Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
  • 15.02.2017
  • 28 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21779

М.Жүнісов жалпы орта білім беретін мектебінде Өзін-өзі тану: « Махаббат пен
Шығармашылық педагогикасы» оңкүндігінің 02.02.17-13.02.17 ж. аралығында өткендегі
есебі:
Өзін-өзі тану: « Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» оңкүндігін 02.02.2017күні саптық жиын арқылы бастадық. Ұйымдастырған: «Өзін –өзі тану» пәнінің мұғалімі Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы. Шараға 5-9 сыныптардың оқушылары қатыстырылды. Оңкүндіктің ашылу тақырыбы: «Өзін-өзі тану әлеміне саяхат».Мақсаты: Оқушыларды адамды рухани жағынан дамытып,өзінің ішкі жан дүниесіне үнілуіне, өзіндік «менің» қалыптастыруына ,өзін тануға , қоршаған ортаны тануға көмектеседі.

03.02.2017ж. күні «Әрқашан күн сөнбесін» 5-11 сыныптар арасында акция оздырылды.Ұйымдастырған тәрбие ісі жөнінің орынбасары және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Джумагалиева Л.А

04.02.күні «Алтын жүрек анамыз» атты тақырыппен саптық шара ұйымдастырылды.5-сыныптың оқушылары Сара Алпысқызына арнаған өлең шумақтарын айтты. .Баяндама Сара Назарбаеваның өмірі,еңбек жолы туралы айтылды. Ойындар,тренингтер ұйымдастырылды.Конференцияға оқушылар белсене атсалысты. Белсене қатысқан оқушылар марапаттау қағаздарымен марапатталды.Баяндамашы: кітапхана меңгерушісі:Абылғазиева Данагүл Зайдаллақызы.

07.02. күні «Жить по совести».Жауапты: «өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Лунара Ануарқызы.Сыныптан тыс шара 4 в сыныбында өздырылды. Тренингтер ұйымдастырылды, оқушылар өз ойларын ашық айта алды.Сабақ өз мақсатына жетті.

08.02 күні «Ертегілер сыр шертеді» (бастауыш сыныпқа сурет байқауы) мектеп көрмесіне қойылды.атты тақырыпта 9-11 сыныптарға өткізілді. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері, шеберліктері байқалды . Қорытынды кеште үздік сурет мадақтама қағаздармен марпатталды.


08.02 күні « Мейірімге толы жүрекпен» (мәнерлеп оқу сайысы).Ұйымдастырған: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы.Мәнерлеп оқу сайысына 5-9 сынып оқушылары қатысты.Көркемсөз Мұқағали Мақатаев,Жамбыл Жабаев,Жұмекен Нәжмеденов,Абай Құнанбайов сынды тұлғалардың жыр-шумақтарын жатқа мәнерлеп айтты.Әділқазы алқалары оқушылардың мәнерлеп айтуда белсенді оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.

09.02 күні « Қызыққа толы бұл әлем» ( сайыс сабақ).8-9 сынып оқушылары арасында өткізілді.Ұйымдастырған: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы.Қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасау,ізгілікке,мейірімділікке тәрбиелеу. Шараға 2команда қатысып, нәтижесінде 9а І – орын, 8а ІІ –орын алды.



11.02 күні «Өз талантынды аш!».(шығармашылық байқау).5-8 сынып оқушылары арасында оздырылды. Ұйымдастырған: Жұмагалиева Лунара Ануарқызы мен Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы.


11. 02.күні «Өзін-өзі тану-жалпыадамзаттық құндылықтардың бастауы»атты ата-аналармен конференция ұйымдастырылды.Жауапты: өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жұмағалиева Лунара Ануарқызы және мектеп психологы Тастенова Эльмира Серікқызы.Конференцияға барлық ата-аналар қатысты.Отбасындағы ата-ананың тәрбиесі,жалпыадамзаттық құндылықтар және балаға қауіпті ойындардың бірі « Синий кит», « Тихий дом» жайында айтылды.

11.02 күні.« Би марафоны». Шараға5-8сынып оқушыларыөз өнерлерін көрсетті. Өнерлерін «Жас Ұлан мүшелері және тәрбие ісі жөнінің орынбасары Жұмагалиева Лунара Ануарқызы бағалады.Белсене қатысқан сыныптар сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды. Көрініс қойылып,ән айтылып, би биленді.


13.02.күні.Қорытынды. Жабылу салтанаты. «Мейірімге толы жүрекпен» атты мерекелік бағдарлама.Сара Назарбаеваның туған күніне орай өмірбаяны айтылып,өмір жолы,еңбек жолы айтылады. Шараға белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады.Ән айтылып,би биленді.
М.Жүнісов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі: Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы. Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақазан ауылы. Тәрбие.орг сайтынан « Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Муфтахова Гүлбар Ерболатқызы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: шығармашылық, Пен, махаббат, педагогикасы», Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 28 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar