыр алдырар.
Аузы күйген айранды да үрлеп ішер.
Бір кісі мың кісіге олжа салар.
Ер мойынында қыл арқан шірімес.
Екі жарты – бір бүтін.
Әлін білмеген әлек.

Ел, жұрт, Отан туралы
Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді.
Есің барда елің тап.
Өз елім - өлең төсегім.
Ел құлағы елу.
Саяз су сарқырап ағады.
Көппен көрген- ұлы той.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы, 1935.
2. Ақмұқанова Б. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 1950.
3. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. - Алматы: Рауан, 1994.
4. Омарова Р.С. Халық тәлімі – тәрбие бастауы // Қазақстан мектебі, 2000, №7.
5. Қалиев С. Тамыры – ұлттық, танымы – ғылыми тәрбие // Қазақстан мектебі, 1996, №10.
6. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы, 1958. – 70 б.
7. Нұрышев С. Қазақтың халық мақалдарының даму тарихы. Алматы, 1959.
8. Аққозин М. Қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы: «Қазақстан», 1990.
9. Құралұлы А. Ұлттық дүниетаным. – Алматы: «Өнер», 2002. Тәрбие.орг сайтынан Мәтелдер топтамасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жунисова Балакыз

Ақтау қаласы. ҚТЛ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar