МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЭКОЛОГИЯНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ»

  • Жүктеулер: 77
  • Көрсетілім: 437
  • Авторлық бағдарлама
  • 17/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23094


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН
«ЭКОЛОГИЯНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ»
БАҒДАРЛАМА

Мазмұны.
1. Түсініктеме _________________________________________ 1
2. Негізгі бөлім ________________________________________ 3
3. Мақсаты _____________________________________________5
4. Міндеттері ___________________________________________
5.Күтілетін нәтижелер ___________________________________
6.Экологиялық білім мен тәрбие берудің негізгі қағидалары ___ 6
7. Экологиялық білім мен тәрбие беру бағыты ________________ 7
8. МДҰ-ғы балаларды жан-жақты тәрбиелеу концептуалді
моделі (кестелер) ________________________________________ 8
8. Пәнаралық байланыс __________________________________ 10
9. Тақырыптық оқу жоспары _____________________________ 13
10. Қорытынды ________________________________________ 20
11. Пайдаланылған әдебиеттер ___________________________ 22
12. Бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстары (тех.карта) _______ 23
13.Қосымша: дидактикалық ойындар ______________________ 43

1. Түсініктеме
Бүгінгі таңда бүкіл адамзаттың алдында тұрған өмірлік маңызы бар ауқымды проблемалардың ішінде, табиғатты қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде (отбасы→ балабақша → бастауыш мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн санап арттыра түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау маңызды құндылықтың бірі болып табылады. Қоғамды экологияландыру – бұл адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жаңа жүйесін қалыптастыру процесі.
Тарихи тұрғыдан бағдарласақ, адамның өмір тіршілігінің, қызмет-әрекетінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Олар адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған, адам санасынан тыс және тәуелсіз өмір сүреді. Қоршаған ортаны танып білу, игеру барысында адам табиғат дүниесіне қуатты және ауқымды ықпал ете алатын құдіретті өзгертуші күшке айналады. Мұны ғылымда «екінші табиғат» деп атайды.
Демек, табиғат заттарының, процестерінің, құбылыстары мен жәй-күйлерінің болмысы өткінші, өтпелі. Олардың болмысы (болмыссыздығы) ауыспалы, қалыптасу, даму, өзгеру процесі кезектесіп отырады. Олардың болмысы – сақталатын да, жоғалатын да болмыс. Гегель қалыптасу процесін саралай отырып, оны жоғалатын болмыс немесе болмыстың жоғалуы деп дәл көрсеткен болатын. Сонымен, табиғат болмысының тағы бір ерекшелігі, тұтастық ретіндегі табиғат дүниесінің тұрақты әрі түпкілікті болмысындағы жекелеген мәндердің өтпелі және тұрақты болмысының диалектикасын танытады.
«Екінші табиғат» қатаң түрде шынайы, бірінші төл табиғатқа тәуелді және соның туындысы десе болады. Әйтседе, «екінші табиғаттың» өзіндік мәнді ерекшеліктері де жоқ емес. Екінші жасанды табиғат дүниесінің шынайы төл табиғаттан айырмашылығы: біріншіден, оны жасап дүниеге келтіру барысында адам табиғат байлығын, табиғи материалдарды пайдаланып, өңдеді, екіншіден, «екінші табиғат» дүниесін жасауда адамның еңбегі, іс-тәжірибесі және білімі пайдаланылды, үшіншіден, «екінші табиғат» бұйымы ермек үшін жасалмайды.Оны дүниеге келтіру адамдардың әлеуметтік өмірдегі белгілі мұқтаждарынан, мақсат-мүдделерінен туындады. Осылайша, екінші табиғат бірінші табиғаттың заңдылықтарына бағынатын төл туындысы, оның материалдарынан адамның білімі, еңбегі, тәжірибесі және дағдысы негізінде қоғамдық сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында жасалды. Яғни, «екінші табиғат» болмысы – табиғи - рухани-әлеуметтік тұтастық құрайтын нақтылы ақиқат. Сондықтан да, бір жағынан, қоғам мен «екінші табиғаттың» үнемі үйлесім тауып отыру қажеттігі еш уақытта маңызын жоймайды, екінші жағынан, «бірінші табиғат» пен «екінші табиғаттың» ортақ заңдылығын, бір тұтастығын, бірегей болмысына қатысты олардың өзара байланысын сақтап, реттеп отыруы да заманымыздың жалпы адамзаттық мәселесі болып табылады.
2. Негізгі бөлім
Экологиялық білім – толассыз, тоқтаусыз білім, ешқашан аяқталмайтын, өміршең білім. Үздіксіз білім адамның өмірге келген күнінен басталып, өмірінің соңғы күніне дейін жалғасын табатын процесс, қазіргі «өмір бойы білім алу» қағидасы білімнің үздіксіздігі идеясының заңды жалғасы.
Дамудың диалектикалық концепциясының басты ерекшелігі мынада: даму дүниеде бар нәрселердің саны жағынан жәй ғана өсуі (көбеюі немесе азаюы) тұрғысында ғана түсіндірілмейді, ол ескінің құру, жойылу және жаңаның пайда болу процесі ретінде ұғындырылады. Бұл процесс сан өзгерістерінен сапа өзгерістеріне және керісінше өту заңына негізделеді. Сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өтуінде керісінше процесс те болады: жаңа сапа жаңа сан өзгерістерін тудырады. Бұл табиғи нәрсе, өйткені жаңа сапа басқа сандық параметрлермен заңды байланыста болады.
Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері үздіксіздіктің, бірте-бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Тірі заттың пайда болуы өлі материядағы жәй ғана бір жаңа сан өзгерісі емес, керісінше, оның түбірлі сапалық өзгерісі, жаңа қасиеттері, заңдылықтары бар материяның мүлдем жаңа түрінің тууы деп білеміз. Міне, бұл – дамудағы үздіксіздік.
Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (үздіксіз түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрайды. Үздіксіздіктің, сапалық өтулердің осындай типтік және неғұрлым жалпы формаларына тоқталатын болсақ ол: біріншіден, бір сапаның басқа сапаға айтарлықтай тез және бірден айналу формасы; бұл өзіне тән құрылымы бар объект біртұтас система ретінде бірден, түбірлі сапалық өзгеріске ұшыраған кезде болады; екіншіден біртіндеп болатын сапалық өту формасы; бұл нәрсе бірден және тұтастай өзгерместен, сапалық өзгерістердің біртіндеп жинақталу жолымен оның жеке жақтары, элементтері өзгергенде, осындай өзгерістердің қорытындысында ғана ол бір күйден басқа күйге өткенде болады. Демек, сапалық жағынан ауысу қаншалықты біртіндеп жүргенмен де, ол үздіксіз болып табылады.
Үздіксіздік нәтижесінде пайда болған жаңа сапа жаңа мөлшерлік өзгерістер туғызады. Сөйтіп, бұл заң даму процесінің механизмін көрсете отырып, «қалай? қайтіп дамиды?» деген сұрақтарға жауап береді. Диалектиканың даму заңдылығынан бастау алған үздіксіздік педагогика ғылымында тігінен, көлденеңінен динамикалық икемділік пен универсалды болу қажеттігін білдіреді. Оқытуды тәжірибеге бағыттау жағы күшейтілсе және тұлғаның білім троекториясын еркін сақтап қалу, білім беру субъектісі ретінде үздіксіз білім беру жүйесі өзіндік негіз болып табылады.
Адамзат тарихында табиғатпен саналы қарым-қатынас жасап, оның құндылығын бағалауда адам-қоғам-табиғат дамуының философиялық заңдылығын, сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеуде ұлы ойшылдар (Аристотель, Платон, Гераклит) үлкен үлес қосқан.
Экологиялық білімнің ғылыми-теориялық мәселелері бірқатар ғалымдардың (Э.Геккель, Ч.Дарвин, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоцци, Ф.Дистервег, Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий, И.Д.Зверев, Н.С.Сарыбеков, Ә.С.Бейсенова, Ж.Жатқанбаев, И.Н.Нұғыманов және т.б.) зерттеулерінде қарастырылады
Оқытудағы сабақтастық проблемасына қатысты құнды ой тұжырымдар Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренконың еңбектерінде көрініс алса, оқытудың әдіснамалық ұстанымы ретіндегі сабақтастық С.М.Годник, З.А.Мукашев, А.В.Петров, А.В.Самускевич, Э.А.Баллердің еңбектерінде зерделенеді.
Бірқатар ғалымдар (Б.Г.Ананьев, Ш.И.Ганелин, А.К.Бушля және т.б.) сабақтастықты ағарту жүйесінің әр түрлі буындары арасындағы байланыс ретінде қарастырса, енді бірі (И.Т.Суравегина, Н.М.Мамедов, И.Д.Зверев, В.Л.Горохов, А.Н.Чилингаров, А.Н.Захлебный және т.б.) экологиялық білімнің үздіксіздігін сабақтастық ұстанымын орындаудың құралы деп түсінеді.
Сонымен, ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге, озық педагогикалық тәжірибелерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың ғылыми тұрғыда негізделмегенін дәлелдейді.
Демек, отбасында, балабақша мен бастауыш сыныптарда экологиялық тәрбие берудегі қоғамның сұранысы мен оның жүйелі түрде зерттелмегені арасында; кіші жас балаларына қоршаған ортаны аялай білуді сабақтастықта жүргізу қажеттігі мен экологиялық тәрбие сабақтастығын қамтамасыздандыратын бірыңғай тұжырымдаманың және оны жүзеге асыруға байланысты оқу-әдістемелік кешеннің жеткіліксіздігі арасында қарама-қайшылықтың бар екені байқалады. Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың жеке тұлғасының, психологиясының дамуының ең басты міндеттері қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр .Соның ішінде экологиялық сабағының бала өмірінде алатын орны ерекше.Осы кезде ересек мектеп жасына дейінгі баланың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік тұжырымдамасында болашақ ұрпақты ана тілін таза білетін, туған жеріне, отанына, жүрген ортасына сүйіспеншілігі мол, табиғатын сүйетін, қорғайтын ,сақтайтын ұл-қыз тәрбиелеу деп көрсетілген.Қазақстан Республикасының «Білім беру» жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі қазақ халқының азаматтары жан-жақты білімді, елін сүйетін еңбекші болу керек деп көрсетілген негізге сүйене отырып жасалған экологиялық тәрбиені еңбек арқылы үйрету сабағының бағдарламасы.
Бағдарлама аптасына 1 рет базистік жоспардың жылжымалы бөлігінде жүргізіледі.Жыл бойы жүргізілетін сағат саны 36, бағдарлама негізінен тоқсандық тақырыптарға бөлініп жоспарланған.
Экологиялық табиғатты тану сабағында балалар білімді жан-жақты тәрбиеленеді.
Сабақ әр түрлі формада жүргізіледі: кіріктіру сабағы, саяхат сабағы.
Сондықтан да балалардың қызығушылығына байланысты алынатын тақырыптар.
«Экология және біз»
Өсіп келе жатырмын
Бесігінде бақыттың,
Ән-жырымен уақыттың
Қанатында арманның.
Шыршасындай орманның
Өсіп келе жатырмын.
Ұранымыз: «Табиғатты қорғау-болашақты қорғау!»
Балабақшаның тәрбиелік жоспарында табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып, күту жеке дара анықталып көрсетілуі тиіс. Оның мынадай екі мақсаты бар:
а) Балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу;
ә) Балабақшада табиғат жөнінде қарапйым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
Балабақшадағы табиғат қорғау жұмысын кең жолға қоюды. Балабақшада табиғат бұрышы экологиялық тәрбиенің негізін балабақшадан бастаудың өзі олардың қоршаған ортаны танып-түсінуге негіз жасайды. Табиғатты қорғау адам өмірінің қажеттілігі үшін ғана емес, жеріміздегі тіршіліктің жалғаса беруі үшін де қажет екенін түсіндіру шарт. Тәрбие.орг сайтынан МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕНІҢ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЭКОЛОГИЯНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші

Пікірлер: 0

avatar