Мектепке дейінгі балалардың белсенділігін дамытуда ойынның маңызы

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 296
  • Авторлық бағдарлама
  • 13/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23084


Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой - танымын, қиялын, тілін, ой - өрісін дамыту мақсат етілген. Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді.
Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан - ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр.
Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс - әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Демек, танымдық белсенділік – балалардың негізгі іс - әрекеті, күрделі құбылыс. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық процестің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен және т.б. сипатталады. Танымдық белсенділік ұғымының мәні қоршаған ортамен таныстыру барысында ашыла түседі. Кейбір зерттеушілер қоршаған ортамен таныстырудың интеллектуалдық сапаларын дамытатын, оқу бағдарламасында қарастырылған материалдардың мазмұны мен қажетті көлемін игерудегі оқытудың маңызды бөлімі ретінде қарастырады. Ал, біздің қарастырып отырған мектепалды балаларының танымдық белсенділігін дамыту мәселесі педагогикалық жеткілікті шарттарында орындалуды қажет ететін:Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.
Танымдық белсенділікті психологилық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда (Т.И.Шамова, С.Л.Рубинштейн, К.К.Платонов, Э.Г.Юдин, Л.П.Буева, А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер, А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Л.Ф.Обухова, А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П. Усова, М.И.Лисина, Г.И.Щукина және т.б.) тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділіктің ерекшелігінің психологиялық, педагогикалық жөне биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті.
Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар:
- бірнеше заттар мен құбылыстарға деген белсенді танымдық қатынас ретіндегі жанжақтылығы;
- құбылыстың тек қана фактісі, қасиеттері мен сапаларына ғана емес сонымен бірге мәні, себебі жөне өзара байланысына деген белсенділігімен сипатталатын тереңдігі;
- динамикалығы, яғни бұл баланың меңгерген білімі қозғалмалы жүйе түрінде құрылуы және іс-әрекетке қолданылуы, баланың ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы;
- әрекеттілігі, яғни заттар мен құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға төзуге, мақсатқа жетуде ерік - жігерінің болуына бағытталған баланың белсенді әрекетінде байқалады.
Танымдық әрекетінің негізінде балада танымдық белсенділік қалыптасады. Олай болса, танымдық белсенділік дегеніміз, білімді меңгертуді тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып қоймай, керісінше, талданып отырған үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың теория жүзінде қалай ашылғанын байқата, соны білдірте отырып, меңгерген білімін практикада шығармашылықпен қолдана білудің дұрыс амал - тәсілдерін үйрету, сол арқылы іскерлігі мен дағдысын арттыру болып табылады. Яғни, балалардың оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі болып табылады. Сонымен, танымдық белсенділіктің қалыптасуындағы негізгі жол баланың жаңа білімді игеруге мүмкіндік беретін әдіс - тәсілдерді кең мағынада пайдалана отырып, баланың білімге деген қызығушылығы мен қажеттілігін жетілдіру екенін жоғарыдағы авторлардың қағидаларына сүйене отырып атап өтуге болады. Сонымен қатар жоғарыда келтірілген ойлардан мынаны көріп түюге болады: балалардың танымдық белсенділіктерінің жоғарылату мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие ісімен, соның ішінде жанұя тәрбиесімен тығыз байланыстылығы.
Танымдық белсенділік мынадай тәсілдермен өзгереді: мектеп жасына дейінгі балалар жеке фактілерге қызығушылық танытса, жеткіншек - ересектер қатарына өткенде олар заңдылықтарға, принциптерге, қызығушылық танытуға көшеді. Кейінгі кездері психологиялық зерттеулерде төменгі сынып жасының ортасына қарай білім алу тәсіліне қызығушылық пайда бола бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін педагогтар осы ерекшелікті ескерсе және олардың танымдық белсенділігі мен сензитивті кезеңдерін уақытында пайдаланып отырса баланың танымдық деңгейін біршама көтеруге мүмкіндіктер ашылады. Балалар оқығанды, жазғанды, сурет салғанды ұнатады. Қазіргі өскелең өмірдің талаптарына сәйкес жас өспірімдердің жан - жақты дамып қалыптасуы оның танымдық белсенділігін көтермелей отырып, білімге, ғылымға деген ықыласын, қызығушылығын өзектендіру. Баланың танымдық белсенділігі әр жас кезеңінде әр түрлі деңгейде дамып қалыптасып отыратын құбылыс. Оның қарқынды дамуында мектепке дейінгі оқыту - тәрбиелеу орындары мен жанұяның атқаратын ролі үлкен. Танымдық белсенділік психикалық дамудың негізі бола отырып, ол баланың оқуға деген ықыласын қалыптастырады, оқу әрекетінде кездесетін қиындықтарды жеңуге ұмтылдырады. Танымдық белсенділіктің - тиімді ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмыстары мен педагогтың өз іскерлігімен тікелей байланысты.
Педагог оқу - тәрбие саласында қандай жұмыс жүргізбесін, ол балалардың жан дүниесін, даралық ерекшеліктерін жете біліп, онымен әр түрлі жағыдайда санаса білуі шарт. Бұл қағида ерте заманнан келе жатқан және өзінің өзектілігін жоймайтын қанатты қағида. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский өзінің «Адам тәрбиенің объектісі» еңбегінде «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда ол, алдымен, оны барлық жағынан білуі тиіс» деген болатын. Осы идеяны еңбегіне арқау еткен Б.Г.Ананьев балалардың жан - жақты дамып қалыптасуын оқып зерттеуге негіз болатын жүйелілік тұжырымын құрды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болып табылады, дегенмен мектепке дейінгі топта олардың оқуға деген қызығушылықтары туа бастайды. Сондықтан осы кажеттіліктерін тиімді пайдалана отырып оларды болашақ мектепке, оқуға деген белсенділіктерін калыптастырудың маңызы зор. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынға деген қажеттіліктері бір жағынан баланың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандырса, екінші жағынан жиналған күштерін шығаруға, физикалық дамуына мүмкіндік береді.
Мектепке дайындық тобындағы балалар мектеп жасына дейінгі балалардан айырмашылығы оларда мектепке деген, оқуға деген қажеттілік пен қызығушылық пайда болады. Олар мектепке баруды, онда оқу әрекетімен айналасуға ынталана бастайды. Дегенмен оқу балалар үшін жаңа әрекеттің бір түрі болғандықтан, оның көптеген қыр - сырлары мен қиыншылықтарын дөп басып біле бермейді. Балаларды мектепке психологиялық дайындығын, олардың болашақ оқуға деген белсенділігін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту орындарында ұйымдастырылған оқу - тәрбие жұмыстары ұтымды қалыптастырылады. Арнайы мемлекеттік типтік бағдарламалар арқылы жүйелі жүргізілетін оқу - тәрбие жұмыстары баланың мектепалды оқуға дайындығын, оның танымдық процесстерін жүйелі жетілдіре отырып, оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігін көтереді. Әсірсе арнайы ұйымдастырылып жүргізілетін ойын сабақтары, дамыту бағдарламалары осы үрдісте ерекше орын алады.
Мектепке дейінгі оқу - тәрбие ісі балалардың танымдық белсенділіктерін дамытуда шешуші роль атқаратын буын. Ойын сабақтары арқылы балаларды үлкен өмірге, ғылымға деген шынайы сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын оқу - тәрбиелеу орыны – әрине балабақша.


Әдебиеттер:
1. Аванесова В.Г. Дидактическая игра как форма организации обучения в дет. саду. (Умственное воспитание дошкольника) – М., 1999.
2. Грекова А.А. Умственное развитие ребенка. — М., 2000.
3. Касымова Г.М.Развивающие игры в диагностике и коррекции психического развития детей дошкольного возраста. Алматы: Жан,2000
4. Карпова С.Н., Лысюк А.Н. Игра и нравственное развитие дошкольников.– М., 2001. Тәрбие.орг сайтынан Мектепке дейінгі балалардың белсенділігін дамытуда ойынның маңызы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Султанова Гулим Оразалиевна

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының КМҚК педагог - психологі,

Пікірлер: 0

avatar