Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы»
  • 03.06.2016
  • 621 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19161

Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы»
Мектеп жасына дейінгі шақта экологиялық тәрбие жұмысын жүргізудің мақсаты: бүлдіршіндердің бойына табиғат және
бізді қоршаған әлем жайында балаларға алғашқы түсінік қалыптастыру.
Міндеті: бала мен табиғат арасында қарым –қатынас орнату жолында экологиялық тәрбие берудің жан-жақты жолдарын, тиімді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, мемлекеттік стандартқа сай жоспарлы түрде экологиялық тәрбие беру.
Күтілетін нәтиже: Қоршаған орта мен табиғатты танып білетін, болашақта табиғатқа қамқор болатын жанашыр, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа тұлға тәрбиелеу.
Бағдарламада балаларға экологиялық тәрбие беру мақсатында барлық салада қарастырылған. Өткен тақырыптар бойынша мысал келтірсем: Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша «Күз келді» тақырыбын өткен кезде балалар күз мезгілінде табиғаттың өзгеру құбылыстарымен танысып, әрмен қарай «Көкөніс пен жемістер» дидактикалық ойыны арқылы білімдерін тиянақтады. Нәтижесінде: Балалар күз мезгілінің ерекшелігін, күннің суытып, жапырақтардың сарғайып түсетінін білді. Көкөністер мен жемістерді ажырата білу дағдыларын меңгерді. Экология негіздері бойынша «Біздің құстар», «Біздің айналамыздағы өсімдіктер» сынды оқу іс-әрекеті нәтежесінде, балалар өсімдіктер мен жануарлардың, құстардың өмір сүруіне қажетті жағдайларымен танысып, оларға қамқор болу керектігін біліп, күтіп-баптау, еңбектену дағдыларын меңгерді.
Серуен кезінде күз мезгіліндегі құбылыстарға соның ішінде ағаштарға бақылау жасату арқылы күз мезгілдерінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып, күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жаңбыр жауады, күн суытады, адамдар жылы киінетіндігі жөнінде мағлұмат беріп, ал қыста дала аппақ түске енетінін, қыста қар жауып, үлкендердің еңбегін бақылап, қыс мезгіліндегі ойындар түрімен танысты.
Күннің II-жартысында балаларға табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суару, гүлдердің түбін қопсыту жақсы жағдайда гүлдерді күтіп баптауға үйретіп, сондай-ақ гүлдердің өсуі үшін топырақ, ылғал, күннің нұры, жылуы керек екенін түсінді. Бүлдіршіндерді гүлді үзбе, көкті таптама деген нақыл сөздердің мағынасын түсіндіру арқылы қамқорлыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелейміз.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті -ойын. Экологиялық ойынның өзіндік мәні бар. Мысал ретінде келтірсем «Үй жануарлары» тақырыбындағы дидактикалық ойында балалардың үй жануарлары туралы білімдерін тиянақтасақ, «Күн мен жаңбыр» тақырыбындағы қимылды ойын арқылы табиғат құбылыстары жайында танымы толықты. Өлкеміздің табиғи байлықтары жергілікті жайық өзенін мекендейтін балықтарымызбен, тұз және құммен танысты. Жаз мезгілінде ауылымыздың өлкетану мұражайына мақсатты серуен жасадық. Балаларға көне байлықтарымыз, аң-құстарымыз, жәдігерлерімізбен танысу қызықты болды. Жыл мезгілдерінің маусымдық өзгешеліктеріне орай балабақшада әртүрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру – экологиялық мәдениетке жетудің даңғыл жолы. Осындай мақсатта күз мезгілінде «Күз байлықтары» тақырыбында ертеңгілік болып өтті. Мереке – балаларға өздерінің қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Күз молшылық айы- сөзінің мағынасын ұғынды. Қорыта келгенде, осы аталған жұмыстарымызды күнделікті оқу-тәрбие және іс-әрекет кезеңдерінде үнемі жүзеге асыру арқылы тәрбиеленушілерімізге экологиялық тәрбие беріледі. Тәрбие.орг сайтынан «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңызы» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жанылдык Смагулова

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама
Көрсетілім: 621 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar