Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Өмір баға жетпес сый
  • 04.08.2016
  • 459 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19313

ӨМІР БАҒА ЖЕТПЕС СЫЙ
/ тренинг/

Бисенова Молдир Сабыровна
әлеуметтік педагог, Алтықарасу мектеп- балабақшасы
Темір ауданы , Алтықарасу ауылы

Мақсаты: Оқушыларға өмірді сүйіп, қадір-қасиетін түсініп қоғамда өмір сүре білуге үйрету.
Көрнекілігі:«Өмірде 3 нәрсе...» слайды,күн суреті бейнеленген парақтар, жұлдызшалар,жүрекшелер, түрлі түсті қағаздар.


Барысы:.
Өмір, Өмір
Өмірдің мәні қандай?
Қайратыңды жігерге жанығандай
Жүріңдер бұл өмірде қол ұстасып,
Достарың жарасып, дәл осылай.
Шыдамдыны бұл өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады.
Сүріндіріп кейде сені құлатады,
Жылатып тұрып, жұбатады.
Дұшпандарға сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады.
Мына өмір бірақ та қымбат әлі,-демекші өмір жолы сан тарау, қия, шатқал, қия шың. Сол жолдан адаспаудың бірден-бір жолы – адам өзін-өзі тани білуі, өзін-өзі сыйлау, өзін-өзі қадірлеу. Сонымен бүгінгі сабағымыз « Өмір- баға жетпес сый» деп аталады.
- Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ, себебі барлығымыз әр түрлі сыныптардан топпыз, сондықтан сіздерге «Танысу» тренингін ұсынамын.
Мазмұны: тренингке қатысушылар аудиториямен амандасып, өздерінің есімдерін, өмірдегі қымбат нәрсесін айтады. Мысалы: Менің есімім- Гүлнар, мен үшін өмірде ата-анам қымбат.
1. « Танысу» тренингі
2. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға өмір туралы келесідей тілектер жазылған парақтар
үлестірледі.
- Өміріңіз шаттыққа толы болсын! ( күн бейнесінде)
- Өміріңіз тек жақсылықтарындан құралсын! (жүрек бейнесінде)
- Өмірде жетістіктерге жете береңіз! ( жұлдызша бейнесінде)
Оқушылар тілектерді оқып, «Өміріңіз шаттыққа толы болсын!» тілегі түскен оқушылар 1топ болып құрылып , « Өміріңіз тек жақсылықтарындан құралсын» тілегі түскен оқушылар 2-топ болып отырады, келесі « Өмірде жетістіктерге жете беріңіз!» тілегі түскен оқушылар 3-топ болып құрылады.
- Бәріміз орындарымызға орналасып алсақ,барлығыңызды бүгін сабаққа белсенділікпен қатысуға шақырамын.
Ендеше оқушылар бойымызды сергітіп бүгінгі сабағымызды «Өмір жолы»әнімен бастайық..
Енді балалар, бүгінгі сабағымызда «Өмір жолы»деген әннен не түйдіңіздер ойларымызды ортаға салайық. (ой-толғау)
-Демек, өмір -адамдарға Алланың тарапынан берілген сыйы, ол тек бір рет беріледі. Сондықтан әр адам өз өмірін сүйе білуі, бағалай және қорғай білуі керек.
2. Болашақ –жастардікі. Алға үлкен үмітпен қарап, білімді, дені сау, бақытты өмір кешуге толық қақылымыз. Қазір сіздерге «Менің жер шарым» тренингін ұсынамын. Мазмұны: А4 форматқа күн суретінің ортаңғы нүктесіне « Мен» деп жазады. Осы күннің шашағының бойына келесідей сұрақтарға жауаптар жазылуы керек.
1. Менің бойымда қандай қабілеттер бар?
2. Мен қандай кітаптар оқығанды ұнатамын.?
3. Мен нені армандаймын?
4. Мен нені есіме түсіргенімді ұнатамын?
5. Мен нені есіме түсіргенді ұнатпаймын?
6. Менің мінезім қандай?
7. Басқаларға қарағанда, мен нені жасай аламын?
8.Маған өмірде не көбірек тартымды болып көрінеді?
Адам әрқашан досымен, досы барда бақытты. Өмірдің мәні достарыңның көп болып, қуанышы мен қайғысын бөлісер адал доспен көрінеді.
Келесі тренингіміз «Досымызға сый» деп аталады.. Мазмұны оқушыларға түрлі түсті қағаз, фольга, ермексаз үлестірледі., сол жасаған сыйлықтарын бір-біріне жақсы тілектер айтып ұсынады.
« Өмірде 3 нәрсе ...»деп аталатын слайд көрсету.
Cлайд мазмұны:
Өмірде үш нәрсе ешқашан қайта оралмайды:
• Уақыт
• Сөз
• Мүмкіндік
Өмірде үш нәрсені жоғалтпау керек.
• Сабырлық
• Үміт
• Намыс
Өмірде үш нәрсе құнды.
• Махаббат
• Көзқарас
• Достық
Өмірде үш нәрсе адамға зиян.
• Шарап
• Өзімшілдік
• Ашу
Өмірде адамды үш нәрсе сипаттайды.
• Еңбек
• Шыншылдық
• Жетістік
Қорытынды:
Өмір деген тұрады-таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен,
Құпия, жұмбақ, сырлы дүниеге,
Адамдар армен келіп армен кеткен.
Өмір деген екі өзен – мұң мен қуаныш,
Толықыны, шындық-жалған, күлкі-намыс.
Бір таяздап өмірде, бір тереңдеп,
Бір лайланып, өмірде бір тұнамыз.
Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс . Басқа қандай қайғы келсе де өмірді бақытты, қуанышты етуге болады. Басқаны былай қоғанда адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыймен шектеліп қала алмайды.Адамға еркіндік демакратия, материалдық, және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында. Яғни төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек. Тәрбие.орг сайтынан Өмір баға жетпес сый Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бисенова Молдир Сабыровна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Авторлық бағдарлама | Логин: Ұстаз
Көрсетілім: 459 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar