«Математика көшбасшысы »танымдық ойын

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 96
  • Авторлық бағдарлама
  • 24/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23376


«Математика көшбасшысы »танымдық ойын
Мақсаты: оқушылардың білімдердің тексеру, математикадан алған білімдерін өз өмірлерінде қолдана білуге үйрету, логикалық ойлау қабілетін дамыту білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта
Түрі: сайыс.
Барысы: Ұйымдастыру.
Жарысқа 3 сынып қатысады. 2, 3, 4 сынып оқушылары қатысады.
Жоспары:
Таныстыру
1.Сәлемдесу
Бәйге кезеңі:
1. "Ұшқыр ой " ( сұраққа жауап беру 1о ұпай )
2.Мақалдың жалғасын тап.(Екі топ бір-біріне мақал айтады.)
"Блиц-турнир"
1.Логикалық сұрақтар.
2.Жеті жұрттын тілін біл
Қазылар алқасын сайлау.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты деп әділ-қазылар алқасын сайлап алу.
1.Ғылымның сырын ұғына ,
Шығындар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Серігің болсын бойыңда
Қадамдарың оң болсын
Сәт сапар , сайыс жолында дей келе оқушыларға сәттілік тілеп танымдық ойынымызды бастайық.

Топ басшылары
Алғырлар топ басшысы :
Бағаласын мына отырған халайық
Барымызды ортаға сап қарайық
"Білімді мыңды жығар " деген бар ғой,
Білімпазды бірігіп саралайық.
Тапқырлар топ басшысы:
Көп алып уақытты біз саласпайық
Орынсыз өзімізге бал ашпайық
Сайыста біз тезірек
Білімпазды тезірек бастайық та даралайық.
2.Сәлемдесу.
Білімдер :
Армандарға қол соғумен келеміз
Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз
Біліммен қаруланған тобымыз
Қарсыласты қалайда біз женеміз.
Тапқырлар:
Қиындықтан сірә біз қашпаймыз
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Ұшқыр ой
Білімділер
1. 1 дм неше см болады? (10см)
2. 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. (98)
4. Периметрді қалай табамыз? (төрт қабырғасын қосамыз)
5.1 сағатта қанша минут бар?60минут
6. 1 жылда қанша күн бар?
7. басқару саласындағы ең жоғарғы лауазмды тұлға
/Президент/
8.Жер бетіндегі керемет сан ?(7)
9. ҚР -сы қай жылы тәуелсіздігін алды? (1991 ж 16 желтоқсан)
10. 30 тамыз қандай күн?(Конститутция күні
Тапқырлар
1.Жер бетінің қағаз бетіне кішірейтіліп түсірілген бейнесі
/Карта/
2.Ең үлкен уақыт өлшемі /Ғасыр
3.Ұзындықөлшембірліктеріната. (см м мм дм км)
4. Қарама – қарсықабырғаларыөзаратеңгеометриялықфигуранықалайатаймыз? (шаршы)
5. Ең үлкен үш таңбалы санды ата. (999)
6. Қосуға кері амалдыата. (-)
7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? (жексенбі)
8. Шаршыдеген не? (қарама-қарсы қабырғалары өзара тең)
9. 9+7 өрнегінің мәніқанша? (16)
10. 7 ондық 0 бірліктентұратынсандыата. (70

Блиц-турнир
Логикалық сұрақтар
Білімділер тобына
1.Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді?(Құс жолы)
2.Елеуішпен су әкелуге бола ма?(Болады ,мұз күйінде )
3.Көзіңмен көресің бірақ қолыңмен ұстай алмайсың?(көлеңке)
4.Жаңбыр құйып тұр ,қарлығаш қандай ағашқа қонады?(Су ағашқа)
5.Шай қайнатып шағала,
Бәрін шайға шақырды
Келді тоғыз шағала
Неше шағала шай ішті.(10)
6. Қандайбөшкеге су құюғаболмайды? (тесік)
7.Суда қандайтасжоқ? (Құрғақ)
8. Жердіңқақортасында не бар? (Е әрпі)
9. Бос ыдыстанешеқұлпынай бар? (ештеңежоқ)
10.Екі адамшахматты 2 сағатойнады. Бірадамнешесағат ойнайды?2сағат
Тапқырлар тобы
1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты
Аңшылар біреуін атып алды
Қаншасы қалды?( Түйеқұс ұшпайды)
2.Бір ата мен әженің 5 баласы,
3 ешкісі,5 қойы,2 түйесі бар
Олардың неше баласы бар? (5 баласы)
3.Қандай кірпінің тікені кірмейді?(жаңа туған)
4.Ұзындығы 10 метр жіптіәрбөлігі 2 метр болу үшіннешеретқиюкерек ? 5
5.Үш қызбірсыныптаоқиды. Айгүл, Гүлназ, Айнаш. АйгүлГүлназданүлкен, ГүлназАйнаштанүлкен. Кімсондаүлкені? Айгүл
6.Бақытжанның 4 ұлы, олардыңәрқайсысыныңтуғанқарындасы бар. Бақытжанныңнешебаласы бар? 5баласы бар.
7.Айдос үйдің 6-қабатында тұрады, ал Жандос осы подъездің 3-қабатында тұрады. ЕгерАйдосқадейін 60 баспалдақболса, Жандосқадейіннешебаспалдақ бар? (30).
8.Үстелдің бірбұрышыкесіпалынды. Үстелдеендінешебұрышқалды? (5)
9.Алмұрт алмаданауыр, ал алмаөріктенауыр. Алмұртауырма, әлдеөрікауырма? (алмұрт)
10. Емендеүшбұтақ, ал әрбұтақтаүшалмаданбар.Барлығынешеалма? (емендеалмаөспейді)

Жеті жұрттың тілін біл бөлімі
1. Мұрты бар, иегінде сақал жок,
Тон бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінекн табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапар жоқ.
(Мысық - кот - cat)

2. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы
(Ит - сабака - dog)

3. Футболшының алаңдағы ойын заты
(Доп - мяч - ball)
4.Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. (қар-снег)
5.Үстінде екі тауы бар,
Өзі үлкен жануар . (түйе-верблюд)
6.Өзі айлакер,өзі бір қу
Жүрген жері айқай да шу. (түлкі-лиса )
7.Жаны жоқ болса да ,
Ақылды адамның ісін істейді. (кітап-книга)
8.Көкпеңбек еді көктемде,
Қызарады күн жеткенде. (алма-яблока)
9.Күндіз-түні сыртылдайды,
Жүрісінен бір тынбайд. (сағат-часы)
10.Балдай тәтті
Мұздай қатты.(балмұздақ,мороженно)
11. Әр адамның шағын отаны
( Жанұя - семья - family)

12. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)

13. Ер қанаты(Ат)
(Ат - конь - horse)

14. Ердің(екі) сөйлегені өлгені
(екі - два - two)
15. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі.
(Көктем - весна - spring)
16.Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс , жүгірген аң -бәріне тең.
Адамзат , жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген. (жер-земля)
17.Қараңыздар бәріңіз,
Әне ақшыл , сары қыз
Суда тұрып билейді,
Қырға шыға білмейді. ( қамыс ) Тәрбие.орг сайтынан «Математика көшбасшысы »танымдық ойын Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar