Мектепте физика курсын оқытуда пәнаралық байланыстың маңыздылығы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 72
  • Авторлық бағдарлама
  • 29/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23206


Мектепте физика курсын оқытуда пәнаралық байланыстың маңызы.
«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны мүлде бөлек»
Н.Ә.Назарбаев
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білімді ұрпақ – елдің болашағы екендігіне сенімді. Тәуелсіздіктің үшінші он жылдығындағы стратегиялық міндеттер – әлемдегі неғұрлым бәсекеге қабілетті және дамыған 30 елдің қатарына кіру, «ақылды» экономика құру. Қазақстан үшін инновациялардың әлемдік орталығы мәртебесін жеңіп алу міндеттерін білімді ұрпақ шешетін болады. Қазақстан «Мәңгілік Ел» тарихи шексіздігіне қол жеткізетін болады. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс. Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Мектеп – білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі - білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан өзгерістерге байланысты әлеуметтік және материалдық құндылықтарды жасауда жан-жақты үйлесімді дамыған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, белсенді шығармашылық әрекет жасауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру – көкейкесті мәселе болып отыр. Сабақ өткізу барысында оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін, озық технологияларды кеңінен пайдалану қажет. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, өткенді бекіту, оларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын, ойлау қабілетін дамыту, дүниетанымын кеңейту мақсатында пәнаралық байланыс қолдану арқылы білімнің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.
Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты, сондықтан да мектепте оқытылатын пәндер бір-бірінен алшақ бола алмайды. Пәнаралық байланыстар мектепте ғылым негіздерін терең және жан-жақты меңгерудің дидактикалық шарты, әрі құралы болып табылады. Олар оқушылар білімінің ғылыми деңгейін көтеруге, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқу материалының қайталануына жол бермейді, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді және оқушылардың жалпыланған білімдері мен біліктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызады. Пәнаралық байланыстар – пәндердің мақсаттарының, мазмұндық және құрылымдық элементтері функцияларының оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылған жағдайда білімнің тиянақты болуына, оны жалпылауға және жүйелеуге, жалпыланған білік пен дағдыны қалыптастыруға, нәтижесінде біртұтас ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға жағдай туғызатындай бірлігін түсінеміз.
Қазір Республика оқу орындарында, педагогикалық ұжымдарда ұсынылып отырған көп нұсқаулыққа байланысты, өздерінің қалауына, біліміне, педагогикалық шеберлігіне байланысты кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Осы бағытта физика пәнінен білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа технологиялар енгізілуде.
Пәнаралық байланыстар қоршаған әлемдегі болып жатқан құбылыстар мен процестердің өзара байланысын бейнелей отырып, олардың материалдық бірлігін аша түседі, осылайша оқытудың ғылыми деңгейін көтереді. Бұл оқушыларды байқампаздыққа, әрі әр түрлі пәндерден алған білімдерін жалпылап, оны қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мектептегі ғылым негіздерін терең және жан-жақты меңгере алуға, өтілген материалдарды дұрыс ұғына білуге, осының нәтижесінде оқу уақытын үнемдеуге септігін тигізеді септігін тигізеді.
«Физика және астрономия – табиғат туралы ғылымдар» тақырыбын өткенде оқушылар физика және астрономия пәндерімен, олардың әдістерімен, физикалық шамалармен танысады. Бұл сабақта физика пәнінің техникамен байланысы, сондай-ақ математика, дүниетану, еңбекке баулу, география, биология сияқты оқу пәндерімен пәнаралық байланысына тоқтала кеткен жөн. Табиғат жайлы сабақ түсіндіру барысында математика, геометрия, география, биология, химия сияқты басқа да ғылымдардың бар екендігін, олардың әрқайсысы табиғат құбылыстарының жекелеген аумағын зерттегенімен, бұл жаратылыс ғылымдарының барлығы да бір-бірімен тығыз байланысты екендігін айтып өткен жөн болар еді деп ойлаймын. Табиғатты танып-білудің эксперименттік тәсілін түсіндіргенде, оқушылардың қарапайым құралдар – мензурка, термометр, т.б. жайындағы көзқарастары «Дүниетану» курсынан бқөткенде қалыптасқандығын, «Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу» тақырыбын қарастырғанда бұл тақырыпты терең меңгерулері үшін «Математика» мен «Еңбекке баулу» пәндерінен оқушылардың өлшеуіш құралдарды пайдалану туралы алған білімдерін ұтымды пайдалана білген жөн. Бұл білім «Өлшеуіш құралдың бөліктерінің құнын анықтауға» арналған зертханалық жұмысты жүргізу кезінде қолданылады. Диффузия құбылысын қарастырғанда өсімдіктердің қоректенуі және тыныс алуы жайлы биологиядан алған білімдерін ұтымды қолдана білген жөн.
Физика сабағында график сызу кезінде оқушылар математикадан алған білімдерін пайдаланады және олардың функционалдық тәуелділік жөніндегі түсініктері дамытылады. Математика курсында оқушылар санның жуық мәнінің абсолюттік және салыстырмалылық қателерімен таныстығы, стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдана алатындығы ескеріледі. Шама бірліктерін еселік және үлестік бірліктерге айналдыра білуі есептердің мәнін табу және зертханалық жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылады.
Механикалық энергия туралы, энергияның сақталу және түрлену заңы жайлы білім география сабағында республикадағы гидроэнергетикалық қорлар, олардың еліміздің түрлі аудандарында қолданылуы жайындағы деректермен дамытылады.
Зат құрылысы жөніндегі білім «Химия» курсындағы атом жөніндегі түсініктерді, молекулалар жайындағы білімдерін дамыту кезінде пайдаланылады.
Вектор ұғымының геометрия оқулығындағы сипаттамасы оның физикалық түсіндірмесінен бұрын беріледі, сондықтан оқушылар геометрияда да, физикада да вектор деп аталатын ұзындығы мен бағыты арқылы анықталатын шамамен танысады. Физикадағы векторлық шамалардың нақты қасиеттерін абстаркциялай отырып, оқушылар бағытталған кесіндімен көрнекі түрде өрнектелген вектор ұғымын неғұрлым тезірек, оңайырақ түсінуге мүмкіндік алады. Мектеп геометриясындағы вектор ұғымының физикадағы векторлық шамалармен (күш, жылдамдық, үдеу, т.б.) байланыстырыла түсіндірілуі, іргелес пәндердегі ұғымдардың алшақтығын жоюға мүмкіндік береді. Математикадағы «функция» ұғымы оның берілуінің кестелік, гарфиктік, аналитикалық тәсілдерінен бастап түсіндіріліп, гариктік тәсілдерінің физикада қолданысқа ие екендігіне де мән берген жөн. Бұл физика сабақтарында функциялық тәуелділіктің физикалық мағынасын түсіндіруге, физикалық құбылыстардың графиктерін салуға мүмкіндік береді.
Физика табиғатта болатын физикалық құбылыстарды (механикалық, жылулық, электр, жарық, электормагниттік, т.б.), астрономия – аспан денелерін қарастырса, география – Жердің география қабығын, биология – өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін қарастыратындығын мысалдармен әр түрлі көрсетілімдер жасау үстінде, мультимедиялық фильмдер көрсету арқылы түсіндіре білсек, оқушыларға берер пайдасы зор болмақ.
Ғылымның бүгінгі таңдағы кезеңі олардың өзара байланысының әлдеқайда күшейіп, бір-бірімен, әсіресе математика мен физиканың, физика мен химияның басқа ғылым салаларымен байланысының едәуір үдей түскендігімен сипатталады. Физиканың бүгінгі таңдағы жетістіктерін өзге ғылымдармен етене араласа түсіп, сол ғылымдардың негізгі теориялары мен ұғымдарын дамыта түсуге ықпал етіп жатқандығы жасырын емес.
Физика және оның заңдары – бүкіл жаратылыстанудың негізінде жатады, сондықтан физика жаратылыстанудың көшбасшысы бола отырып, жаратылыстану ғылымдарының ішінде ерекше орын алады. Физика – материалды әлемнің жалпы қасиеттерін, күрделі құбылыстар мен объектілерді, сонымен бірге әмбебап заңдылықтарды шығарып, олардың дұрыстылығын тек Жер шарында ғана емес, жалпы Ғаламда да орындалатынын көрсететін іргелі табиғат туралы ғылым. Яғни, физикалық түсініктердің іргелі болуы, олар барлық әлем үшін қолданылатындығында. Мысалы, электр зарядының сақталу заңы, фотосинтез процесін, демалу реакциясын, асқорыту, молекулалардың түзілуін түсіндіруде қолданылады және де тірі жүйедегі барлық реакциялар тірі емес табиғаттағы сияқты электрондар алмасуымен жүреді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалім шығармашылығының маңызды ұстанымдарын келесі түрде көрсетеді: 1. Оқу пәндерінің координациясы, яғни оларды оқыту кезінде бір пән басқа пәндерді оқытуда көмекші құрал болатындай уақыт бойынша сәйкестелуі керек. Мұндай көмекші құрал ін түсініктер және оқыту тәсілдері орындайды. 2. Жалпы түсініктерді қалыптастыруда, заңдар және теорияларды оқытудағы қабылдағыштық. 3. Түсініктер, заңдар, теориялар интерпретациясындағы бірлік және оларды меңгеру міндеттері. 4. Оқудағы білім, білік, дағды қалыптастырудың жалпы тәсілдері. 5. Жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін тереңдету және жан-жақты қолдану үшін қолайлы жағдай тудыру. 6. Әр түрлі ғылымдар қарастыратын түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы өзара байланыстарын ашу. 7. Әр түрлі ғылымдарда пайдаланылатын зерттеу әдістерінің жалпылығын көрсету. 8. Әр түрлі пәндерден алған білімдерін кешенді түрде қолданатын жаттығулар жүйесін шығару және олардың орындалуын ұйымдастыру.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі-түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Пәнаралық байланыс тәсілдерінің мынадай түрлерін атап көрсетуге болады: а) бір пәннің материалын екінші пәннің материалымен салыстыра отырып, мазмұны жағынан үқсас тақырыптардың пәнаралық байланысын жасау; ә) жеке пәндер материалдарын меңгерту барысында өзге пәндер материалдарын негізгі мәселені толықтыру мақсатында пайдалану; б) жеке материалдарды терең меңгерту тұсында ғана пәнаралық байланыстылықты жүзеге асыру; в) пәнаралық байланысты әдіс ұқсастықтарына қарай жүргізу; г) бір пәннің материалын екінші бір пәнге практикалық жаттығу ретінде пайдалану; ғ) оқулық материалын өмірдегі әр алуан міндеттермен байланыстыру.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеліп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол – өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрбір жеке пән мүғалімдері оқушылардың ой-өрісін дамыта отырып, бір пәннен алған білімін екінші бір пәнге пайдалану жағын қарастырады. Оқушылар әрбір пәннің өзіндік заңдылықтарын меңгермейінше, сол пәннен тиянақты да терең білім ала алмайды. Сондықтан оқушылардың әрбір пән бойынша практикалық дағдыларын қалыптастырғаны мақұл. Осындай жүйелі практикалық дағдылар негізінде ғана оқушылардың жеке пән бойынша танымы шоғырланып, басқа пәндерден алған білімімен ұштастырылады, тереңірек білуге мүмкіндіктер туады. Демек, жеке пәндерді терең меңгерту нәтижесінде ғана пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Түсініктеме хат

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «ұлттық және бүкіл азаматтық құндылықтар - ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл жағдайда оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері мен танымдық белсенділіктерін және практикалық қабілеттерін арттыру, саралап оқыту, профильдік оқытуды жалғастыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін ескеру, оқу материалдарының мазмұнын оқушының өмір тәжірибесіне жақындату, оның өз бетінше оқу және ізденушілік қызметін кеңейтетін жағдайлар туғызу, білім сапасын арттырудың бір тәсілдері болып саналады. Осы мақсатта мен 9-10-11 сынып оқушыларына негізгі сабақтан тыс бағыттау компоненттеріне арналған пәнаралық байланысқа негізделген оқу бағдарламаларына сүйене отырып физика мен химияның арасындағы байланысты тереңірек көрсете алатын авторлық бағдарлама жазуға ниеттендім. Екеуі де жаратылыстану ғылымдары болғандықтан бірін бірінен бөліп қарауға болмас деген ойға келдім. Әрине физика барлық ғылымдармен тығыз байланыста екендігі рас. Дегенмен өзіме ерекше қызықты да қиын тұстары жетерлік химиямен байланысына тереңірек тоқталуға ден қойдым. Бұл жасалынған жоба оқушылардың бір пәннің материалын екінші пәннің материалымен салыстыра алуларына, жеке пәндер материалдарын меңгере отырып өзге пәндер материалдарын негізгі мәселені толықтыру мақсатында пайдалана алуға, оқулық материалын өмірдегі әр алуан міндеттермен байланыстыра білуге септігін тигізеді деген сенімдемін.
Мақсаты:
Физика ғылымының қазіргі қоғам өміріндегі және адамзат мәдениетін дамытудағы ролін, өміршеңдігін көрсете отырып техникалық мамандыққа баулу, кәсіптікке бағдарлау.
Міндеттері:
- Физикалық заңдар мен теориялардың күнделікті өмірде басқа да ғылым салаларын (астрономия, биология, медицина, химия) дамытуда кеңінен қолданыс тапқанына оқушының көзін жеткізу;
- Оқушының шығармашылық қабілетін және логикалық ойлауын дамыту;
- Табиғатқа ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
- Оқушының ғылыми дүниетанымын, логикалық ойлау мүмкіндігін жетілдіруге арналған есептер орындай білуге дағдыландыру;
- Әр түрлі ғылым салаларындағы өндірісте, өмірде қолданыс тауып жатқан жаңа технологиялардың физика заңдарына негізделіп жұмыс жасайтынын түсіндіру.

Оқушылардың психологиялық қабылдау сызбасы



9-10-11 сыныптарға арналып жазылған жылдық жоспардың үлгісі
Аптасына 2 сағат. Барлығы 68 сағат.
Бұл жоспарда қарастырылған физика мен химияның оқулығының тараулары:
Физика оқулығы бойынша (жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына, 11-сыныбына, жалпы білім мектептің 8-9-сыныбына арналған оқулықтар. Авторлары: 8-сынып, Алматы, «Мектеп» 2012, Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова; 9-сынып, Алматы, «Мектеп» 2013, Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева, У.Тоқбергенова, Н.Бекбасар; 10-сынып, Алматы, «Мектеп» 2014, Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев; 11-сынып, Алматы, «Мектеп», 2014, С.Тұяқбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт, В.Кем, В.Загайнова):
1. Атомдық және ядролық физика (238-346 беттер)
2. Қатты денелердің механикалық қасиеттері (223-238 беттер)
3. Әр түрлі ортадағы электр тогы (8-сынып, )
Химия оқулығы бойынша (жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына, 11-сыныбына, жалпы білім мектептің 8-9-сыныбына арналған оқулықтар. Авторлары: 8-сынып, Алматы, «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина; 9-сынып, Алматы, «Мектеп» 2013, Н.Н.Нұрахметов, К.М.Жексембина, Н.А.Заграничная, Ә.Е.Темірболатова, К.А.Сарманова; 10-сынып, Алматы, «Мектеп» 2014, Н.Н.Нұрахметов, Н.А.Заграничная, Қ.Б.Бекішев, Г.В.Абрамова; 11-сынып, Алматы, «Мектеп», 2014, Ә.Темірболатова, Н.Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова, С.Әлімжанова):
1. 8-сынып, VI тарау:
Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заң. Атом құрылысы. (132-бет)
VII тарау: Химиялық байланыс. Зат құрылысы. (165-бет)
III тарау: Сутек. Қышқылдар.Тұздар. (80-бет)
IV тарау: Су. Ерітінділер. Негіздер. (94-бет)
2. 10-сынып, I тарау: Атом құрылысы теориясы тұрғысынан химиялық элементтердің периодтық заңы және периодтық жүйесі. (5-бет)
III тарау: Химиялық реакциялар және олардың жүруінің заңдылықтары. (64-бет)
IX тарау: Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы. (406-бет, «Дрофа»)
IV тарау: Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы. (118-бет)
VII тарау: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары. (199-бет)
VIII тарау: Бейорганикалық заттар қосылыстарының және құймалардың өндірісі. Қоршаған ортаны қорғау. (264-бет)
3. 11-сынып, VII тарау: Көмірсутектердің табиғи қорлары және оларды өңдеу. (154-бет, 223-232 беттер)
XIII тарау: Синтездік жоғары молекулалық қосылыстар және олардың негізіндегі полимерлер. (280-бет)
4. 9-сынып, I тарау: Электролиттік диссоциациялану теориясы. Тұздар гидролизі. (24-бет)
III тарау: Металдар және олардың қосылыстары. Металлургия. (132-бет)

Рет саны Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Пайдаланылған дерек көздері Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Атомдық және ядролық физика
1 Атом құрылысы (атом ядросының заряды) 1 Химия, 8-сынып, VI тарау, Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңдар, 132-бет
Химия, 10-сынып, II тарау 112-159 беттер
2 Д.И.Менделеевтің еңбектері мен химиялық элементтердің периодтық жүйесі 1
3 Атом құрылысын ашудағы Э.Резерфорд еңбектерімен танысу. 1 Интернет материалдары
4 Ядроның нуклондық моделі 1 «Сұрақ және жауап» (энциклопедия), Алматы, «Кітап», 2006ж
5 Г.Беккер, В.Боте (неміс ғалымдары) (ядро құрамына кіретін бөлшектерді ашуға талпынған) және Д.Д.Иваненко, В.Гейзенберг (ядроның протон-нейтрондық моделі туралы болжам жасаған) еңбектері жайында мағлұмат. 1

Интернет материалдары
6 Атом ядросының құрамы (химиялық элементтердің атомдарының құрылысы). 1 Химия, 8-сынып, §54,55 145-146-беттер
10-сынып, §1.1, 1.2, 1.3 6-12-беттер
Химия, 10-сынып, «Дрофа», §2.2-2.4, 116-129 беттер
7 Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы 1 Химия, 10-сынып, §1.2 Атом, молекула және олардың сипаттамалары
8 Д.Чедвик (ағылшын, нейтронның ашылуы), Д.Д.Иваненко мен Е.Н.Гапон (ядро құрылысының протондық-нейтрондық теориясын жасаған) 1 Химия, 10-сынып, 116-145 беттер
9 Практикалық тапсырмалар
(нуклондардың меншікті байланыс энергиясы, ядродағы нуклондардың меншікті байланыс энергиясының массалық санға тәуелділігі) 1 Тест жинақтары
Интернет материалдары (график арқылы түсіндіргенде)
10 Табиғи радиоактивтік (радиоактивті ыдырау) 1
11 М.Склодовская-Кюри мен П.Кюри, Э.Резерфорд еңбектеріне шолу. 1 Интернет материалдары
13 Ф.Содди мен К.Фаянстың жылжу ережелері (альфа, бета, гамма-ыдыраулар). 1 Химия, 10-сынып, §3.12 Ядролық реакциялар туралы түсінік 107-бет
14 А.Беккерель (1886 ж табиғи радиоактивтік) тәжірибесінің маңыздылығы мен Ф.Содди (ығысу ережесі) ашқан заңдылықтың мәнін түсіну. 1
15 Практикалық тапсырмалар (альфа, бета, гамма-ыдырау заңдылықтарына) 1 Тест материалдары
16 Радиоактивті ыдырау заңы 1

Интернет материалдары
17 Д.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің басым бөлігінің табиғи радиоактивті изотоптары жайында (тізбектелген ядролық ыдырау процесі – раиоактивті қатар). 1
18 Практикалық тапсырмалар (радиоактивті ыдырау заңы) 1 Тест материалдары
19 Иондаушы бөлшектерді, гамма кванттарды тіркеуде қолданылатын құрылғы бөлшектер. 1 Интернет материалдары
20 Ядролық реакциялар туралы түсінік. 1 Химия, 10-сынып
21 1936 ж Н.Бор ұсынған ядролық реакцияның механизмі. 1 Интернет материалдары
22 Жасанды радиоактивтілік (ядролық реакциялардағы энергияның түрленуі). 1 Физика, 11-сынып
23 Ядролық реакциялардың ішінде ауыр ядролардың бөлінуі. 1
Интернет материалдары
24 Уран ядросының спонтанды (тосын) бөлінуі (Г.Флеров пен К.Петржак 1940 ж) 1
25 Тізбекті бөліну реакциясының жүзеге асуы. 1 Физика, 11-сынып
26 Атом бомбасының адамзатқа қаупі. 1 Интернет материалдары
27 Жапония: Хиросима және Нагаски қалалары мен өз елімізге атом бомбасының тигізген зардабы. 1 Видео дискілер
28 Ядролық реактордың негізгі бөліктері. 1 Интернет материалдары
29 Э.Ферми (1942 ж), И.Курчатов (1946 ж) еңбектеріне шолу. 1 Интернет материалдары
30 Термоядролық реакциялар. 1
31 Күн мен жұлдыздардың қойнауындағы энергияның қайнар көзі. 1 «Сұрақ және жауап» (энциклопедия), Алматы, «Кітап», 2006ж
32 Басқарылатын термоядролық реакцияны жүзеге асыру жолдары (Ресей физиктері А.Д.Сахаров пен И.Е.Тамм қондырғысы: «Токомак») 1 Интернет материалдары
33 Қазақстан Республикасында радионуклидтер мен ядролық реакцияларды пайдалану болашағының мүмкіндіктері. 1 Интернет материалдары
34 Радиоактивті сәулелердің тірі организмдерге тигізер зардабы. 1 Интернет материалдары
35 Тестпен жұмыс 1 Тест материалдары
36 Сынақ 1 Тақырыптарға арналған тапсырмалар
37 Конференция сабақ 1 Оқушылардың өз бетінше ізденуіне негізделген
Қатты денелердің механикалық қасиеттері
38 Кристалл және аморфты денелердің ұқсастығы мен айырмашылығы 1 Химия, 10-сынып, §3.1-3.9, 168-199 беттер
Химия, 11-сынып, §13.4-13.5 Пластмассалар. Пластмассалардың аса маңызды өкілдері, 280-283 беттер

Тест материалдары

39 Кристалдық құрылымдардың түрлері 1
40 Деформацияның түрлері 1
41 Балқу және кристалдану. Сублимация. 1
42 Практикалық тапсырмалар (Гук заңы. Механикалық кернеу.) 1
43 Практикалық тапсырмалар (серпімді деформацияланған дененің энергиясы). 1 Тест материалдары
Әр түрлі ортадағы электр тогы
44 Металдардың периодтық жүйедегі орны мен атом құрылысының ерекшеліктері. 1

Химия, 10-сынып, «Дрофа», §4.1-4.4, 115-131 беттер
§5.1-5.4, 241-257 беттер
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері.
Металдарды алудың негізгі әдістері.
45 Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері 1
46 Металдардағы электр тогы. Электрохимиялық кернеу қатары. 1
47 Металдардың электр өткізгіштігінің классикалық теориясы (өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі). 1
48 Асқын өткізгіштік («БКШ» теориясы, Л.Купер, Дж.Бардин, Дж.Шриффер). 1
49 Бейметалдардың негізгі физикалық және химиялық қасиеттері. 1 Химия, 10-сынып
§8.1-8.8 311-345 беттер
50 Қазақстандағы металдар мен бейметалдардың кен орындары және табиғатта таралуы. 1
Интернет материалдары
51 Тірі организмдер үшін металдардың маңызы. Металдар коррозиясы. 1
52 Электролиттердегі электр тогы. 1 Химия, 8-сынып, III тарау. Сутек. Қышқылдар. Тұздар. IV тарау. Су. Ерітінділер. Негіздер. 80-111 беттер.
Химия, 10-сынып, «Дрофа» III тарау. Химиялық реакциялар және олардың жүруінің негізгі заңдылықтары.
§3.1-3.5 Судың диссоциациялануы. Тұздар гидролизі 64-80 беттер
IX тарау Маңызды химиялық өнімдерді алу технологиясы.
§9.2 Металлургия. Металдарды өнеркәсіпте алудың негізгі әдістері. 412 бет
53 Электролиз үшін Фарадей заңдары. 1
54 Электролиздің техникада қолданылуы (металдарды алудың негізгі әдістері). 1
55 Практикалық тапсырмалар (Электролиз заңы) 1
56 Газдардың иондық және электрондық өткізгіштігі. 1 Химия, 10-сынып, «Дрофа» II тарау Химиялық байланыс және зат құрылысы.
§2.1-2.3 Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепторлы маханизмі 45-48 беттер
Химия, 10-сынып, VII тарау Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары.
§7.4-7.9
IVA топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Кремний және оның қосылыстары.
VA топша элементтерінің жалпы сипаттамасы.
Фосфор және оның қосылыстары. 199-219 беттер, 223-232 беттер
«Сұрақ және жауап» (энциклопедия), Алматы, «Кітап», 2006ж, «Ғылым және техника» бөлімі: Материяның негіздері, Химикаттар мен қоспалар, Материалдар мен олардың құрылымы, Электроника ғасыры

57 Атмосфералық қысым кезіндегі газдағы электр разряды. 1
58 Вакуумдегі электр тогы. 1
59 Электрондық шамдардың құрылысы. 1
60 Жартылай өткізгіштердегі электр тогы. 1
61 Жартылай өткізгіштердің меншікті және қоспалы өткізгіштігі. 1
62 Жартылай өткізгіштік диод. 1
63 Жартылай өткізгіштік транзистор. 1
64 Жартылай өткізгіштік құралдарды қолдану. 1 Интернет материалдары
65 Зертханалық жұмыс. 1
66 Ғылыми-теориялық сабақ. 1 Оқушылардың өз бетінше ізденуіне негізделген
67 Тест 1 Тест материалдары
68 Жылдық қорытынды (маңызды тақырыптарға шолу жасау). 1 Тәрбие.орг сайтынан Мектепте физика курсын оқытуда пәнаралық байланыстың маңыздылығы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сатыбалдиева Эльмира Омираликызы

ОҚО Қазығұрт ауданы мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты математика және физика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar