Менің тату-отбасым.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 728
  • Авторлық бағдарлама
  • 03/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18918


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы :Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Менің тату-отбасым.
Мақсаты: Отбасы мүшелері туралы жаңа сөздерді енгізіп,отбасы мүшелерін атау.Сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа үйрету.Отбасы мүшелері туралы тақпақтар оқу,үлкендерді құрметтеуге,сыйлауға үйрету.
Әдіс-тәсіл: әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап.
Қолданатын көрнекілік: отбасы туралы суреттер.
Билингвистикалық компонент: отбасы-семья
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекет Баланың іс - әрекеті
Мотивациялық
қозғаушы


Ұйымдастырушылық
ізденімпаздық

Рефлексивті коорекциялаушы Шаттық шеңбері.
Біз қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Еш уайымды білмейміз.
Балалар барлығымыздың да отбасымыз бар.Сондықтанда бұл отбасы туралы тақырып барлығымызға да жақсы таныс деп ойлаймын.Қане үйдегі отбасы мүшелерін атайық.
Тәрбиеші: Кім отбасы туралы әңгімелейді?
-Сенің отбасыңда неше адам бар?
-Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?
-Отбасындағы өзіңе ең жақын адам кім?
Олай болса қазір «Кім жоқ» дидактикалық ойынынын ойнайық.
Тәрбиеші:отбасы мүшелерінің суретін тақтаға іліп қойып,балаларға көрсетеді.
Кәне балалар мен тақпақ оқимын.Сендер мұқият тыңдап тақпақ кім туралы екенін айтыңдар.
1.Менің әжем ер әжем,
Мінезі өте жайлы әжем.
Тірек болып жүр әжем.
2.Бақшасында балалар,
Іні,әпке,аға бар
Ойыншықтар көп онда,
Машина,ат,түйе бар.
Өлеңде отбасы мүшелерінен кімдер аталған.
Сергіту сәті.
Бас бармақ -әкем,
Балан үйрек –шешем.
Ортан терек-ағам,
Шылдыр шүмек-әпкем.
Кішкене бөбек-мен
Бір үйде біз нешеуміз.
Бір үйде біз бесеуміз
Рахмет сендерге балалар ата-әжелеріңді ,әке-аналарыңды жақсы көретіндеріңді білдірдіңдер.
Енді балалар осы отбасы мүшелеріне әрқайсымыз өзіміздің жақсы тілектерімізді айтайық.

Балалар отбасы туралы білетіндіктерін көрсетіп,отбасы мүшелерін атап береді.

Балалар өз отбасы туралы әңгімелеп береді
-Отбасы мүшелері және отбасылық сыйластық қарым-қатынастары туралы өз ойларымен бөліседі.
Тақпақ әже туралы екенін
Бұл тақпақ ініміз,ағамыз,әпке
-міз туралы айтылған.

Балалар сергіту сәтін қызығушылықпен орындады.
Балалар өз білген тақпақтарын айтады.
Балалар отбасына деген жылы лебіздерін білдіріп,жақсы сөздерін айтады.

Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек:үлкендерді құрметтеуді,сыйлауды білуі керек.
Нені игерді: Отбасы мүшелерін ажыратуды,отбасы мүшелеріне мейірімді,адал,отбасына деген жылы сөздер айтуды меңгерді.
Нені үйренді: отбасы мүшелерінің өзіндік орны жайлы үйренді. Тәрбие.орг сайтынан Менің тату-отбасым. Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Прманова Гулназ Магимаркызы

Пікірлер: 0

avatar