Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
«Менің елім- Егеменді Қазақстан » мақала
  • 21.01.2017
  • 72 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21174

«Менің елім- Егеменді Қазақстан » мақала
«Тәуелсіздік»... Осынау тарихқа тұнған ұлы сөзді естігенде «қазақпын» деген әрбір жанның жүрегінде үлкен сезім орнайды. Себебі, сонау қиын кезеңдерде қазақ халқы үшін қымбатқа түскен ,ата -бабаларымыздың ең үлкен арманы елдік тәуелсіздікке жету еді.Бұл қиын кезеңдерді көзімізбен көрмесекте ,халқымыздың тарихын,деректерін оқу арқылы білеміз. Бұл қол жетпес бақытқа жету халқымыз үшін оңай болған жоқ. Тәуелсіздікке жету бақытқа жетумен тең. Тәуелсіздік алу жолында Алаш ардақтыларының басын бәйгеге тіккені,әсіресе 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына қатысқан қайсар аға –апаларымыздың ұмытылмас ерліктері көз алдымызға елестейді. Жер бетіндегі тіршілік атауына зер салсақ та, олардың өз бетімен ешкімге бағынбай тіршілік етіп жатқанын байқаймыз,тіпті көк байрағымыздың символы болған қыран құста аспанда еркін самғағысы келеді емес пе!
Дүниежүзінде екі жүз қырыққа жуық мемлекеттік болғанымен, оның ішінде күні бүгінге дейін басқа мемлекетке бағынышты болып, тәуелсіздік алмағаны көп! Сонау Америка Құрама Штаты құрылып, тәуелсіздік алғанда қазақ халқының тағдырына ел болып қалу үшін жан-жақты жоңғар, қалмақтармен соғысу жазды. Сол кезден бері қазақ халқының егеменді ел боламыз деп талай тар жол тайғақ кешті,сондықтан әрбір еліміздің азаматы тәуелсіздікті таусылмас тарих деп білу керек. Қазіргі күні біз де еліміздің тәуелсіздік алған жылдармен қатар өсіп келеміз. Қазіргі күнгі жастар ең бақытты,себебі олар тәуелсіз елдің ұрпақтары. Әлемнің әр елінде өтіп келе жатқан ЕХРО –ның 2017 жылғы көрмесі өзіміздің ордабасымыз Астана қаласында өтетіні белгілі болды. Бұл белестер Қазақстан елінің күннен –күнге өркендеп жетіліп келе жатқанын білдіреді. Тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында.Сондықтан , еліміздің өсіп келе жатқан ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру,қастерлете,қадірлете білу баршамыздың міндетіміз. Егеменді еліміздің жылдан-жылға биік белестерден көрінуі біздің, болашақ ұрпақтың міндеті. еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл толды. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие.

Алматы облысы, Іле ауданы, Екпінді ауылы
№ 2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бейсенбаева Замира Пердебаевна

№2 орта мектеп
Мемлекеттік коммуналдық мекемесі

«

«Тіл-халықтар достығының бірлігі » атты поэзиялық кештің сценарийі

Орындағандар: қазақ тілі пәні мұғалімі Бейсенбаева Замира Пердебаевна
орыс тілі пәні мұғалімі Зульфия Лепесбаевна
ағылшын тілі пәні мұғалімі Нағима Турниязова
Өтілген күні: 06.10.2016 ж Тәрбие.орг сайтынан «Менің елім- Егеменді Қазақстан » мақала Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бейсенбаева Замира Пердебаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: Қазақстан, Авторлық бағдарлама, мақала, Егеменді, елім-, «Менің
Көрсетілім: 72 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar