Мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 43
  • Авторлық бағдарлама
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23256


«Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау» тақырыбындағы коучингтің жоспары

Өткізуші

Мусаева Меиркул Байғашқызы

р/с

Тақырыптың аты

Мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау

1

Мақсаты

Тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау туралы түсінік бере отырып,тәрбие үдерісінің нәтижелілігі оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына байланысты екендігін ұғындыру

2

Күтілетін нәтижелер

Коучингте өткізілген әдістерді, стратегияларды өз сабақтарында қолдануды үйренеді.

3

Көрнекіліктер

маркерлер, стикерлер (әр түсті),

 

Коучингтің өтілу кезеңдері

Уақыты

коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

 

2 мин

«Қаладан базарлық» тәттілерді ұстаздарға кіріп келе жатқанда ұсыну.

Топқа бөлу

5 мин

сол кәмпит түсі бойынша топқа бөлу.

Топтың өзіндік ұстанымдарын шығарту, таныстыру

Ынтымақтастық, жағымды ахуал туғызу, шабыттандыру

5 мин

«Өзіңізге тілегенді-басқаларға тілеңіз» тілектер корзинасы

Тақырыппен таныстыру

1 мин

коучингтің тақырыбымен таныстырады.

Сергіту сәті.

Топтық жұмыс

Кластер құрастыру

4мин

 

 

5 мин

Зарядись на успех мультфильм көрсету

 

Тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау дегенді қалай түсінесіз?

Рефлексия

2мин

Ойлары нақты, түсінікті, кластерді толық жасап үлгерген топты ұстаздар апарып қондырған стикерлер арқылы анықтау, қошеметтеу.

Теориялық бөлім

5мин

Презентация:

«Қазіргі мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау»

 

Тәрбие үдерісінің нәтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тәуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:

- нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық әрі кәсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу және нақты іс-әрекеттік көмек көрсету;

адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;

ауытқуға бейім қылық-әрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты әрекеттердің ерекше түрі;

келеңсіз мінез әрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жәрдем беру; баланы басшылықты жетекке алу;

тәлім-тәрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;

балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тәрбие шеңберін үйлестіруге бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу. Педагогикалық қолдау – бұл: тәрбиеленуші сенімінен шығу; көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тәрбиеленушілерге қол ұшы жәрдемін беріп, қолдап-қуаттау.

Педагогикалық қолдау:

тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді; жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсету.

Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұныадамды алда көздеген нәтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды.

Постер құрастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

«Бала тәрбиесі – баршаға ортақ»

(Сыныпта көбіне проблема болатын «қиынға бейім» оқушының бейнесін сала отырып, олармен мәселені шешу жолдарын, келеңсіз мінез әрекеттеріне бейім жасөспірімге нақты жекеленген жәрдем беру, яғни нақты педагогикалық қолдау көрсету жолдары

1-топ . Сәтсіз отбасының баласы.

2-топ . Әлеуметтік аз қамтылған отбасының баласы.

3- топ. Қараусыз қыз бала.

«2 жұлдыз, 1 тілек» стратегиясы арқылы бағалау).

Топпен жұмыс

«Менің атым Қожа» фильмінен үзінді

15 мин

 

Ойтүрткі. Ой салу әдісін пайдалана отырып,ойлануға арналған жұмыс.

Интербелсенді әдіс
1 топ - (Ұстаным) тапсырмасы:
«Менің ойымша, Қожа...»
2топ - (Негіздеу) тапсырмасы:
«Себебі....»
3топ- (Мысал) тапсырмасы:
« Мен мұны келесі мысалдармен дәлелдеймін...»
4топ –(Пайымдау) тапсырмасы:
«Осыларға сүйене отырып, мен мынадай қорытындыға келдім және өзінің көздеген нəтижелерінен алшақтататын кедергілерді жеңу үшін қандай қолдау көрсетер едіңіздер.»

ҰТМП/ ПОПС формуласы бойынша фильмнен үзіндіні талдау

рефлексия

2 мин

Смайликтер арқылы бағалау.

Кері байланыс

3мин

Ағаштарға құстарды қондырайық.

Тәрбие.орг сайтынан Мектептің тәрбие жұмысы үдерісіндегі педагогикалық қолдау Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мусаева Меиркул Байгашевна

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Жетіарал мектеп-балабақша кешені» КММ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Пікірлер: 0

avatar