Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Майдангер атамның ізін жалғар ұрпағымын»
  • 22.10.2016
  • 150 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19778

«Майдангер атамның
ізін жалғар ұрпағымын»


Атам Қылышбаев Нағи 1904 жылы
Батыс Қазақстан облысы,Жымпиты ауданы, Абай совхозының Көздіғара бөлімшесінде дүниеге келді.Атам ауыл шаруашылығында мал баққан. Жеті жасынан жетім қалып, Қайырбек, Қайып байлардың қойын бағып, отын-сушысы болған. Ер жетіп, етек-жеңін жинағасын өз алдына бөлек шыққан.
Содан 37жасында 1941 жылы соғысқа аттанған.
Төрт жылдан астам уақытқа созылған соғыс кезінде, әсіресе ауылдың жағдайы өте қиын болды. Соғыс кезінде әскер қатарына алынған ер – азаматтардың орның әйелдер мен жасөспірім балалар, қарт кісілер алмастырып жан қиярлықпен еңбек етті. Олар материалдық игіліктері мен ырыс – қуатты арттырды.
Соғыстың оты әрбір отбасын шарпып өтті. Ана баласынан, сүйген жар сыңарынан айырылды. Елін, жерін қорғауда өшпестей ерлік көрсеткен, ерлігі бүгінде аңызға айналған батырларымыздың есімі тарихта мәңгілік қалды.
Ұлы Отан соғысына Сырым ауданы, Көздіғара ауылынан 80-нен астам адам қатынасты, солардың 20 шақтысы ғана елге аман-есен оралған. Олардың қаншасы жараланып қайтты. Соғыс тақсіретін өз көзімен көрген, басынан талай қиыншылық өткізген менің атам, соғыс ардагері – Қылышбай Нағи.
Ел басына қиын күн туғанда қолына қару алып, соғысқа аттанған.
«Өз тілегіммен майданға келдім. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па?

Анталаған ажал. Жаңбырша жауған оқ. Соғыс көпке созылды. Жүздеген жауынгер жарақат алды, мерт болды.
Біз соғыстың от жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін, нелер сұмдықты көрдік, қорлық көріп әбден әлсіреген кеңес адамдарының неміс тұтқынынан босағанын көрдік, соғыстың алғашқы жылдарында құлдыққа түскен қыз-жігіттердің үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік?! Бұл ендігәрі қайталанбауы тиіс!» деген еді Нағи атамыз.
Елге оралғаннан кейінгі өмірлерін ел жағдайын жақсартуға арнап, аянбай еңбек етті. Атам егде тартқанша мал бағудан қалған емес. Дене бітімі шағын болса да, шымыр болатын. Атқа шауып, мал қайтарушы еді.
Қазіргі уақытта атам арамызда жоқ. Бас иіп тағзым етеміз.
Майдангер атам Нағи Қылышбаев – кейінгі ұрпаққа өз өмір жолымен, отан қорғаудағы және бейбіт өмірдегі ерлік істерімен үлгі болды.
Осындай ерліктері үшін Қазақстан Республикасының Президентінің 1975жылғы 25 сәуірдегі жарлығы бойынша 1941-1945жылдарындағы «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 30жылдығы» мерекелік медалімен наградталды .

«1985 жылғы 12 сәуірдегі жарлығы бойынша 1941-1945жылдарындағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 40жылдығы» мерекелік медалімен наградталды .


1995 жылғы 25 наурыздағы жарлығы бойынша «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығы», мерекелік медалімен наградталды .

ҚР президентінің 1978жылғы 28 қаңтарда «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығы» мерекелік медалімен наградталды.

1941-1945жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55жылдығы құрметіне «1941-1945жж соғыс ардагері» белгісі берілді.





Өмірінің соңғы кезіне дейін ақыл-есін жоғалтпай, үлгілі болып, дене шынықтырумен айналысты. Немере-шөберелеріне тағылымды естеліктер айтып, ауыл азаматтарының есінде ақылшы ақсақал болып қалды.

Нағи атамыз бала-келіндері ортасында

Оңғар Аман Бозғұланұлы
1-сынып оқушысы
ЖББ Көздіғара негізгі мектебі
Сырым ауданы,Көздіғара ауылы.

Жетекшісі: Л.К.Рамазанова Тәрбие.орг сайтынан «Майдангер атамның ізін жалғар ұрпағымын» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Оңғар Аман Бозғұланұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: атамның, «Майдангер, Авторлық бағдарлама, жалғар, ұрпағымын», ізін
Көрсетілім: 150 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar