Мектептің 25 жылдығына арналған кештің сценариі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 50
  • Авторлық бағдарлама
  • 24/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23374


                   №21жалпы орта білім беретін

 мектептің тәрбие жөнінен

 директордың орынбасары

Тлебалғанова Д.Н.

Мектептің 25 жылдығына арналған кештің сценариі

1-жүргізуші :  (Фанфары )  Армысыздар қадірменді қонақтар,ардагер ұстаздар, мектебіміздің түлектері!

  25  жылда іргесі бекіп,керегесі кеңейген,бірлігі жарасып,ырысы тасыған №21 орта мектептің мерейтойына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші :  Тарихы сонау 1992 жылдан бастау  алатын білім ордасына биыл міне – ширек  ғасыр. 25 жыл ішінде білім ордасы мыңдаған шәкірттің қанатын қомдап, түлетіп ұшырды. Солардың жеткен жетістіктері, шыққан биіктері, атқарған игі істері кейінгілерге үлгі. Кешегі кеңес үкіметі ыдырап ,қайта құру кезіндегі бір аумалы-төкпелі қиын кезеңде бой көтерген  бұл мектеп бүгінде қала мектептері ішінде өзіндік орны бар, іргелі ордаға айналып отыр.

1:Жүргізуші:

25-жыл тарихы бар қаттаулы,

Әрбір жылы шежіредей сақтаулы.

Тәуелсіздік құсы қонған шақта елге

Есік ашқан мектебіміз мақтаулы-дей отырып                                                                                                 20 жыл бойы директорлық қызмет атқарып, ұжымның   бірлігін   арттырып, шығармашылығын шыңдап келе жатқан ұлағатты ұстаз,іскер басшы   Зейнелов Тоқтарбек Зейнелұлына сөз береміз.  (Мектеп тарихы,құттықтау,грамоталар тапсыру)

2-жүргізуші : Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы  мен қала әкімінің құрмет грамотасын тапсыру үшін сөз  осы салтанатқа қатысып отырған қалалық білім бөлімінің басшысы  Фесенко Наталья Анатольевнаға (ол келмесе қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары  Оразбекова Гүлназ Бақдаулетқызына)   беріледі.

  1-жүргізуші: Қалалық  маслихаттың құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын тапсыру үшін    сөз   облыстық маслихаттың депутаты, «Ақшың» корпарациясының президенті, елінің патриоты, мектебіміздің жанашыры Құрманбаев Марат  Серікжанұлына  беріледі.

2-жүргізуші : Шығыс Қазақстан  облысы білім және ғылым қызметкерлерінің  кәсіподақтары Құрмет грамотасын  тапсыру үшін сөз  қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы  Құсаинова Жанат  Ахметжановнаға беріледі.

 

 (Сахнаға бір топ оқушылар шығады)

Дарын: Ассалаумағалейкум, арайлап атқан әр күнінен жақсылық күткен елім!

Айзат: Армысыздар, той десе көңілі көктем, жаны жаз, жайдарлы елім!

Дархан : Бармысыздар , ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтаған елім!                                                                                                                                  Әлімжан : Қайырлы күн, ынтымағы жарасқан, Тәуелсіз елім!

Дарын: Білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусәр бұлағы,

Айзат: Тәуелсіз қазақ елінің құдіреті, болашағының кепілі,

 Дархан:Даналар  мен дараларды баптайтын  құтты мекен...ол 

Бәрі : Әрине, мектеп.

Дамир Иә, достарым. Дұрыс айтасыңдар.

Әрине ол -«Білімнің мерейлі- мекені» -мектеп                                                     

Айзат:Атағы алты қырдан асқан мектеп.

Қадамын болашаққа  басқан мектеп.

Жетістігін жырлайтын ақын болса,

Алпыс күн айтарлықай дастан мектеп.

Ұрпақ үшін қызмет атқарсын деп,

1992  жылы

Үлкендер бата беріп, ашқан мектеп.

Әрсен: Ендеше, Құрметті қауым ,киелі білім ордасының 25 жылдық мерейлі мерекесі құтты болсын!

Дарын:

Өмір бойы мектебімді жыр етем,                                                                                                Бір өзіңде бақыт,білім, берекем.                                                                                                                Шәкірттерің өрістесін, өрлесін                                                                                           Құтты болсын мектеп –ана  мерекең!

Әлімжан: 25 жыл, ширек ғасыр ,Бұл-25 асу,

Дамир: 25 жыл –тәуелсіздікпен бірге жасап, Болашаққа жол ашу!

Бәрі: Мектебіміздің   25 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер!!!

Дархан   : Бергеннің берекесін көрген, ел тұрғанда тойдан қаламыз ба?

Дарын : Сондықтан да,

Айзат : Сіз болып,

Дамир : Біз болып

Әрсен: 25  жылдық мерейтойды

Бәрі: бастаймыз!

Ән:  « Мектебім» орындайтын  оқушылар тобы.

1-жүргізуші :

     Тіршіліктің тынысын, уақыттың жүрісін сезіндіретін, білім әлемінің сырын білетін, өзінің алдынан өтіп жатқан шәкірттерінің жырын жүрекке түйген тағылым иелері,  ардагер ұстаздарымыз бүгін арамызда отыр.                     Олар:

1.Латипа Жұмажанқызы                         10.Гүлнәр Әубәкірқызы

2.Париза  қантайқызы                             11.Рысқали Жарылғасынұлы  

3.Нұрзия Хұсатайқызы                            12.Мұхтархан Кәкенұлы

4.Забида Мансұрқызы                               13.Ғалия Нұрғалиевна

                                                                      14.  Шолпан Жампозбайқызы                                                                                        5.Қаламқас Жұманқызы                            15 .Майгүл Жапарқызы

6.Әлия Хамитқызы                                     16.Мақыпжамал әзенқызы

7.Сұлушаш  Тұрсынғалиқызы                   17 .Айгүл Теміржанқызы

8.Мариямгүл  Айтмұхамбетқызы             

   9.Фаузия Төлендіқызы           

2-жүргізуші: Ардагер  ұстаздарымыздың  атынан мектептің алғашқы  оқу ісінің меңгерушісі    Латипа Жұмажанқызына    сөз береміз

   - 2-жүргізуші :

Өздерінің саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап сан мың шәкіртті алдарынан шығарып салған, бүгінде зейнеткерлік демалыста отырса да мектептің тұрмыс-тіршілігіне қолдау көрсетіп , үнемі жанкүйер болып  жүретін ардагер ұстаздарымыздың орны ерекше.

Зерделеп өнегені бала жастан,                                                                                                Ұстаз болып жаралған әуел бастан.                                                                                          Жылы жүрек, жүзінде мейірім – шуақ,                                                                                        Ғибраты ұстаздың – ұлы дастан дей отырып

Музыка пәнінің мұғалімі  Қуанышбек пен оның шәкірті Балжанның орындауындағы әнді  сіздерге арнаймыз  аяулы,ардагер-ұстаздар !

 

Ән: «Алтын ұя мектебім»

Күй:  «Адай» орындайтын Мирас  

1-жүргізуші : Халықтың мұң-мұқтажын көтеріп,  мейлінше күрмеулі мәселенің түйінін шешіп беруге мүдделілік танытып жүрген  облыстық  мәслихаттың депутаттары болашақтың бастауы мектепті назарларынан тыс қалдырған емес. Бүгінде мектептің қамқоршылық кеңесіне басшылық жасап,  мектептің   материалдық базасын нығайтуда қомақты үлес қосып, оқушылар мен ата-аналардың ризашылығына бөленіп жүрген Құрманбаев Марат Серікжанұлының есімін бүгінгі кеште ерекше атап, алғысымызды жеткізгіміз келеді

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,                                                                                    Көңілді күндер тусын алдан  әлі                                                                                            Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,                                                                                                 Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ән: «Біз отанның ұланымыз»  орындайтын оқушылар тобы.

Ән:  «Аяулы мектебім»  орындайтын дуэт

2-жүргізуші :

Өткенсіз бүгін жоқ дегендей, 25 жылдық тарихында мектеп өміріне өздерінің өшпестей ізін қалдырған ұстаздар жайлы айтпай кетуге болмас. Санаға ақыл ұялатып, арманды алдан қиялататын, өмірді ұғынуыңа себеп, тірлікке кіруіңе көмек болатын, әр шәкіртін аялап, мейірім шуағын аямайтын, бала жүрегінде тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын ұстаздар қауымына құрметімізді ыстық шапалақтың үнімен білдірейік. Ұстаздықтық туын мектеп туымен қатар алып келе жатқан ұстаздарымыз:

1.Аян  садықбайұлы                       4.Парғат Ишманұлы

2. Бибігүл Кеңесқызы                     5.Зайна Оспанқызы

3.   Лаззат Мұхаметқалиқызы        6.Бақытгүл Төлеубекқызы                                                                                   

1-жүргізуші :

Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,                                                             Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.                                                                       Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,                                                                           Өздеріңнен бастау алар бар арман.

2-жүргізуші :

Келесі ән сіздердің құрметтеріңізге арналады аяулы ұстаздар

Ән: « Отан» 

2-жүргізуші:

Сіздерге сәлем бердік  шын жүректен

Істерін жас ұстаздар үлгі еткен

Қанша жыл осы ортада қызмет қылып

Басқа ұяға коллективін қимай кеткен   ұстаздарымызда бүгін арамызда

Олар: Жұмағазы Құрмашұлы, Жанаргүл Жұмаханқызы,Гүлжанат Қасымқызы

Мектебіміздің мың бұралған бишілерінің орындауындағы биді сіздерге тарту етеміз

Би: «Балбыраун» 3-4 сынып бишілер тобы

2-жүргізуші :

Береке мен бірліктің басын құрап,

Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ,

Бітіргелі мектепті 25пе, бәлкім 10 ба 15 жыл,

Сағынысып кездесу – асыл мұрат,- деп мектеппен сағыныса қауышқан түлектерге қошемет көрсетіп, қол соғамыз.

1-жүргізуші :

Ой тастап отыр бәрі  өткеніне,
Келгендей бала кездің көктеміне.
Оралды олар, міне, ұстазына,
Оралды олар, міне, мектебіне.

2-жүргізуші :

Сағым жыл жанға алаулы жағар отты,
Олар да күні кеше бала бопты.
Бүгін де жігіттері әке атанып,
Қыздары сәбилерге ана бопты.


1-жүргізуші :

Емес пе ед кеше оларды бала көрер,
Өзгертіп уақыт шіркін сала берер.
Есейіп, ержетсе де, ұстаздарға
Әлі сол түлек болып қала берер.

2-жүргізуші :

Тергендей бала шақтан дала гүлін,
Олардың ұқшы сырын дара бүгін.
Қанша жыл бұрын қалған осы жерде
Іздеп тұр олар қазір балалығын...

 1-жүргізуші:  Ендеше сөз кезегі сіздерде құрметті мектеп түлектері! (түлектер сөйлейді)  Видео салем жолданады

2-жүргізуші:Жырақта жүрсе де білім нәрімен сусындаған білім ордасымен байланысын үзбей, ұстаздарын ұлықтап,мектебіне көмек  қолын созып, адамгершілік парызын абыроймен атқарып жүрген түлектеріміздің барын мақтан етеміз.

1- жүргізуші : Бір кезде  облыс басшысы болған Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Туған жерге тағзым» акциясы бүгінде осы ниеттің жоралғысындай болып, кеңінен қанат жая бастады «Туған жерге туың тік!» деп дана халқымыз айтқандай, кездесуіміздің  мақсаты — осы акцияға бастау беру, мектеп түлектеріне мектепті көркейтуге үлестерін қосу туралы үндеу тастау, елден шыққан азаматтардың кіндік қаны тамған, өзі білім алған  мектептің  дамуына жанашырлық білдірулеріне мүмкіндік беру.

2-жүргізуші: «Туған жерге - тағзым»акциясын барынша қолдап, кіндік кескен мекендеріне қамқорлық танытып, қайырымдылық көрсетіп жатқан  азаматтардың саны күн санап көбейіп келеді . Осындай ел үшін жасалған игі істердің алдағы уақытта жалғасын табатынына сенім білдіргіміз келеді

Тулектердің құрметіне орындалатын «Семейім» әнін  « Үш қыран» тобының орындауында қабыл алыңыздар

Ән «Семейім» 

1-жүргізуші :  Оқудағы,өнердегі,спорттағы жетістіктерімен мектебіміздің абыройын асқақтатып,намысын қорғап,мерейін арттырып жүрген оқушыларымыздың есімі  көптеп саналады.

2-жүргізуші: Мектеп мақтаныштары  Инабаттың орындауындағы  ән сіздер үшін ,қабыл алыңыздар!

Ән: «Ұстаздарға арнау »( Инабат орындайды)

Ән: «Әсем ән»  Махмутова Нигара

2-жүргізуші: -Менің  мамандық  таңдауыма  ұстазымның  ықпалы ерекше болды. Жәнібек ,  сенің де ұстаздық жолды таңдауыңа ұстазың әсер еткен болар?

1-жүргізуші - Менің ұстаздық мамандыққа келуімнің себебі : ата-анамның  мұғалім болғандығынан болар .Жалпы ұстаздық мамандық өте жауапкершілігі жоғары,қиындығы мен қызығы бірге жүретін мамандық қой. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!

2-жүргізуші: - Ендеше  барлығымыз қосылып  «Ұстазым» әнін шырқайық!

Хор «Ұстазым» 

Тәрбие.орг сайтынан Мектептің 25 жылдығына арналған кештің сценариі Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar