Мектеп формасы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 377
  • Авторлық бағдарлама
  • 15/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23506


Қазақ тілі:6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Мектеп формасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мектеп формасы туралы ақпарат беру. Септік жалғауларын дұрыс қолдана, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Берілген тақырып аясында оқушылардың білімдерін толықтыру, жүйелеу, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: Тәрбиелік: тазалыққа,жинақылыққа және мейірімділікке баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасап, сөздік қорларын толықтыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1.Амандасу, түгендеу.
Сәлемдесу.Сәлеметсіздер ме,балалар!
Ә) Кезекшімен сұхбаттасып, оқушыларды түгендеу. - Кезекші кім? -Сыныпта кім жоқ?
Сабақты психологиялық дайындықтан бастау.
2.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау.
ІІ.Жаңа білімді меңгерту. Жаңа тақырып. Суретте не көріп тұрсыңдар? Бүгінгі тақырыбымыз мектеп формаларына арналады.
Сабақтың мақсаты: Мектеп формасы туралы ақпарат алу. Септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету. Берілген тақырып бойынша білімдерін толықтыру, жүйелеу, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту.
-Енді дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.
Вагондар тізбегі әдісі. Мектеп тақырыбына сөздер айту
Сұрақтар қоржыны» әдісі арқылы топтар сұрақтар әзірлейді, әр топ ол сұрақтарға жауап береді. Мысалы :
Сен қай мектепте оқисың?
Мектеп кімнің атында?
Мектеп неш қабатты?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Мектепте қандай кабинеттер бар?
Сенің сыныбында неше оқушы?
Суретте не көріп тұрсыңдар? № 1. Қазақ жеріндегі ең алғашқы мектептердің оқушыларында мектеп формасы деген ұғым мүлде болмады десек те болады.
Слайд /2 Тек қана, Кеңестер Одағында, оның ішінде Ресей мемлекетінде 1918 жылы оқушының оқушы екендігін білдіретін нышан ретінде арнайы мектеп формасы бекітілді. Бір ғасырға жуық уақыт бойы Кеңес Одағы мектеп формасына бірнеше рет өзгерістер енгізді. Нәтижесінде қыз балалар – мереке күндері қызыл-қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.
Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналды. Оған қосымша қара және қызыл қоңыр түсті бантиктерді (шеру кездерінде ақ бантик) байлап жүруге талап қойылатын болған. Сонымен қатар, пионерлер - қызыл галстук, комсомолдар - кеуделеріне жұлдызша тағынатын болды.
Мектеп формасы жайлы да қолайлы, әрі жұмыс күні үшін ыңғайлы болуға тиіс. Оқушыларға мектепке сай форма кию талап етіледі


Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Жаңа сөздермен жұмыс істейміз.
Тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысайық.Жаңа сөздерді оқу,сөз тіркесін ,сөйлем құру.
мектеп формасы – школьная форма жаға - воротник
ұғым – понятие қарапайым - повседневный
алмалы-салмалы – съемный ыңғайлы – удобный
белдемше – юбка ақ жейде – белая блузка
а) Сөз тіркестерін аударыңдар.
Школьная форма должна быть удобной
Сьемный воротник
Классическая юбка
Повседневная одежда
Белая блузка короткая

Кері байланыс.

Мәтінмен жұмыс.
Жеке-жұптық жұмыс.
1. «Scanning» әдісі ( нақты ақпараттарды табу үшін оқу).Негізгі ойы қай сөйлемде.
2. “Skimming” (мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу) -мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу.
Дескрипторлар:
- жаңа сөздерді анықтайды
- сөздік жұмысын жүргізіп, мағынасын түсінеді
3.Бірлескен оқылым. «Сканерлеп оқу» әдісі арқылы жүзеге асады. Оқушылар мәтінмен танысады. Оқушылар мәтінді оқиды, мәтінге жоспар құрады.
Жұптық жұмыс «Жұптық әңгіме» әдісі. Оқушылар өзара жоспарларын қарастырады. Ортақ жоспарды алып шығады.Мәтіннің негізгі тақырыбы мен идеясын ашады
Мысалы, Мәтіннің тақырыбы: мектеп формасы
Мәтіннің идеясы:Мектеп формасын сақтау
1-тапсырма: «Сұрақтар шеңбері» әдісі. Әр топ тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар құрастырады
КЕРІ БАЙЛАНЫС: - Қай топтың сұрақтары мәтіннің мазмұнын ашты деп ойлайсыздар?
Бағалау критерийлері Ойлау деңгейі Дескрипторлар
Мәтінді оқып,нақты ақпаратты таба біледі,жоспар , сұрақтар құрастырады түсіну, қолдану, талдау Мәтінді оқиды, жоспар құрастырады
Мәтінге сұрақтар құрастыра алады

Мәтінді слайд арқылы оқу.
Қазақ жерінде ең алғашқы мектептердің оқушыларында мектеп формасы деген ұғым болмаған. Кеңестер Одағында, оның ішінде Ресей мемлекетінде 1918 жылы оқушының оқушы екендігін білдіретін арнайы мектеп формасы бекітілді.
Уақыт өте келе мектеп оқушылары қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағып жүретін болған. Қыз балалар мереке күндері қоңыр түсті көйлек пен ақ фартук киіп, бастарына бантик байлаған.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін қыз балалар ақ жейде мен қара белдемшелер, ұл балалар ақ жейде мен қара шалбар киетін болды.
2006 жылдан бастап мектептер бірыңғай мектеп формасына көше бастады.
Сұрақ-жауап
Қазақ жерінде ең алғашқы мектептерде оқушыларда мектеп формасы болды ма?
Ресей мемлекетінде арнайы мектеп формасы нешінші жылы бекітілді?
Ресей мемлекетінде 1918 жылы мектеп оқушылары үшін не бекітілді?
Мектеп формалары қандай болды?
Қыз балалар қарапайым күндері қандай түсті фартук киген?
Мереке күндері қыз балалар қандай түсті фартук киген?
Жағалары қандай болған?
Қыздар шаштарына не байлаған?
Қыздардың көйлектерінің түстері қандай болған?
Қыздар қара фартукты қай күндері киген?
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін балалар мектепке қалай киінетін болған?
Ұл балалардың шалбары қандай түсті болған?
Мектептер бірыңғай мектеп формасына қай жылдан бастап көше бастады?
Деңгелік тапсырмалар.Топтық жұмыс.
1-топ" Сэнквейн жазу.
Бес жолды өлең"стратегиясы
1. зат есім мектеп
2. сын есім (2сөз)
3. етістік(3 сөз)
4. сөйлем(4 сөз)
5. Зат есімге мәндес сөз
2- топ«Пицца »әдісі бойынша септіктерді қайталау.
3-топ микрофон» әдісі арқылы оқушылар арасында шағын диалог жүреді.



Үлестірме материалдармен жұмыс:
1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін қолданып, сөйлемдер құрастырыңдар.
Қара көк шалбар, ақ жейде, қара белдемше, көк костюм, әдемі көк көйлек;
2-тапсырма. Сөйлемдердегі бос орындарға жалғауларды қойып көшіріп жазыңдар.
Мектеп... тек қара көк түсті киім... киіну... рұқсат етілді. Біз... сынып оқушы...... заман... сай киім киеді. Мектеп... ішінде өзіндік қағидалар..... бар. Ер бала.... мерекелік күн..... ақ көйлек пен қара көк костюм ки..., ал қыз бала.... ақ жейде мен қара көк белдемше киеді.
3-тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Күртеше, белдемше, шалбар, жейде, кеудеше.
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
3-тапсырма Сызбамен мұқият танысыңдар «Ойлан.Бірік.Бөліс» әдісі Топтық жұмыс. [Айтылым. Тыңдалым]

Балалар, мектеп формасы неліктен тиімді? (кластер бойынша жұмыс)



Басқа елдердің мектеп формасы туралы мәлімет (слайд).
Тест тапсырмасы.
1. Қазақ жерінде ең алғашқы мектептердің оқушыларында қандай ұғым болмаған?
а) қамзол в) мектеп формасы с) шапан
2. Мектеп формасы қай жылы бекітілген?
а) 1918 ж. в) 1928 ж. с) 1919 ж.
3. 1918 жылы арнайы мектеп формасы қай мемлекетте бекітілген?
а) Белорус в) Ресей с) Қытай
4. Мектеп оқушылары көйлектерінің түсі қандай болған?
а) көк в) сары с) қоңыр
5. Оқушы көйлегінің жағасы қандай болған?
а) алмалы-салмалы в) үлкен с) жаға болмаған
6. Қыздар қарапайым күндері қандай фартук киген?
а) жасыл в) көгілдір с) қара
7. Қыз балалар ақ фартукты қай күндері киген?
а) қарапайым күндері в) мереке күндері с) демалыс күндері
ІҮ.Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау мақсатында мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. Қандай тақырып өттік? Қандай жаңа сөздер үйрендік? Мәтінде не туралы айтылды? Мектеп формасы қандай? Оны қалай сақтау керек? Септіктердің сұрақтарын, жалғауларын ата.
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
3 тапсырма. Көп нүктенің орнына сөйлемдердегі сөздердің тиісті жалғауларын қойып жазыңдар.(152 бет)
Мектеп формасы туралы шағын әңгіме жазу, әңгімені мазмұндау.
YII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті. Тәрбие.орг сайтынан Мектеп формасы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аубакирова Лаззат Ерденовна

Пікірлер: 0

avatar