МАТЕМАТИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ПРАКТИКУМЫ АВТОРЛЫҚ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ 8 СЫНЫП

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 367
  • Авторлық бағдарлама
  • 25/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20690


Курс бағдарламасын құрастыруға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 сәуірдегі №375 «Жалпы білім беру ұйымдарында (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) типтік қызмет ережелерін бекіту туралы» бұйрығы, мектептің вариативті оқу жүктемесі (лицей компоненті), Ж.Ш. Шарипова «Математиканы теориялық және практикалық жағынан тереңдетіп оқытатын бағдарлама» (7-9 сыныптарына арналған) Жоба. Астана, 2010 жыл, 48 бет негіз болды.
Курс бағдарламасы орта мектеп бағдарламасына сай 8 сынып оқушыларына арналған. Бағдарлама аптасына 2 рет, жыл бойына 68 сағатқа негізделген.
«Математикадан есептер шығару практикумы» курсын оқыту оқушылардың ой-өрісін кеңейтетін есептерді, бірнеше дұрыс шешімдері болуы мүмкін есептерді, шешімі қайшылық тудыратын есептерді, практикалық мәні бар және тағы басқа тұрмыстық, өндірістік талаптардан туындайтын есептерді қарастыруға тіреледі.
«Математикадан есептер шығару практикумы» курсының оқытылу құрылымы негізі бағдарламада қарастырылған материалды тереңдетіп оқытуға арналған. Курста қиындығы жоғары есептер, қалыптан тыс есептер қамтылған, бұл оқушыларды пәндік олимпиадаларға дайындалуына мүмкіндік береді. Материалдар курстың негізгі тақырыптарын жинақтап, қорытындылауды қамтамасыз ететіндей квадрат түбір, квадрат түбірдің жуық мәні, арифметикалық квадрат түбірінің қасиеттері, құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру, квадрат теңдеудің түрлері, квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары, Виет теоремасы, квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулер, квадраттық функция және олардың графиктері, квадрат теңсіздіктер, квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика тақырыптары бойынша оқушылардың білімдерін тереңдетіп, кеңейтетіндей етіп іріктелген деңгейлік тапсырмаларды пайдалана отырып есеп шығаруға көп көңіл бөлінеді.

Математиканы тереңдетіп оқыту ең алдымен берілген материалды жоғары деңгейде меңгеруді қарастырады және ол төменде келтірілген талаптарда айқындалған.

Курстың бағдардарламасының мақсаты:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын, өз бетінше жұмыс істеуін арттыру мақсатын да әр түрлі деңгейдегі есептер мен қатар логикалық стандартты емес есептерді шығарудың әдістерін меңгерту, білімдерін көрсете білуге баулу.

Міндеттері:
- оқушылардың ойлау сапасы мен олардың жан жақты қалыптасуын, бәсекеге қабілеттілігін дамытуға жағдай жасау.
- оқушыны есепті шешудің әртүрлі әдіс тәсілдерімен қаруландыру.
- есептің шешімін өздігінен таба білуді үйрету.
- оқушылардың математикаға деген тұрақты қызығушылығын арттыру.
- оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Тәрбие.орг сайтынан МАТЕМАТИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ПРАКТИКУМЫ АВТОРЛЫҚ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ 8 СЫНЫП Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кысабекова Гулназ Бегежановна

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, №7 мектеп - лицейі математика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar