«Мысық құрастыру» (сіріңке қораптарынан)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 28
  • Авторлық бағдарлама
  • 30/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23405


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасы МКҚК
«Ертөстік» ересектер тобы

Тақырыбы: «Мысық» (сіріңке қораптарынан)
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Құрастыру
Мақсаты: Балаларға сіріңке қораптарынан пайдалану арқылы мысықтың бейнесін жасауға үйрету, желімдеу, қағазды қиып жапсыру дағдыларын бекіту, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыстар: сіріңке қораптарынан жасалынған тағы басқа бейнелер жасап көрсетеді.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Қажетті көрнекі құралдар: сіріңкенің қорабы, түрлі түсті қағаз, желім, қайшы.
Қостілдік компонент/билингвальный/: Мысық – кот – саt. Марғау-котенок.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бірге қайталайды, қимылмен көрсетеді.
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі
-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың шешімін тапсаңдар, мен сендерге ертегі айтып беремін.
Жұмбақ жасыру.
Өзі жап-жас, мұрты бар,
Ет пен сүтке ұмтылар.
Тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп-шұбар.
Ол не?
Ерте, ерте, ертеде... Алыс, алыс өлкеде «Ақмамық» деген мысық өмір сүріпті, ол сондай аппақ, әдемі, сүйкімді болыпты, бірақ оның достары болмапты. «Ақмамық» бір күні терезе алдында отырып даладан тату ойнап жүрген өзі сияқты мысықтар тобын көреді де, «Ақмамықта» өзіне дос іздейді. Өзіне достар іздеп көп жерлерге барады, кішкентай балалардан көмек сұрайды, сөйтіп жүріп

-Мысық

Балалар ертегіні тыңдайды.

Іс-әрекетті бақылау кезеңі
«Ақбота» деген балабақшаға барады, бірақ олар оған көмектесе алмады. Балалар, «Ақмамық» енді сендерден көмек сұрап бүгін бізге келіпті:
-Балалар, «Ақмамыққа» көмектесеміз бе?
-Мысық қандай жануар?
-Балалар, кімнің үйінде мысық бар?
-Мысық қалай дыбыстайды?
-Мысыққа қалай күтім жасайсыңдар?
-Мысықтың көзі, аяғы, құлағы, құйрығы нешеу?
-Мысық пайдасы зор. Ол үйдегі тышқандарды аулайды. Мысық сүт ішеді. Мысықтың мұрты оның миының ең қырағы барлаушысы және хабаршысы, өзі әрі ұзын, әрі нәзік келеді. Ол болмашы бөгеттерді де алдын ала сезеді.

-Ақмамыққа сіріңке қораптарынан мысықтар жасаймыз.
Бірнеше үлгілерді көрсетіп талдау жасайды:
-сіріңкенің бос қорабын аша отырып, оны түрлі түсті қағазбен айналдыра желімдейді;
-төменгі бөлігі денесі, жоғарғы бөлігі басы;
-құлағы, көздері мен құйрығын басқа қағаздардан қиып алып жапсырады;

Сергіту сәті:
Ойға батып мысық,
Отыр көзін қысып,
Өзі бірақ ояу,
Деді: «мияу,мияу, мияу»
Мысық сүтке тойды,
Мұртын сипап қойды,
Әндетті ол баяу,
Деді: «мияу, мияу, мияу»

Ойын: «Мысық пен торғайлар»
Кәне балалар (торғайлар) ұшып келіңдер.
-Торғайлар жем жеңдер. Кәне кім қалай жейді?
-Торғайлар сендер тез ұшыңдар, мысық ұйықтап жатыр, қазір мысық оянып кетіп, ұстап алады – дегенде мысық:
-Мяу – мяу деп оянады, торғайлар көріп құлағы тікірейеді.
-Торғайлар алысқа ұшыңдар, мысық оянады. (мысық мяу деп торғайлар -
ды қуады,бірақ торғайлар ұстатпай ұяларына кіреді)

-Балалар, біздер бүгін нені құрастырдық?

-Осы жасаған мысықтарыңды алып, шеңберге тұра қойыңдар. Мысықтарыңа ат қойыңдар.
Балаларға өздерінің жұмыстарын талдату.
Балалар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Мысық жаңа достарымен фотосуретке түсіру.
Ақмамыққа көптеген достар тауып бердік. Ақмамық сендерге ризашылығын білдіріп жатыр.
Мадақтау.

-Иә, көмектесеміз.
-Үй жануары
-Менің үйімде бар
-Мияу, мияу
-Сүт, тамақ береміз
-көзі құлағы екеу, құйрығы біреу, аяғы төртеу

Балалар төменгі бөлігіне денесін, жоғарғы бөлігіне басын мысықтың құлағын, көздерін, құйрығын басқа қағаздардан қиып алып жапсырады.

Балалар сергіту сәтін қимылдармен орындайды.

Балалар мысық пен торғайлар болып рөлдерге бөлінеді.

-Сіріңке қораптарынан мысық жасадық.

Балалар өздері жасаған жұмыстары туралы әңгімелеп, қалай жасағаны туралы айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: сіріңке қораптарынан мысықты жасай білуді үйренеді.

Қандай түсініктерді игерді: сіріңке қораптарынан жасалған мысықтары туралы әңгімелеп
айтып бере білу дағдыларын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сіріңке қораптарын пайдаланып мысықтың бейнесін
жасай білуге және ұқыпты жұмыс істеуге дағдыланады. Тәрбие.орг сайтынан «Мысық құрастыру» (сіріңке қораптарынан) Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Gauhar Ayap

Пікірлер: 0

avatar