«Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім!»

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 415
  • Авторлық бағдарлама
  • 26/Сен/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23130


«Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім!»

"Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы.
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан, шәкірттерінен тәлім-тәрбиесін аямаған, шәкірттерінің болашағына бағыт-бағдар берген осы бір ұлы тұлғаға қалайша бас имейміз?! Көзімді ашканнан ата-анам биік таудай көрінсе, мектепке барғаннан мұғалім бір биік төбе секілді көрінді. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, ұстаз болу арманым болды.
Ұстаздарымнан білімді, тәрбиені, ұқыптылықты, көптеген жақсы қасиеттерді үйрендім. Адам өмірінің басты таңдауларының бірі мамандық демекші мен де ұстаз жолын таңдадым, және ұстаздық мамандық таңдағанымды мақтан етемін. Қазіргі таңда мектептегі ұстаздарым, әріптестеріме айналды. Осы ұлы жолда ұлағатты ұстаздарым, маған әлі де білгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп келеді.
Еңбек жолымдағы алғашқы мереке төл мерекеміз «Ұстаздар күні» де келіп жетті. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдерім әрі әріптестерім: Абдынасыров Садуақас, Утеев Сауірбай, Унгарбаева Жаннат, Оңайбекова Тамара, Баимбетова Тәрбия, Тукимова Динара, Игібаева Тазагүл, Капсалиева Ақмарал, Чабаева Мадина, Мұшахан Гүлжамал сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке, бастарыңызға амандық, қызметтеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін.
Маған дәріс беріп, болашағыма үлес қосқандарыңыз үшін, алғашқы еңбек жолымдағы көмектеріңіз үшін мың алғыс! Мектептің басты тұлғасы, жүрегі сіздерсіздер ардақты менің ұстаздарым!

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 орта мектеп
Математика пәнінің мұғалімі: Үмбетқали Гүлнұр Тәрбие.орг сайтынан «Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім!» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Үмбетқали Гүлнұр Ғалымғалиқызы

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылы №1 орта мектеп Математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar