Мамандығым – мақтанышым

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 440
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23009


«Мамандығым – мақтанышым»


Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс жасағаныма еш өкінбеймін. Менің ұғымымда, алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – біздердің, тәрбиешілердің бұлжытпас борышымыз. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.«Адамды тәрбиелеу - демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу». А. С. Макаренко. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды енгізе отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Менің балабақшам Жаңаөзен қаласындағы №16 Жолдасова Қарлығаш Армиқызы бастаған «Ертегі» балабақшасы. Менің бұл ұжымда жасағаныма міне бір жылдан уақыт өтті. Балабақша ұжымы керемет.
Балабақшадағы әдістемелік жұмысқа жетекшілік ететін бірден - бір адам, ол - әдіскер. Басқару қызметінің негізгі ерекшеліктерімен заңдылықтарын білместен әдістемелік жұмысты сауатты ұйымдастыру мүмкін емес. Педагогикалық үрдістің тиімділігі әдіскердің барлық басқару қызметтерін бірдей дәрежеде сапалы орындауымен анықталады. Сондықтанда әдіскер мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту, тәрбие және дамыту әдістемелері және жүйелі басқару мәселелерін де білікті болуы керек. Әдіскер өз жұмысын ғылыми негізде теориялық тұрғыда сауатты жүргізе білсе, онда практикада жүйелілік, бірізділік қалыптасып, нәтижесі табысты болмақ. Әдіскердің өмірден алған тәжірибесі, қабілеті, адамгершілігі, қарапайымдылығы, мінез - құлқы әлдеқайда жоғары деңгейде болуы тиіс. Ол қандай қиын жағдай болсын, кедергілерге қарамастан педагогтармен тікелей тынымсыз жұмыс жасайды.
Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы оқу қызметтер, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен және тағы да басқа сайыс - байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізуін қолдаушы болып танылады.
Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Ұлы Абай атамыз:
«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға!» - деп жырлап кеткендей, әрбір ұстаз бұлақ түбінен асыл тас іздегендей балаға мән мен мағынаға толы білімді үйретуі керек. Бүлдіршіндерді тәрбиелеуде, тәрбиешілердің осындай қым - қуат тіршіліктен шаршамай, талмай еңбек етіп, кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік сіңіріп, өз - өзіне деген сенімділікке тәрбиелеуде тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.
Мен өзімнің әріптестеріме жаңа инновациялық, әдістемелік көмек беріп, оларға мейірімділікке, шыдамдылыққа, кешіре білуге бағыт беремін. Қызметтестеріммен тең жағдайда сырласып, тыңдап, мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, жоғары деңгейде көтере алатыныма сенемін.
Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен оны еңбегімнің жемісі деп түсінемін.
Педагогтардың осылайша шығармашылығын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теориямен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаудамын. Педагогикалық озық технологияларды оқу қызметі барысында пайдаланып, балалардың шығармашылығын дамытуға ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырамын. Баланың зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті.
Менің өмірдегі ұстанымым:
1. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, педагогтармен тең жағдайда сырласу;
2. Тәрбиешінің мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау;
3. Өз мамандығымды сүюім және мақтан тұтуым.
Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. «Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»деген Абай атаның сөзін өмірлік қағида еткен әрбір тәрбиеші, ұстаз құрметті.

Тәрбие.орг сайтынан Мамандығым – мақтанышым Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: ЕЛУБАЕВА ӘСЕМГҮЛ ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №16 «Ертегі» балабақшасының тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar