«Мен – елімнің патриотымын»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 247
  • Авторлық бағдарлама
  • 13/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22800


Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданы
ЖББ Сырым орта мектебінің І санатты математика пәні мұғалімі және 10-сынып жетекшісі Досқалиева Г.К.
«Мен – өз отанымның патриотымын»
Сабақтың тақырыбы: «Мен – елімнің патриотымын»

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларды саяси саналылыққа,достыққа, адамгершілікке, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
ә) Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін, өз Отанын сүйетін тұлға
қалыптастыру.
б) Патриоттық, эстетикалық тәрбие беру, ойын жеткізе білуге үйрету. Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Еліміздің рәміздері, нақыл сөздер, Видиофильм «Менің елім - Қазақстан», фотосуреттер
Тәрбиелік байланыс: Ақыл – ой тәрбиесі.
Адамгершілік тәрбиесі.
Оқушылардың саяси мәдениетін қалыптастыру тәрбиесі.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мен– елімнің патриотымын!».
Бүгінгі айтылар ән де, әңгіме де туып-өскен жеріміз – отанымыз Қазақстан туралы, отанын жанындай сүйіп, қасиет тұтатын жас жеткіншектер, мына сендер туралы болмақ. Отан – адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны Қазақстан республикасы. Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұлан-ғайыр кең өлке. Отанын шексіз сүйіп, оны қасиетті туындай қастерлеу әрбір адамның отан алындағы, ар алдындағыазаматтық борышы. (Оқушыларға видекөрініс көрсетіледі. Мультимедиялық көрініс – «Менің елім - Қазақстан!»).

Ой қозғау
1. Оқушылар, Отан дегеніміз не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? (оқушылардың ойларымен бөлісу).
2. Елін, жерін, отанын, халқын, ана тілін сүйетін азамат қандай болуы керек
3. «Өз елінің патриоты» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар өз түсініктерін стикерлерге жазып, түсінік ағашына жапсырады).



«Білген сайын келеді біле бергім» (сұрақ-жауап)
1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігің алды? (1991 ж. 16 желтоқсан)
2. Қазақстан Республикасының астанасы (Астана)
3. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
шектесетін тәуелсіз мемлекет. (Қазақстан Республикасы)
4. Отан үшін отқа түс ......... (күймейсің)
5. Елтаңба авторы (Жандарбек Мәлібеков)
6. Күннің көзі ұясына, қимай оны батады екен... Қандай әннен алынған үзінді? (Атамекен)
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
8. Қазақстан Республикасының президенті (Н. Назарбаев)
9. Отан ..... – (отбасынан басталады)
10. Сенің ана тілің (Қазақ тілі)
11. Қазақстанның болашағы кімдердің қолында?

Ия, осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі елінің келешегі, болашақ ұрпақ, мына сендердің қодарыңда. Сендерге мұра болып қалмақ. Ал сол болашақ жастар сендер қандай болуларың керек? (Оқушылар «Болашағым Қазақстан» сөзін басшылыққа ала отырып, сөздер айтады.)

Б – білімімді арнайтын
О – отанымды қорғайтын
Л – лаңкестікті даттайтын
А – адалдықты жақтайтын
Ш – шуағымды шашатын
А – асулардан асатын
Ғ – ғарыш сырын меңгерген
Ы – ынтымақты тең көрген
М – менмендікті жек көрген

Қ – қазаққа қызмет ететін
А – арманына жететін
З – заңды жақсы білетін
А –алға қарай жүретін
Қ – қайырымды елімнің
С – салтанатты жерімнің
Т – толықтырам сенімін
А – абырайын жігерін
Н – намысын қолдан бермейтін
Бірге:
Біз боламыз әрқашан
Патриоты елімнің»

Мұғалім:
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
Қазақстан біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай менен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып – жасарып жатыр.

Хор: Әрқашан күн сөнбесін

Қорытынды

Мұғалім:
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.
Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындасын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын! Тәрбие.орг сайтынан «Мен – елімнің патриотымын» Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Досқалиева Г.К.

Пікірлер: 0

avatar