«Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің түрлі әдіс тәсілдері»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 531
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21079


Ағылшын тіліне ерте жастан оқытуды ұйымдастыру.
Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға - аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға - аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының «Қатынас» білім беру саласында анықталады. «Қатынас» білім беру саласының мақсаты – үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.
Ағылшын тілін үйрету әдістемесін таңдау барысында қай жастағы балаларға арнап әзірленгендігін ескеру қажет.
Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді.
Оқытудың негізгі принциптері: қызықтылық, жүйелілік, түйіндемелік, қолжетімділік, көрнекілік және шынайы қарым-қатынас болуы тиіс.
Жұмыс ұстанымдары:
1. Мадақтаудың түрлі құралдарын қолдану, ауызша және материалдық.
2. Бала бойында баланың тілдік қабілетін арттыратын педагог пен балалар арасындағы оң қарым-қатынастарды қалыптастыру.
3 Сөздердің дұрыс айтылуын жаттықтырып, фонетикалық жаттығулар орындау
4. Лексиканы жүйелі енгізу: лексикалық тапсырмаларды орындап, сөздік қорын арттыру.
5. Балалардың қысқа мерзімді есін ескере отырып, әрдайым алдыңғы өткен материалға қайта оралып, оны келесі қайталауларға енгізу.
6. Сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған дұрыс тілдік құрылымдарға үйрету.
7. Жұптық және топтық үйретулерге айрықша ықылас бөлу. Бұл топта қолайлы психологиялық ахуал құруға және тілдік кедергілерді жоюға көмектеседі.

Мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы

Күні: 8.10.2016 ж
Педагог: Абуова Ш
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: Сандар, түстер, жануарлар, адам дене мүшелері тақырыптарын бекіту, қортындылау.
Мақсаты: Әр түрлі ойын, тапсырмалар орындату арқылы білімдерін бекіту, тілдік жаттығулар арқылы сөйлеу тілін дамыту, тыңдап түсіну дағдысын дамыту.
Көрнекіліктер: №1видео материал «HELLO»
№2 демострациялық материал(сандар, сандық веерлер),
№3 үлестірмелі материалдар (жануарлар) жинағы.
№4 демострациялық материал(түрлі-түсті қағаз, түрлі трафареттер)
№5 видео материал «clap your hands»
№6 демострациялық материал (дене мүшелер)
Оқу техникалық жабдықтар: мультимедиялық тақта
Билингвальды компонет: а forest-орман, honey-бал, a house-үй, abone-сүйек

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық -

қозғаушылық 1. Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып «НЕLLO»
әнін қимылмен орындайды.
№1видео материал «HELLO»
«Hello3 how are you?
I’m fine2
I hope that you are too.»
- Hello!
- How are you?
- How is the weather today?

2.Өтілген оқу іс-әрекетіне шолу. Сұрақтар қою
2.1 Балалар мұғаліммен бірге сәлемдесіп,
жылы тілектерін айтады.

- Hello! how are you?
- I’m fine

Ұймдастырушылық –
ізденістік 3. Балаларға №2 демострациялық (сандар, сандық веерлер) көрнекілікті көрсете отырып,
ойын ойнайды «What number is it?» шарты: ортаға бір бала шығады, мұғалім төбесіне сан жасырады, бала оны сұрақ қою арқылы табу керек.
4. №3 үлестірмелі материалдар (жануарлар) жинағын тарата отырып тапсырма береді
«show me a cat, tiger, bear, cow, rabbit!»
5 «Guess, what animal is it?» жұмбақ.
• It lives in the house, likes milk…? what animal is it?
• It lives in the forest, likes fish, has long
tail..?
• It lives in the forest, likes honey…?
• It sit on the tree, likes a banana…?
• It lives in the little house, likes bones..?
6. №4 демострациялық материалды (түрлі-түсті қағаз, түрлі трафареттер) қолданып «What colour is it?» дидактикалық ойын ойнатады.
- can be a snowman black?
- can be cloud red?
- can be an apple blue?
6. Cергіту сәті
№5 видео материал «clap your hands»
«Clap your hands3
Listen to the music
clap your hands
stemp your feet3
Listen to the music
stemp your feet.
Turn around2
Listen to the music
Turn around»
8. №6 демострациялық материал (дене мүшелер) дидактикалық ойын «what is missing?» шарты: тақтаға 3 сурет ілінеді,
балалар көзін жұмып кайтадан орны өзгерген суретті тауып ағылшынша атауы керек. Қалған балалар ортадағы балаға көмектесіп жауабына қарай «Yes,No» деп отырады.

Аталған жануарларды көрсетуі керек

- No a snowman is white.
- Cloud is white.

Қимылмен орындайды

Балалар ілінген суреттерді атайды, кейін көзін жұмып өзгерген суретті тауып ағылшынша атайды

Рефлексиялық
-

түзетушілік
Суретті көрсете отырып,сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетті қорытындылайды.
Балаларды мадақтайды.
Cұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жаттығуларды өздігінен жеке және топтық орындай алады.
Түсінеді: тапсырмалардың шартын түсінеді
Қолданады: сөздердің аудармасын біледі, жауап беру кезінде қолдана біледі

«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
МКҚК №34 «Таңшолпан» МДҰ

Шеберлік сагаты

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің түрлі әдіс тәсілдері»

Ағылшын тілі мұғалімі:
Абуова Ш.Е.

Ақтөбе – 2016 ж. Тәрбие.орг сайтынан «Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретудің түрлі әдіс тәсілдері» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Абуова Ш.Е.

Пікірлер: 0

avatar