Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мен – Қазақстан патриотымын
  • 16.05.2016
  • 628 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19017

Мен – Қазақстан патриотымын
Шығарма
Мұхтаров Саяхат
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК
«Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі» мамандығы, 2-курс
Ғылыми жетекшісі: Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
Педагогика пәнінің оқытушысы, п.ғ.м.

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Өз елін, жерін, салт-дәстүрін, тілін құрметтейтін адам өз елінің патриоты деп ойлаймын. Осы тұрғыда мен өзімді патриотпын деп толық айта аламын. Себебі, бала күнімнен тіл шыға бастап, ана тілімде сөйлеп, жүрегімнің тұсына қолымды төсеп, ән ұранды айтып өскен баланың бірімін.
«Жерінде – бабасының,
Елінде – атасының,
Көңілінде - әжесінің,
Қолында – анасының,
Жолында – ағасының,
Төсінде – даласының,
Тапқан өз жарасымын,
Мен – қазақ баласымын» бабаларымыз айтқандай, ата-әжемнің тәрбиесін көріп, салт-дәстүрімді біліп, ұлттық ерекшеліктерімді сезініп өскен ұрпақпын.
Өз бойымдағы патриоттық сезімді сөзбен жеткізіп айту өте қиын. Ондай сезімді Олимпиада ойындарында еліміздің әрбір спортшысына жанкүйер бола отырып, спортшыларымыз алтыннан алқа тағып, көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз шырқалып жатқан уақытта көзіме еріксіз жас келіп, кеудемді мақтаныш сезімі билеп, жанымды тебірентер айтып жеткізуі қиын сәттерде басымнан кешіремін. Бұл бір қазақ ұлтына деген ұлы махаббаттан деп айта алар едім.
Мен қазіргі уақытта М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі» мамандығының екінші курс білім алушысымын. «Алаш Отаны» атанған киелі мекен Семей жерінде туып өсіп, ұлттымыздың біртуар ұлы тұлғалары Ә.З.Сәтбаев, М.О.Әуезов, Ж.Аймауытов, Қ.И.Сәтбаев, Қ.Нұрмұхаметов, Б.Сәрсенов т.б. ұлт зиялылары білім алып, ағартушылық, қайраткерлік, жазушылық, ғалымдық қадамдарын бастаған білім ордасында оқып жатқанымның өзі кеудеме мақтаныш сезімін ұялатары сөзсіз.
Қазақ топырағына футбол ойынын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, «Ярыш» футбол командасының белсенді мүшесі, Мұхтар Әуезовтың аяғының ізі қалған Семей қаласындағы «Стартак» орталық стадионының тапырағында күнделікті сабақ өтуіміздің өзі мен үшін аса жауапкершілікті сезіндіреді. Осы сәтте Мұхтар Әуезовтың: «Алтын анам, Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ, - деп ер қайратыңа мін-дағы өрге бас»-деген сөзі, жаныма жігер, бойыма қуат, жүрегіме намыс береді.
Мен өз елімнің патриоты ретінде болашақ мамандығыма сәйкес үлесімді қосу үшін, колледже және колледжден тыс түрлі іс-шаралар, жарыстар, конверенцияларға қатысып, жетістіктерге жетіп, бойымдағы қасиеттерімді дамытып келемін. Сол жетістіктерімнен бір бөлігін ғана ұсына кетуді жөн көріп отырмын.

Теориялық білімізді іс-тәжірибемен тікелей байланыстырып, мектепке байқау сабақтарын өткізіп жүрміз. Мектептегі іс-тәжірибе барасында мектеп оқушыларына тәрбие сағаттарында патриоттық тәрбие бағытында әр түрлі тәрбие жұмыстарын өткіземіз.

Еліміздің ата заңы – Конституцияның 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп атап көрсетілгендей, Отанының лайықты қорғаушы болу – күрделі іс, сондықтан әрбір жасөспірім мектеп қабырғасынан бастап, өзін әскери қызметке дайындауға, өз Отаны –Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық жауапкершілігін өтеуге кәміл ұсынуы тиіс.
Осы оқуымды аяқтап, мектепке жұмысқа орналасқаннан кейінде мектеп оқушыларына саналы тәрбие бере отырып, ұлтымыздың халық мұрасы саналатын ата–бабамыздан қалған өсиет нақыл сөздерін, ұлағаты тұлғалардың, шешендердің өнегелі өмірін қазіргі жас ұрпаққа үлгі еткім келеді.
Ұлттық патриотизмді қанмен, тектілікпен туа біткен қасиеттердің тәрбие арқылы бекіп, нығаюы, елін, жерін шексіз сүйіп, ұлттың барлық қасиеттерін ардақтап деп түсінеміз. Біздің Отанымыз –Қазақстан. Ендеше жастарымыз осы мемлекеттің мүддесін қорғайтын патриоттар болуы керек.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз– бірлік! Мен халқыма сенемін. Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін! Алға Қазақстан!
Өз еліне, жеріне, ұлтына деген мақтанышын бойларына сезінуге өз үлесімді қосамын деп ойлаймын. Алдығы уақытта алған бағытымнан таймай, білімімді толықтырып оқушыларға патриоттық тәрбиеге баулуға бар күш жігерімді жұмсаймын деп айта аламын. Тәрбие.орг сайтынан Мен – Қазақстан патриотымын Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мұхтаров Саяхат

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 628 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar