«Молекулалық биология, медициналық генетика» және «Химия» пәндерінде жаңа оқыту технологияларды пайдалану

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 697
  • Авторлық бағдарлама
  • 08/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19183


«Молекулалық биология, медициналық генетика» және «Химия»
пәндерінде жаңа оқыту технологияларды пайдалану

Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеу керек. Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттілігі туындайды. Инновация дегеніміз жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технологияны пайдалану. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:
Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығуды қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.
Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады. Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады.
«Молекулалық биология, медициналық генетика» және «Химия» пәндерінде интерактивті әдістер кенінен қолдануда бұлар: «миға шабуыл», шағын топтардағы жұмыс, рөлдік ойын, жобаны әзірлеу т.б.
«Таңыған сайын ұнай бастайды.......» апталығы шеңберінде «Молекулалық биология, медициналық генетика» және «Химия» пәндері бойынша «Ақуыз» тақырыбына біріктірілген WEB-QWEST түрінде сабақ өтті. Сабақтың оқыту мақсаты жаңа технологиялық үдерістер жүйесін қолдана отырып, өз шеберлігін пайдалану арқылы, студенттердің азотты органикалық қосылыстар, ақуыздар туралы білімдерін нығайту, алған білімдерін болашақ мамандықтарында қолдану. Сабақта қолданылған әдістер: Тbl, ғаламтормен жұмыс, рөлдік ойын, QR-код технологиясын пайдалану
Сабақтың құрылымдық схемасы
1. Сабақты ұйымдастыру – 3минут;
2. Тірек білімін өзектендіру– 10 минут;
3. Жобаны ұйымдастыру және дайындау– 5 минут;
4. Жобаны қорғау– 45минут;
5. Бекіту– 10минут(тест);
6. Рефлексия-5минут
7. Қорытынды-2 минут
Сабақтың ұзақтылығы- 80 мин
Сабақтың жоспары
1. Сабақты ұйымдастыру-3минут:
Оқытушы оқушылармен амандасып, оқушыларды тізім бойынша тексереді, сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілейді. Сонымен қатар оқушылардың сабаққа қатысулары үшін сыртқы формаларына – таза, үтіктелген ақ халат, екінші аяқ киім, медициналық бас киім, болуын тексереді
2. Тірек білімін өзектендіру - 10 минут:
Оқытушылар сабақтың өту барысын және мақсатың хабарлайды.
Оқушылар! Бүгінгі біздің сабағымыз «Молекулалық биология, медициналық генетика» және «Химия» пәндері бойыншаWEB-QWEST түрінде сабақ өткіземіз. Сіздердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында слайд (6) көрсетіледі сіздерге, сол сұраққа дұрыс жауап беруіңіз керек.
3. Жобаны ұйымдастыру және дайындау– 5 минут;
Ақуыздың құрлысы мен қызметін жақсы түсіну үшін виртуалды саяхат жасайық http://medbio11.jimdo.com. Жобаны дайындау барысында оқушылар осы сайтты пайдаланды. Сайтта оқушыларға жұмыс жасау туралы кеңестер берілген. Жобаны дайындау алдында оқушылар өздеріне роль тандайды химиктер, биологтар, медиктер. Химиктер-бұлар жаңа заттардың химиялық қасиеттерін анықтауға құмар адамдар, биологтар-бұлар өсімдік және жануар әлемін зерттейтін із кесушілер, медиктер – адам денсаулығының қорғандары. Әрбір адам денінің сау болғанын қалайды.
Әр топқа негізгі,қосымша сұрақтар, тәжірибе берілді. Оқушылар берілген немесе басқа сайттарды қолдана отырып, сұрақтарға жауап іздеу керек. Жобаны презентация түрінде қорғау керек.
"Химиктер"тобы
Негізгі сұрақ
Ақуыздардың химиялық қасиеттері.
1.Ақуыз туралы алғашқы мәліметтер
2.Неге ақуызды жоғары молекулалы қосылыс деп атайды?
3. Ақуыздардың жіктелуі, сипаты
4. Ақуыздардың құрылым реттілігі
Тәжірибе
Ақуыздардың түсті реакциялары. Ақуыздарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.
а) Ксантопротеин реакциясымен (грек. ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар ақуыздарды концентрлі азот қышқылымен анықтау. Нәтижесі қандай болды?
ә) Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен ақуызды әрекеттестіріңіз. Қандай өзгерістер байқадыңыздар?
Ссылка бойынша материалдарды қараңыз.
 http://www.chemistry.ssu.samara.ru/
 http://dic.academic.ru/dic.nsf/es/70365/БЕЛКИ
 http://belok-s.narod.ru/pr_3.htm
"Биологтар"тобы
Негізгі сұрақ
Ақуыздардың кен таралу себебі.
1. Ақуыздардың биологиялық бағалылығы
2. Ақуыздардың қызметтері
3. Ақуыздардың ағзадағы өзгерісі
Тәжірибе
Жұмыртқа мен спиртшамды қолданып тәжірибе жасаңыз, не байқадыңыз? Бұл процесс қалай аталады?
Ссылка бойынша материалдарды қараңыз
 http://www.chemistry.ssu.samara.ru/chem6/index6.htm
 http://dic.academic.ru/dic.nsf/es/70365/БЕЛКИ
 http://www.prosto-ariya.ru/nedostatok_belka_v_organizme_i_pitanie_184.html
"Медиктер"тобы
Негізгі сұрақ
Медицинада ақуыздардың қолданылуы.
1. Ақуыздың қызметінің бұзылуынан пайда болатың аурулар
2. Ақуыздардың клинико-диагностикалық маңызы
3. Ауыр металл тұздарымен уланған кезде неге сүтпен шикі жұмыртқаны қолданады?
Тәжірибе
Ферменттердің тірі ұлпадағы белсенділігін анықтауға тәжірибе жасаңыз.
Ссылка бойынша материалдарды қараңыз
 http://www.chemistry.ssu.samara.ru/
 http://www.mordovnik.ru/otrsolami
 http://pathophysiology.dsmu.edu.ua/study/books/zajko_byc/zajko_1996_285_293_protein.htm

Бағалау критериі
Слайд жасау Максималды балл
Бағалау

Құрамы (Тақырыптың толық ашылуы. Тексттің дұрыс әрі түсінікті болуы, мәліметтің нақтылығына назар аудару. Мәлімет көздерін көрсету.
Презентацияның безендендірілуі (Бастапқы бет. Сурет анимациясының қолданылуы. Грамматикалық қателіктерді ескеру.. Презентацияның безендендірілуі. Слайдттардың жобаға сай жасалынуы.
Материалды баяндамашының
Түсіндіруі (Баяндамашы материалды нақты ,түсінікті, қызықты презентациямен қатар түсіндіруі)
Қорытынды баға:

4.Жобаны қорғау– 45минут

Әр топ өздерінің жобасын презентация түрінде қорғайды. Берілген тәжірибелерін орындайды.

5.Бекіту– 10 минут
Оқушылардың жұмыс жасап отырған сайттарында QR-код берілген.QR-кодты пайдаланып оқушылар тест орындайды.

6.Рефлексия-5 минут
Оқытушы: Біздің сабағымыз соңына жетті.
1. Бұрыннан білемін.
2. Мен үшін жаналық.
3. Кездескен қиыншылық.
4. Қызықты болған не? деген сұрақтарға жауап беріп өз ойларын айтады.
Оқушылардың жауабы тыңдалады
7.Қорытынды-2 минут
Оқушылардың қандай баға алғандарын айтып, сабақта кім, қандай жетістікке жеткенің мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан «Молекулалық биология, медициналық генетика» және «Химия» пәндерінде жаңа оқыту технологияларды пайдалану Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Утеулиева Дана Забухановна

Пікірлер: 0

avatar