Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу қызметін педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жоспарлау.

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 268
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23005


Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу қызметін педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жоспарлау.
Сабақтың мақсаты:
Студенттерді оқу қызметінде педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жоспарлай білуге үйрету;
Әдістерді қолдануды түрлендіруарқылы педагогикалық технологияларды тапсырмаларды орындауда басшылыққа ала білуге жаттықтыру.
Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ, тренинг элементтерімен.
Оқыту технологиясы: Ой қозғау, топтық тапсырмалар
Сабақтың жабдықтары: Слайдтар, интерактивті тақта.
Сабақтың жоспары:
1.«Зымыран сұрақтар»
2.«Ой қозғау» (даналық ағаштан тапсырмалар алу)
3.ТРИЗ технологиясы бойынша тапсырма
4.«Қарлы боран» топтар бір-бірімен пікіралмасады
5.«Миға шабуыл» ситуациялық жағдаяттар
6. Кері байланыс: «БББ» кестесі – Студенттер бүгінгі тақырыпты қорытындылау мақсатында өздеріне берілген кестені толтырады.
7.Студенттердің білімін бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Студенттердің сабаққа қатысын тексеру;
Психологиялық тренинг:
«Менің ұстанымым» жаттығуы
Мақсаты: Өз «менін» қалыптастыру, көпшілік алдында өзін еркін сезінуі үшін. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Әр студент өз есімдерін және өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы:
Өмір ағымынан қалмау;
Әрдайым білімге талпыну;
Әрқашан жақсылық жасау;
Биікке ұмтылу т.б.
Топқа бөлу (ұйымшылдар, алға ұмтылғыштар, білгіштер,шығармашыл топ),эмблема
2) Сабақтың құрылысымен таныстыру.

Тапсырмалар:
«Зымыран сұрақтар» (12 сұрақ)

1. М.Д.ұйымдарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың қандай түрлерін атай аламыз ?

2. Оқу сағаттарын жоспарлаған кезде меңгертудің қандай кезеңдері ескеріледі?
3. Кез келген педагогикалық процесті басқару неден тұрады?
4. Жұмыс жоспарына қойылатын негізгі талаптар
5. Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап
6. Жоспарластыруға қойылатын кешенді (комплекстілік) талап
7. Жоспарлауға қойылатын объективтілік талап
8. МДҰ жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады?
9. Жылдық жоспар дегеніміз?
10. Оқу қызметін жоспарлау кезеңдері
11. М.Д.ұйымдарда қолданыстағы қандай педагогикалық технологиялардың түрлерін атай аламыз?
12. Жас ерекшеліктеріне қарай оқу қызметінің ұзақтығын бөліп ата?
2. «Ой қозғау» ағаштан тапсырмалар алу(орындап, қорғау) ;
Тапсырмалар мазмұны:
1) «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында ойын технологиясының элементтерін пайдалану арқылы оқу қызметін жоспарлау;
2) Денсаулық сақтау технологиясының элементтерін пайдалану арқылы «Ұлттық ойындар» тақырыбында оқу әрекетінің жоспарын құру;
3) «Ізденіс шығармашылық» технологиясының элементтерін пайдалану арқылы «Геометриялық пішіндер» тақырыбында оқу қызметінің жоспарын құру;
4) Триз технологиясы элементтерін пайдалану арқылы «Жабайы жануарлар»тақырыбына оқу қызметінің жоспарын құру;
3.ТРИЗ технологиясы бойынша тапсырма:
(«Біз өмірдің гүліміз», «Көктем келді, алақай!», «Гүл тереміз бақта біз», «Көңілдіміз бәріміз»)
- тақырып бойынша шағын мәтін тақпақ ретінде құрастыру;
- тақпақты мәнерлеп оқып беру;
- Тақпаққа әуен қосып, ән салу
4. «Қарлы боран» топтар бір-бірімен пікіралмасады( бір топ келесі бір топқа сұрақ дайындайды, сұрақ қояды) :
5. «Миға шабуыл» ситуациялық жағдаяттар
Кері байланыс: «БББ кестесі»
6.Қорытынды бағалау.

Кері байланыс:
«БББ» кестесі – Студенттер бүгінгі тақырыпты қорытындылау мақсатында өздеріне берілген кестені толтырады.
Білетінім Білдім Білгім келеді



III.Үй тапсырмасы: Циклограмма құрастырып келу(1 аптаға)
Сабақты бағалау (студенттердің өздерін – өздері бағалауы)
Студенттердің білімін бағалау парағы
№ Студенттер аты-жөні «Зымыран сұрақтар» «Ой қозғау» ТРИЗ технологиясы негізінде берілген тапсырма «Қарлы боран» Қорытынды баға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Ескертпе: Әр тапсырма 1 ұпаймен бағаланады. 4 ұпай «5» деген бағамен тең қорытындыланады.



Зымыран сұрақтар:
1. М.Д.ұйымдарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың қандай түрлерін атай аламыз? (Денсаулық сақтау технологясы,ТРИЗ, ойын технологиясы, ізденіс-шығармашылық, СТО технологиясы, ақпараттық технология ж.т.б.)
2. Оқу сағаттарын жоспарлаған кезде меңгертудің негізгі кезеңдері:
(бастапқы қабылдау, білімі мен іскерлігін кеңейту және жинақтау, оларды өмірде пайдалану - жаңа жағдайларға көшіру) ескеріледі.
3. Кез келген педагогикалық процесті басқару неден тұрады?
мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады.
4. Басқару қызметінің мақсаты — жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау.
5.Жұмыс жоспарына қойылатын негізгі талаптар: Жоспар дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын,үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді.
6.Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап - біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлылығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады.
7. Жоспарлауға қойылатын комплекстілік талап - жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді.
8.Жоспарлауға қойылатын объективтілік талап - МДҰ қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
9.МДҰ жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
10.Жылдық жоспар – бұл мектепке дейінгі мекеме қызметінің перспективасы белгіленетін басты құжат. Ол педагогикалық және қызмет етуші маман жұмысының ұйымдастырылуы мен мазмұнын, әрбір қызметкер жұмысының болашағын анықтайды. Жылдық жоспарды жасауға бүкіл ұжым қатысады.
11.Оқу қызметін жоспарлау кезеңдері (Ұйымдастыру кезеңі, негізгі бөлім жаңа сабақ бойынша, қортынды кезең балалардың жұмыстарын талдау мақтау, мадақтау).
12.Жас ерекшеліктеріне қарай оқу қызметінің ұзақтығын бөліп ата?
Ерте жастағы балалар үшін-7-15 минут;
Мектепке дейінгі орта жастағы балалар үшін-15-20 минут;
Мектепке дейінгі ересектер тобында -25-30 минут.



Студенттердің білімін бағалау парағы
№ Студенттер аты-жөні «Зымыран сұрақтар» «Ой қозғау» ТРИЗ технологиясы негізінде берілген тапсырма «Қарлы боран» Қорытынды баға
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.

Ескертпе: Әр тапсырма 1 ұпаймен бағаланады. 4 ұпай «5» деген бағамен тең қорытындыланады. Тәрбие.орг сайтынан Мектепке дейінгі ұйымдарда оқу қызметін педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы жоспарлау. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сармалаева Сауле

Пікірлер: 0

avatar