Менің Қазақстаным – менің болашағы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 324
  • Авторлық бағдарлама
  • 27/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21342


«Новоселов орта мектебі» КММ

Дөңгелек үстел
«Менің Қазақстаным – менің болашағым!»

Мұғалім: Кадирова Ж.О.

2016-2017 оқу жылы

«Менің Қазақстаным – менің болашағым!»
Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың білімдерін тереңдету. Туған өлке туралы мәлімет беру, жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, туған жеріне, еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Олармен бірге «Туған жер», «Ана тілі», «Мемлекеттік тіл», «Ел тарихы» , «Елімнің отаншыл адамдары» тақырыптарына ой толғау.
Көрнекіліктер: қанатты сөздер, суреттер, слайдтар көрсетіледі.
Дөңгелекүстелотырысыныңбарысы:
-Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде – «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» деген тақырыпқа сыр шертейік!
-Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ел халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі», «Қазақстан болашағы – қазақ тілінде» деген болатын. Мемлекеттік тілдіүйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз саналады.
- Оқушылар, тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Тілді білу – халықты, тарихты сыйлау. Тіл – ұлттың, халықтың жаны. Тілді құрметтей білу керек.
Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай еліміздің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.
Мен сендерге «Отан туралы» өлеңін оқып берейін.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!»- деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарыпшық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан!
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Енді, Отан дегеніміз не?
Николай : Әр адамда Отан бар. Отан, туғанжер, атамекен – бізтуып – өскенжер. Менің Отаным –Қазақстан Республикасы. Менің кіші Отаным – Новоселовка ауылы. Меніңше, өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Менің ұлтым – украин, бірақ мен «Отаным» деп Қазақстанды санаймын, себебі мен осында туып өстім. Отан – кең мағыналы, қасиетті ұғым. Отанымыз туралы, оның тарихы, салт – дәстүрі, тілі өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз керек.
Оқушылардың жауабы:
туып – өскенжер,
адамның кіші Отаны да болады. Ол – үйі, ауылы, мектебі, достары.
Отанды сүйебілген адам бақытты.
Отанды сүю отбасынан басталады.
Ұлы адамдар сүйікті Отанына тамаша өлеңдер,әндер арнаған.
Мұғалім : Жақсы, Николай ,рахмет! Енді тақтадағы өлең жолдарына назар аударайық! «Отан – сенің ата - анаң» дегенді қалай түсінесіңдер?
Катя:: Отан – біздің ата – анамыз. Қазақстанда біз бақытты өмір сүреміз. Мектебіміз бар, онда бізге оқуға жақсы жағдай жасалған. Полиглот болу, яғни, көп тіл білу – заман талабы. Мен үш тілді игеріп жүрмін. Орыс тілі – ресми тілі , қазақ тілі – мемлекеттік тіл, ағылшын тілі – әлемдік тіл. Қазақстаным ата –аннам сияқты, сондықтан мен оны бағалаймын, қадірлеймін. Келешекте Отанымды алға дамытуға өз үлесімді қосамын. Мұғалім:Рахмет!
Келесі бір жол «Отан – тарих, Отан - тіл», кәне, кімде қандай ой бар?
Миша: Біздің Отанымыз – Қазақстанның да көне тарихы бар. Мен Елімнің тарихи тұлғаларын білемін, олар – Абылай хан,Кабанбай, Бөгенбай батырлар және Шыңғыс, Құнанбай сұлтандар. Сонымен бірге қазақтың көне қалалары туралы да білемін. Олар – Отырар, Түркістан, Тараз.Отырар қазір жоқ. Түркістанды қазақтар «Екінші мекке» дейді.
Туған өлкем солтүстік Қазақстан, аққайын өлкесі дейді. Біздің өлкеміздің табиғаты бай. Есіл – үлкен өзені бар.Біздің жеріміз көлге де бай. Көлдері: Саумалкөл, Шалқар, Имантау, Борабай.
Мұғалім :Рахмет, Миша.
Құрметті оқушылар! « Өнер алды – қызыл тіл» - деген мақал. «Отан - тіл» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ажар: Менің Отанымның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол Алтай тілдік тегіне, Түркі тілдер тобына жатады. Оны зерттеген ғалымдарды білемін. Олар В.В. Радлов, В.В Бартольд, Ғ. Айдаров, Н. Сауранбаев. Мен мемлекеттік тілді сүйіп оқимын, себебі, ол - менің ана тілім, оны білу – Қазақстанның әр азаматына міндет. Мемлекеттік тіл маған келешегім үшін қажет. Оны терең білу – біздің борышымыз.Тіл - өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне де алмайтын еді.Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдеп – ғұрыптары, дәстүрлері бізге тіл арқылы жетеді. Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады. Қазақ тілі – өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Ол Қазақстанда 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.
Мұғалім :Рахмет!
Енді, Отаншылдық – бойынша ойымызды ортаға салайық!
Гульзира: Отаншылдық, отан сүйгіштік – қасиетті ұғымдар. Мен Отанымның отаншыл адамдарын білемін. Қазақтыңүш жүзін біріктірген – Абылый хан.
Үш билер – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Отан үшін жанын берген Әлия Молдағулова және Мәншүк Мәметова. Олар – Отанын шын сүйген адамдар. Мен де олар сияқты отан шыл боламын. Отаным үшін адал ең бекетемін.
Мұғалім :Рахмет!
Альбина :Егеменді ел болып, халқымыз өзеркімен тұңғыш Президентін сайлады. Елтаңбамызды ,Туымызды белгіледік. 1991 жылы қазақ жігіті Тоқтар Әубәкіров Ғарышқа ұшып, ұлттың мерейін көтерді.Туған жерімізде талай – талай өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Еңбастысы тату – тәтті ынтымағы мол халқымыз бар. Қазақстанның ең үлкен жетістігі – Ұлтаралық келісім мен бейбіт өмірі. Қазақстан мемлекеті – БіріккенҰлттар Ұйымына мүше. Қазақстанның өз әскері бар. Қазақстан дамыған елдердің қатарына жатады. Біздің Республикамызды дүние жүзінің көптеген мемлекеттері біледі.
Мұғалім: Балалар, бүгінгі өтіп отырған дөңгелек үстел отырысында «Отан», «мемлекеттік тіл», «тарих », «отаншылдық» тақырыптары бойынша ой толғадық.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстанның ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең, әрі жан – жақты білімді болу - міндеттерің.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.Олар: байрақ, елтаңба, әнұран.
Еліміздің көкбайрағын суреттеп көрейікші?

Никита: көк жүзінде әлемге нұрын шашқан күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан қыран. Қыран – тыныштықтың, бостандықтың, берекелі өмірдің белгісі. Ою – өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен – тек,
Елдің ашық қабағы.
Елтаңбамыз қандай?

Дидар: Елтаңбада көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, қанатты пырақтар көмкеріп тұр. Жоғарыда, бес бұрышты жұлдыз бейнеленген, Қазақстан деген жазу бар.
Елтаңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі.
Мұнда да бар ерлігім,
Мұнда да бар өрлігің.
Әнұранымыздың мәтіні нені мадақтайды?
Әнұран - халық тіршілігінің лүпілін, тұрмыс – тіршілігін білдіреді. Оның авторлары – Н.Ә.Назарбаев пен Ж.Нәжімеденов, музыкасын жазған - Ш.Қалдаяқов.
Таня: Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты!
Қазақстан жетістіктері тірек – сызба арқылы баяндау
Қазақстан жетістіктері
1991 жылы 1 желтоқсанда – Қазақстанның тұңғыш Президенты болып Н.Ә.Назарбаев сайланды
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жылы 2 –ші наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымына толық құқылы мүшесі
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы, 15-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994 жылы 30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлықсапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1995 жылы ақыл – ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жылтолғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30- тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997 жылы Астана Ақмола қаласына көшірілді.
Астана туралы бейне таспа көрсету.
Астана қандай қала?
Астана – Қазақстан Республикасының елордасы.
Астана - көрікті, әсем қала.
Астана - бас қала.
Астана - жасқала.
Ол Есіл өзені жағасында, Сарыарқа жерінде орналасқан.
Мүнда әсем ғимараттар, мұражайлар, ескерткіштер бар.
Астана жылдан – жылға көркейіп келе жатыр.
Астана – болашағы үлкен қала.
1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белгіленді
1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
2000 жыл «Мәдениетті қолдау» жылы болды.
2001 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздікке 10 жыл толды
2002 жыл «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2005 жыл Дүние жүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2007 жылы «Қазақстандағы Германия жылы» болып жарияланды
2007 жылы 2007-2012жылдарға арналған Білім туралы Заң шықты
2008 жылы Астанада «Қазақ елі»монументі ашылды
2008 жылы «Украинадағы Қазақстан жылы» болып жарияланды
2010 жылы ҚР ЕҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті. Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.
2011 жылы жетінші қысқы Азия ойындары және Ислам саммиті болып өтті.
2012 жылы Экономикалық келісім қабылданды
2013 жылы «2050 – стратегиясы »
2014 жылы «Мәңгілік ел»
2016-16 желтоқсанда Тәуелсіздікке 25 жыл
Мұғалім:Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.Болашақты жалғастырушы – біздерміз.
«Біз кімбіз?»
Николай : - Тәуелсіз елдің жастары.
Никита: - Ел қорғаушы.
Миша: -Өз Отанымыздың патриоты.
Влад: -Заңдарды қорғайтын ұландар.
Дидар: - Халықаралық «Болашақ » стипендиясының иегері бола аламыз.
Катя: - Өз жолын анықтай алатын азамат.
Таня: - Біз бақытты, интернет жүйесіне қол жеткізген жастармыз.
Сондықтан, мемлекеттік тіліміздің асыл қасиеттерін бойымызға сініріп, оның қадірі мен қасиетін терең ұғынып, еліміз бен жеріміздің гүлденуіне мол үлесімізді қоса білейік
Ажар: Үш Бақытым
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілім дедім.
Кей – кейде дүниеде түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу – Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойлан бай – ақ кел – дағы от ал менен. (М.Мақатаев)
Мұғалім: Қазақстанның болашағы – сендер.
Қазақстанның адал азаматы, елдің тірегі болатындарыңа мен сенемін.
Отанымыз тыныштыққа, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақытын ұрын шашсын!
Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар! Тәрбие.орг сайтынан Менің Қазақстаным – менің болашағы Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кадирова Жанар Оразбаевна

Пікірлер: 0

avatar