Мейірімділік әлемі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 428
  • Авторлық бағдарлама
  • 31/Авг/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19405


БҚО, Орал қаласы
№39 «Салтанат» бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Каленова Асель Аманкосовна
Тақырыбы: «Мейірімділік әлемі»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке , қайырымдылыққа тәрбиелеу. Достарына қол ұшын беруді үйрету. Жалпы адамзаттық құндылық- сүйіспеншілікті балалар жүрегіне жеткізу. Балалар бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
Қажетті көрнекі құралдар: слайд, құстың ұясы, балапан, үнтаспа, қол сүртетін төрт түрлі қағаз сүрткіш.
1.Мотивациялық-қозғаушылық
-Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен осындай ақылды, мейірімді, әдепті балалармен кездескеніме қуаныштымын.
-Ал қазір, балалар бізге келіп отырған қонақтармен амандасайық.
Кім кезіксе біздерге, таныс емес демейміз,
Аға, тәте, әпкеге дейміз сәлеметсіз бе?
Шаттық шеңбері.
Күнге қарап қолымды
1,2,3 деп соғайын (қолды соғу)
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын (бір-біріне қол бұлғау)
Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайыңнан сипайын (сипау)
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын (жүректі ұсыну)
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер, қысайын (қолды қысу)
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын (құшақтау)
2.Ұйымдастырушылық ізденістік іс-әрекет
Әуенмен Дара кіреді
-Сәлем , достар. Сендер мені танып тұрсыңдар ма? Мен саяхатшы Дарамын. Менімен саяхатқа шығуға қалай қарайсыңдар?
Осы тыныштықта теңбілшердің үні естіледі. Ыр-ыр-ыр.
Тәрбиеші:Балалар , бұл ненің дыбысы? Ол қайда екен , іздеп көрейікші. Ой, қараңдар мұнда екен. Бұл не? Ягуардың баласын қалай атаймыз?
Дұрыс , балалар. Ягуардың баласын теңбілшер дейміз.
(Тәрбиеші теңбілшерді қолына алады.)
Теңбілшер: Ыр-ыр-ыр мен адасып қалдым, досымды да жоғалттым, көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: Балалар, бұл не? Оның досы кім деп ойлайсыңдар?
Дара: Балалар, мен оны танимын. Ол менің ағам Диегоның теңбілшері.
Тәрбиеші: Олай болса, теңбілшерге үйі мен досы Диегоны табуға көмектесейік.
Теңбілшер, сен уайымдама.Біз сенің үйіңді тауып береміз.
Теңбілшер: Алақай, сендер менің үйімді, досымды тауып бересіңдер ме?
Көңілімдегі күдік сейілді ғой.
Дара: Олай болса, жүріңдер, балалар.
(Томпақты кездестіреді)
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе? Сіз кімсіз?
Томпақ: Сәлем. Мен өзге ғаламшардан келдім. Атым Томсиру Жексипах.
Тәрбиеші: Жақсы. Ендеше бізге қош келдің. Олай болса , біз сені Томпақ деп атай берейік.
Томпақ: Жақсы. Ал сендер қайда бара жатырсыңдар?
Дара: Біздер теңбілшердің үйі мен оның досы Диегоны іздеуге көмектесеміз. Сөйтіп біз достарымызға көмектесіп, мейірімді, қайырымды іс жасаймыз.
Тәрбиеші: Балалар, ал мейірімділік, қайырымдылық дегеніміз не? Кім қалай түсінеді?
(Балалар өз ойларын айтады)
Томпақ: Балалар, мен әлі де ештеңе түсінбедім.
Тәрбиеші: Олай болса,Томпақ сен бізбен жүр. Сонда бәрін түсінесің.
Томпақ: Жарайды.
Осы кезде балапанның даусы үнтаспадан естіледі.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы балапан өз ұясынан құлап қалыпты. Енді не істейміз?
Балалар: Балапанға көмектесеміз .Оны қайтадан өз ұясына саламыз.
(Балапанды ұясына салады.)
Дара: Олай болса әрі қарай теңбілшердің досы Диегоны іздеуге аттанайық.
(Судың сарқыраған дыбысы естіледі)
Тәрбиеші: Бұл не? Сендер ненің дыбысын естіп тұрсыңдар? Теңбілшер суда мекендей ме, балалар?
Балалардың жауабы.
(Орманның, аң- құстардың дыбысы естіледі)
Тәрбиеші: Балалар, бұл ненің дыбысы? Бұл жер қалай аталады?
Балалар: Бұл орман. Бұл жерде ормандағы аң-құстардың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші: Олай болса бұл жерде теңбілшердің үйі болуы мүмкін бе?
Балалардың жауаптары.
Балалар, олай болса осы жерден теңбілшердің үйі мен досы Диегоны іздейік.
(Әуенмен Диего келеді)
Диего: Сәлем, Дара. Сәлем, балалар.Сендер менің досым теңбілшерді көрмедіңдер ме? Мен оны жоғалтып алдым. Оның қарны ашып , тоңып қалған шығар.
Дара: Міне сенің теңбілшерің.Балалар оны тауып алған.
(Диего теңбілшерді құшақтайды.)
Дара, балалар сендер менің теңбілшерімді де, мені де қуанттыңдар. Көп рахмет, балалар. Сендер өте мейірімді, қайырымды екенсіңдер.
Дара:Диего, бізге басқа ғаламшардан келген жаңа досымыз Томпақ та көмектесті.

Диего: Жарайсың, Томпақ, рахмет саған.
Томпақ: Балалар, мен сендер секілді дос тапқаныма қуаныштымын. Мен сендердің арқаларыңда қайырымдылық, мейірімділік, достық, өзгелерге жақсылық жасаудың не екенін түсіндім. Енді мен де унемі мейірімді болып айналамдағыларға жақсылық жасауға тырысамын. Рахмет, сендерге , достарым. Енді менің өз ғаламшарыма қайтатын уақытым болды. Сау болыңыздар!
Балалар: Сау бол, Томпақ.
Тәрбиеші: Балалар, біз досымызды шығарып салдық. Ал, балалар,достық сөзі орыс, ағылшын тілдерінде қалай болады? Ал, мейірімді сөзі ше?
Достық- дружба-friendship
Мейірімді-добрый-kind
Балалар достарымыз қуанып тұр екен . Олай болса достарымызға арнап «Достық» әнін орындайық.
3. Рефлексиялық- түзетушілік іс- әрекеті
Тәрбиеші: Балалар, сендер Диего мен оның досын әрі қарай қуантқыларың келе ме? Олай болса , балалар шығармашылық орталыққа жақындайық.
Мен әрқайсыңа әртүрлі қол сүртетін қағаздан беремін. Одан Диего мен теңбілшерге ойнайтын доп жасайық. Ол умаждау әдісі арқылы жасалады.
Тамаша, енді осы доптарды Диего мен теңбілшерге сыйлайық.
Қорытындылау:
Бүгінгі оқу іс- әрекетіміз сендерге ұнады ма?
Біз не істедік?
Мейірімділік, қайырымдылық дегеніміз не?
Міне, балалар, қайырымды болсаңдар, жүректерің мейірімділікке толы болса сендерді бәрі жақсы көреді. Бүгін барлығың бірігіп теңбілшердің үйі мен досын тауып бердіңдер. Бұл деген достық, мейірімділік, сүйіспеншілік. Қараңдаршы, теңбілшер мен оның досы Диего қалай қуанып тұр. Рахмет сендерге. «Адамның жүрегі – сүйіспеншіліктің алтын ұясы» деген осы, балалар. Балалар, сендердің жүректерің әр уақытта осындай үлкен, кең болсын!
Жүректен- жүрекке: Біздің топта ұл- қыздар
Тату- тәтті ойнаймыз
Айналаға, бар адамға
Тек мейірім сыйлаймыз Тәрбие.орг сайтынан Мейірімділік әлемі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Каленова Асель Аманкосовна

Пікірлер: 0

avatar