Мен табиғатты қорғаймын

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 303
  • Авторлық бағдарлама
  • 13/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20488


Біз ата-бабамыздан табиғатты мұраға,
Ал болашақ ұрпқтан қарызға алдық.
Халық даналығы
Жоспар
І . Кіріспе
Табиғат – бізді қоршаған орта
ІІ. Негізгі бөлім
А. Арыс – экологиялық аймақ
Ә. Мен табиғатты қорғаймын
ІІІ. Қорытынды

Табиғат – бізді қоршаған орта. Табиғат болмаса адам баласы өмір сүре алмайды. Адам мен табиғат арасында орасан зор байланыс бар. Табиғат – Жер - Анадан бастау алады. Сондықтан да, адам өмірі жермен тығыз байланысты. «Жерден қасиетті, жерден киелі дүние жоқ», - деп ата – бабаларымыздың айтқан сөздерінің астарында үлкен мән жатыр. Жер бар жерде ел бар. Ел – адамзаттың өмір сүрер ортасы. Жер – адам баласының жарық дүниеге көзін ашқан сәттінен бастап, дүниеден озғанға дейінгі мекен ететін орны, яғни, Атамекені. Мен - Жер – Анадан нәрленіп, табиғаттың ауасымен тыныстаймын, күн шуағынан қуат аламын, тіршілік нәрі – сумен сусындаймын. Сондықтан да, Табиғат –Анаға шексіз разымын!
Адам баласы өзінің туып – өскен жеріне деген шынайы сүйіспеншілігін, алаулаған сағынышын, қадір - құрметін жүректен шыққан құдіретті сөзбен, ойлы өлеңмен , сазды әуенмен, сырлы суретпен жеткізе біледі.
Табиғат тазалығы – адам денсаулығының кепілі. Алуан –алуан көз тартар гүлдер алқабы, сайраған құстар, сылдырлаған бұлақтар, биік- биік бір- бірімен жарысқан таулар, жарқыраған күн мен ай, таза әрі жұпар иісі аңқыған ауасы - адам баласына саулық пен қуаныш сыйлайды.
Адамзат тіршілігіне қажеттінің барлығын табиғаттан алады.
Табиғат – қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс.
Арыс ауданының экологиялық аймаққа жатуының бірден – бір себебі, Арал теңізінің тартылып, жойылуы.
Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, био әр түрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады.
Бұл проблеманың тууына себепші болған — адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң - тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтар мен Норвегияның орманды алқабына да жеткені дәлелдеген еді.
Арал теңізінің экологиясы, Арал теңізі – Қазақстаның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км², тереңдігі — 30-60 метр, тұздылығы — 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. 1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал, Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері — антропогендік факторлар еді.
Өз үйім, өлең - төсегім
Табиғат боп қалады
Оған атқан кесегің
Өз басыңды жарады.
Кеудемізді ұрғылап,
"Бағын, табын, жер"дедік
Жер мен көкті бұрғылап,
Аралды да жерледік.
Сондай – ақ, табиғи ортаның ластануы себепші болуда. Атап айтар болсам, Арыс қаласының маңындағы «Қазарсенал» ЖШС-нің жарамсыз оқ – дәрілерді залалсыздандыру орнын қала маңына жақын орналасқан. Сол полегонда жарылған жарамсыз оқ - дәрілерден адам ағзасына зиянды көмір қышқыл газы, уран , улы иістер бөлінеді. Соның салдарынан қазіргі таңда демікпе, тамақ аурулары, бас аурулары мен жүйке аурулары кеңінен орын алуда.
Табиғатты тонадық
Байлық үшін бір күндік
Жерді атомға мола ғып,
Кештеу, жалған күрсіндік, - деп, жас ақын Омар қаржау Айтолқын текке жырламаса керек.
Табиғаттың ластануына тағы бір себепші фактор толассыз жауған жауын – шашын. Жауын – шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады.
Аудандағы ең келелі мәселе болып отырған Сырдария елді мекеніндегі халықтың тұзды суды азық етуі . Тұзды су адам ағзасындағы қан тамырларына орасан нұсқан келтіреді. Сол себепті де осы кезде халық арасында гипертония ауруы мен бүйрек аурулары көбеюде.
Осындай мәселелер мені тебірентпей қоймады.

Мың шыбық шаншып, өсірсең,
Халқыңа орман салғаның,
Халқыңа орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның, -
дегендей, табиғатты қорғау үшін , ластанған ауаны тазарту үшін ауданымызды барынша көгалдандыру қажет деп білемін.
Табиғатта сезім де, құлақ та бар,
Ренжітсең күрсініп жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар.
Табиғатты ластап, адам өміріне зиянын тигізетін осы әрекеттер жойылса, табиғатты тиімді пайдалану, көркейту, қорғау кешенді түрде қарастырылса, өңіріміздің табиғаты қорғалып, өлкеміз гүлденіп, экологиясы жақсарар еді.
Ей, Қазақстан ұланы,
Болғайсың дала қыраны.
Жер - суын қорғау бабаңның
Емес - пе еді басты ұраны?!-
деп, келешекте мен қай саланы таңдасам да, елім мен жерімді , табиғатты қорғап, аялау үшін бар үлесімді қосуға уәде беремін! Тәрбие.орг сайтынан Мен табиғатты қорғаймын Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асан Бақдәулет Сұлтанұлы

ОҚО Арыс қаласы С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы

Пікірлер: 0

avatar