М.Жұмабаев өмірімен шығармашылығы. "Сен сұлу" өлеңі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1117
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19050


М.Жұмабаев өмірімен шығармашылығы
"Сен сұлу" өлеңі
(9-сынып)
Бұл сыныпта Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын өтуге 2сағат берілген.
Ақын өмірінің шәкірттерге берер тәлімдік мәні зор.

Үйге берілген тапсырма:Ж.Аймауытов "Әнші"әңгімесі

Сұрақ-жауап.
1.Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімеле.Топтастыру жаса.
2.Ж.Аймауытовтың қандай шығармалары бар?
3.Әңгіменің өтетін орны қай жер?
4.Әмірхан қандай жан?
5.Әмірханның ұстаздары кім?
6.ән құдіреті шығармада қалай суреттеледі?
7.Әмірханның өмірдегі бейнесі кім?
8.Әмірханның тұрмыс-тіршілігі қандай?
9.Әмірханның сүйген қызының аты кім?
10.Әңгімеде шынай махаббат қалай суреттеледі?

Жаңа сабақ барысында М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын мынадай кесте жасап,түсіндіруге болады.
Білім алған орындары Шығармашылық өмірбаяны Поэмалары
Ауыл мұғалімінен хат таниды.
1905ж. Қызылжар медресесінде оқиды.
1910-1913жж. Уфада "Ғалия" медресесінде оқиды.
1913-1917жж. Омбы мұғалімдер семинариясында оқиды.
1923-1926жж. Москваның жоғарғы көркем-әдебиет институтын бітірді. 1912ж. "Шолпан" атты тұңғыш жинағы жарық көреді.
1912-1914жж. А.Байтұрсынов,М.Дулатовтан тәлім алады.
1917-1919жж. Алаш партиясы.Колчак түрмесі.
1919-1920жж. Орынбор мұғалімдер курсы.
"Педагогика" атты еңбегі.
1920-1922жж. Ташкет қаласында "Сана","Шолпан","Ақжол" газетінде еңбек етеді.
1922-1923жж. Қазанда,Ташкентте өлеңдер жинағы жарық көреді. "Қойлыбайдың қобызы",
"Қорқыт",
"Ертегі".
"Оқжетпестің қиясында",
"Батыр Баян",
"Жүсіпхан".

Мағжаның өмірі мен шығармашылық жолына байланысты сыршыл да,өршіл де, нәзік те лирикалық шығармалары жетерлік.
Ақынның көптеген жырлары туған еліне, халқына - Алашына арналған.Ол сан түрлі тақырыпқа қалап тербеген. Оның өлеңдері өзендей сай-салаға бөлініп кетеді.Мағжан лирикаларын мынадай кесте арқылы түсіндіруге болады.

Маржан сөзді Мағжан лирикасы
Саяси-әлеуметтік лирика
"Жазғы таң","Сорлы қазақ","Тілегім",
"Бостандақ","Күншығыс","Жаралы жан",
"Қазақ тілі" т.б.

Философиялық лирикасы
"Толындап ойнап","Өмір","Жұлдыздарға","От".

Табиғат лирикасы
"Қысқы жолда","Көкшетау","Жазғы түнде", "Көктем","Жазғытұрым","Орман" т.б.

Көңіл-күй лирикасы
"Сырым","Жан сөзі","Алдамшы өмір","Мені де өлім әлдиле","Сарғайдым" т.б.

Махаббат лирикасы
"Шолпы","Жас келін","Жімила","Жан сәулем",
"Күміс нұрлы ай","Ж-ға","З-ға","Жұлдызды жүзік","Гүлсімге","Сен сұлу".

Мағжан шынайы махаббатты сүйіспеншілікпен жырлап өткен.Ақын табиғаттың сұлулығына адам сұлулығын үлестіре жырлаған әрі шынайы суреттей білген."Сен сұлу" өлеңінен де мұны байқаймыз.

"Жанға жайлы май"
"Майда нажағай"
"Қызықты орман,кең дала"
"Көкте жүзген ай" "Сұлу" "Бәрінен де сен сұлу"
"Асқар тау"
"Жібек жылы жел"
"Түрлі-түсті гүл"

Өтілген тақырыпты бекітуде оқушылар өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.
"Сен сұлу"
1.Авторы:М.Жұмабаев
2.Тақырыбы:"Сен сұлу"
3.Жанр түрі:поэзия.өлең
3/1.Лирика. Махаббат лирикасы.
4.Идеясы:-шынайы махаббатты сүйіспеншілікпен жырлау.
5.Шумақ саны-4
6.Тармағы-16
7.Бунақ саны-3
8.Буын саны-11
9.Ұйқас түрі-а,а,б,а.(қара өлең ұйқасы)
10.Әдеби теориялық ұғымдар:
2 2 2 2 1 2
Білем анық жанға жайлы май сұлу, а/11
1 1 2 2 3 2
Жарқ-жұрқ еткен майда нажағай сұлу. а/11
3 1 2 2 1 2
Қызықты орман , көңілді еркін кең далада, б/11
2 2 2 2 1 2
Күміс табақ көкте жүзген Ай сұлу. а/11

10/1.Эпитет. "Қызқты орман","жібек жылы жел","асқар тау","өткір алтын күн".
10/2.Метафора. "Күміс табақ көкте жүзген Ай сұлу", "Әдемі аспан-төбедегі көк шатыр".
10/3.Кейіптеу."Сылқ-сылқ күліп","Жымыңдаған жұлдыздар".
10/4.Теңеу."Бейне айнадай".
11.Өлеңнің түйіні.Табиғаттың сұлулығына адам сұлулығын үйлестіре жырлау арқылы шынайы көркем сурет жасаған. Ақын мөлдір махаббатты пір тұтқан.

Үйге тапсырмаға М.Жұмабаевтың "Сен сұлу" өлеңін жаттау және "Мен де Мағжанша жырлағым келеді" деген тақырыпқа ойтолғау жазу тапсырылады.
Мағжан Жұмабаевтың үздік те көркем, нәзік сезімге толы, оптимистік сарындағы лирикаларын оқушыларға көбірек жаттату ұтымды. Жаттату арқылы жан дүниесін тебіренткен ақын жырлары олардың ақынға да,поэзияға да сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. Тәрбие.орг сайтынан М.Жұмабаев өмірімен шығармашылығы. "Сен сұлу" өлеңі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асқанбаева Қалжан Ануарбековна

Пікірлер: 0

avatar