Мамандық жетістік мерейі

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 145
  • Авторлық бағдарлама
  • 25/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23383


Күнделікті сабақ жоспары

Сынып 2-курстар Күн
Пән Өзін-өзі тану
Сағат
Тақырып Мамандық жетістік мерейі
Мақсат Мамандықты таңдау үшін адам өзін, өз бейімділігін сүйіспеншілік құндылығы негізінде тануы қажеттілігін ұғындыру
Көрнекілік Дәріс оқу, түсіндіру, видео,слайд, сұрақ-жауап,тест
Әдіс-тәсіл: Дәріс оқу, түсіндіру, сұрақ-жауап
2. Өткен сабақты қайталау:

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды түгелдеу, зейіндерін сабаққа аударту
Үй тапсырмасы бойынша сұрақ қойып жауаптарын талдау.
І. Сұрақ-жауап
Дәйексөзді жатқа сұрау, мағынасын түсіндіру.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ
«Мамандықты қалай дұрыс таңдауға болады» тақырыбында видео көрсетіліп, сол видео сюжеттеріне талдау жасау.
Дәйексөз.
Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз
Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз
Әл-Фараби
Ісім оңсын десеңіз,сол істің маманы болыңыз дегенді қалай түсінесіздер?
Дәйексөз
«Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз »
К. Д. Ушинский
Дәйек сөз бойынша сұрақтар қойылады.
Әр адамға өзінің таңдаған мамандығы ұнаса, оған аса ерекше сүйіспеншілікпен қараса , жұмысына
қуана –қуана барса, әлемде қандай өзгерістер болар еді.
«Кімде-кім өзінің табиғатында не нәрсеге шеберлігі барына сезініп,өз жолына түссе ғана,көзге көрінеді...»деп мамандық таңдауда адам қабілетін ескертуді неліктен қалаған?
Түрлі мамандық иелері бар, солардың ішінен адам бір маман иесі болуды армандайды. Адам өмірі ең басты құндылық. Сондықтан да дәрігер мамандығын осы маман иесінің қыр-сырын меңгерген адам ғана осы мамандық иесі бола алады. Себебі әр маман өз ісін жақсы көрсе , жақсы нәтижелерге уайымсыз жете алады.
Дәрігер маманының бойында қандай ерекше қасиеттер болуы керек деп ойлайсыздар?
Әр мамандықтың лайықты өкілдерін ұятқа қалдырмау үшін, зиянын тигізбеу үшін, адам біріншіден өзін немен айналысқысы келетінін жүрегімен ақылдасып шешіп алғаны дұрыс. Өзінің сүйікті мамандығын тауып, мамандығына үлкен жауапкершілікпен қараған адам өзіне де, өзгеге де рахат әкелуі керек. Егер адам кез-келген мамандыққа кездейсоқ барса, ол мамандықтың мәніне жүрегімен жетпесе,ол адам сол мандықты, сол мамандықтың лайықты өкілдерін ұятқа қалдыруы әбден мүмкін.
Өсиет әңгімелерден тақырыпқа байланысты видео үзінді көрсету.
1. Видеоны талдау, сұрақ-жауап.
2. Жақсы адам тәрбиелегің келсе, оны жақсы көр.....
Мұғалім мамандығы туралы өсиет әңгімелер айтып, талқылау.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдарымен келеді. Біреулер үшін ойға алған арманның орындалу, отбасы дәстүрін жалғастырушы, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң, т.б. Мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзің, өз бейімділігін тануы қажет. Дұрыс таңдалмаған мамандық әсері мамандық иесінің ғана емес қоғамға кері әсерін тигізеді. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген адам сұрақ қоймайтын кем де кем. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Осы көп салалы мамандықтарға әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай-ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативттік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.
Ой толықтыру: (білім алушылардың ойын толықтыру)
Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %-ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтаны өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Психологтар кез келген адам өзінің мамандығына риза болуы керек, егер риза болмаса эмоционалдық тұрғыда күйреуге ұшырайды дейді. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.
Білім алушыларға психологиялық мінездеме беру.
Шарты: Квадрат,зигзаг, шеңбер, үшбұрыш фигураларын көрсетіп біреуін ойша таңдау ұсынылады. Таңдалған фигура бойынша мінездеме беріледі.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.Сенде адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық.
Қорытындылау.
Жүректен жүрекке
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!
Сабақты бекіту: Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.
Үй жұмысы: Сабақтың дәйек сөзін жаттап келу. 1.Мамандық таңдау қалтаның қалыңдығына байланысты.2.Мамандық бір-ақ рет біржола таңдалады.3.Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықтайды тақырыптарында ой өрбіту, жазбаша түрде дайындалу
Сабақты бағалау: Тәрбие.орг сайтынан Мамандық жетістік мерейі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сарымбетова Алия Аскаровна

Пікірлер: 0

avatar