Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« Менің педогогикалық ұстанымым »
  • 20.05.2016
  • 341 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19078

« Менің педогогикалық ұстанымым »
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалыкпас,
Үйретуден балаға

Ұстаз ... Мұндай ардақты атқа ие болу үшін үлкен жауапкершілік пен зор көрегендік керек. Ұстаз білім беруші ғана емес. Ол – адамдықтың , мәдениеттілік пен адалдықтың үлгісі. Ұстаз мәртебесі қашан да биік. Өйткені ұстаз жүрегі теңізден де терең. Тек ұстаз ғана сенің бойыңа жылылық пен ізгілік нұрын себе алады.
Ұстаз деген құрметті атаққа ие болудың өзі бақыт. Ұстаз – өмірлік тәжірбиесі мол, нағыз еңбекқор, ізденімпаз, ұшқыр ойлы маман. Жақсы ұстаз шәкіртінің мәңгілік мақтанышына айнала алады.
« Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелік көбіне ұстазға байланысты. Нағыз мықты ұстаз ғана салауатты да санала, жан -жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыра алады.
Ескендір Зұлқарнайын бірде : « Данқ пен абыройға кенелуіме мен бір адамға қарыздармын, ол - өз ұстазым Аристотель » десе, Абылайхан Төле биді, ал Шәкәрім ұлы ақын Абайды « ұстазым » деп, шексіз құрметтеп өткен. Бұл жоғарыда атап өткен пікірмнің айқын дәлелі.
Қазақ тарихын оқыту арқылы ұлтымыздың өткен зарлы күндерін, қайғысы мен мұңын білгізіп, қасіретін санасымен түйсіндіріп, бүгінімен салаыстыра отырып ертеңіне нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Тарих сабақтарыында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтардың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді, діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, адамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді эстетикалық, экологиялық, экономикалық т.б тәрбие алады.
Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірбиесін баяндайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолында, оның келншегі жас жеткіншек қолында, ол жеткіншек өз тарихын білетін, елеін, жерін сүйетін, жан- жақты дамыған азамат болып тәрбиеленуде тарих пәнінің алатын рөлі зор. Осы мақсатқа жетуде тарих пәнінің оқытудың мынадай оқыту әдіс- тәсілдерін : әңгіме, баяндау, әңгімелесу, картаны, түрлі көрнекі құралддарды , тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалдарын пйдалану, интерактивті әдістер,иоқулықтан, мерзімді баспасөз материалдарымен жұмыс істеуді пайдаланамын.
Менің тарих пәні мұғалімі ретінде негізгі бағытым тәрбиеленушілермен жұмыс жасау, олардың білімділігі мен рухани мәдениеттілігіне қамқор болу, өз Отаның шынайы патриоты болуға тәрбиелеу. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» бағдарламасында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызғы сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн.»
Тарихшы ұстаздардың негізгі мақсаты – жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани - мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейде шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін :
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту.
- ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларынды қастерлеу ;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық,сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру сияқты міндеттерді орындаған да ғана басты мақсатқа жетеміз.
Осы мақсатқа жетуде тарих пәнінің оқытудың мынадай оқыту әдіс-тәсілдерін: әңгіме, баяндау, әңгімелесу, картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалдарын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулықтан мерзімді баспасөз материалдарымен жұмыс істеу сияқтыларды пайдаланамын.
Мұғалім – ұқыптылық пен парасаттылықтың, имандылық пен өнегеліктің белгісі. Қазақстан мемлектінің патриотын тәрбиелеудегі белсенді насихаттаушы, рухани адамгершілікті, жауапкершілікті қалыптастырушы.
Қазіргі таңда Қазақстанда жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халықтың тілін, тарихын әдет-ғұрыптарын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтарының бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш- жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азамат керек. Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптасады, адамгершілік, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиелейді; еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек және жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Бүгінгі таңдағы тархшы ұсаздардың оқушыларды тәрбиелеудегі және қоғамдағы рөлі өте зор. Өскелең ұрпақ Қазақстанымыздың шынайы патриоты болып қалыптасуына ықпал ететін ұстаздардың бірі – тарихшы ұстаз екені даусыз. Қазақ тарихын оқыту арқылы ұлтымыздың өткен зарлы қүндерін, қайғысы мен мұңын білгізіп, қасіретін санасымен түйсіндіріп, бүгінмен салыстыра отырып,ертеңіне нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу тарихшылардың негізгі міндеті. Бізге, тарих мұғалімдеріне, жауапты міндет жүктелген деп санаймын. Жас ұрпақтың бойында патриотизмді, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, тәрбиелеу басты борышымыз. Тәрбие.орг сайтынан « Менің педогогикалық ұстанымым » Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Публикатор
Көрсетілім: 341 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar