«Мысық,әтеш және түлкі»(орыс халық ертегісі)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 639
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22643


Білім беру саласы: « Қатынас»

Білім бөлімі: Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Мысық,әтеш және түлкі»(орыс халық ертегісі)
Негізгі идеясы:«Дос болсаң,берік бол,досыңа серік бол»
Мақсаты:
1.Білімділік. Ертегінің мазмұнымен таныстыра отырып, кейіпкерлерді өздігінен ажырата білуге үйрету.
2.Дамытушылық. Ертегіге деген қызығушылығын арттырып,ойын,қиялын дамыту.
3.Тәрбиелік. Таныс шығармаларды мазмұндау кезінде мәтін мазмұнына, кейіпкерлерге, олардың қылықтарына өлеңнің ұйқасын, тақпақтардың ырғағын, қуанышты,сүйсінуді бере білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мысықтың,әтештің,түлкінің суреттері,ертегі бойынша бейнетаспа, көгілдір экран , слайдтар, көлеңке сахнасы.

Оқу қызметінің түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Тәсілдер: жекелей, жұптық, топтық және көлеңкелі театр арқылы сомдау.

Әдістер:«ыстық микрофон», «шеңбер бойымен », « өкіл» , «ойлан,жұптас,пікірлес», «миға шабуыл»

Сөздік жұмыс: шап беріп, тәкәппар.

Билингвальді компонент: әтеш—петух,мысық – кошка, түлкі – лиса.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

«Шеңбер» бойымен әдісі.

Ұйымдастырушылық-
ізденістік



«Ойлан,жұптас
,пікірлес» әдісі.

Рефлексиялық-түзетушілік.
Қортындылау бойынша «Миға шабуыл» әдісі

--Балалар,біздің оқу қызметімізді көруге арнайы келіп отырған қонақтармен
сәлемдесіп, ізеттілік көрсете білейік.



--Жарайсыңдар, балалар!
Бүгінгі ұйымдастрылған оқу қызметімізде алдымен топқа бөлініп алайық.
Ол үшін мына үш түс арқылы бөлінеміз.
Қызыл- -ақылдылар
Жасыл – тапқырлар
Сары -- алғырлар
Балалар сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
- Қай топ шешуін табар екен?
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.

Қызыл бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ауық-ауық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.

Сайқымазақ қулығы бар,
Барған жерде ұрлығы бар.
Бұл қандай аң?
Ұғып ал.

Қырда жүрер ол жортып,
Iнi де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлтартып,
Қандай аң ол алдайтын?

Балалар, бүгін біз орыс халықының
«Мысық, Әтеш және Түлкі» ертегісімен танысатын боламыз.

Ертегіні мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмыс жүргізу:
Шап беріп -ойламаған жерден тап беру,ұстап алу мағынасында .
Тәкаппар-менсінбеушілік мағынада айтылады.
Әтеш-үй құсы.
«Ку-ка-ре-ку!»-деп шақырады.
Мысық та үйде өмір сүреді.Мысық мияулайды.

Билингвальді компонент:әтеш-петух,түлкі-лиса,мысық-кот.

Сергіту сәті.
Ертегі желісі бойынша қимылдар жасатады.

-Мысық қалай жүреді?

Қалай дыбыстайды?
-Әтеш қалай секіреді?
Қалай шақырады?
-Түлкі қалай қуланады?
-Құйрығын қалай қозғалтады?

-Балалар,енді осы ертегіні көлеңкелі театр арқылы рөлге бөліп ойнап көрейікші.
-Балалар,жарайсыңдар! Өте тамаша ойнап шықтыңдар.

-Балалар, алдарыңдағы суретке қарап, бейнеленген аң қайда өмір сүреді?тамақтанатын қорегі не? оның баласын қалай атайды?
- Міне осы жөнінде топ болып , ортаға салу арқылы жауаптарыңды дайындаңдар.
-Уақыт шектеулі,қай топ алғаш болып жауап берер екен?

Сұрақ-жауап.
-Ертегіде не туралы айтылған?
-Қай кейіпкер саған ұнады?
-Түлкінің жасаған қылығы дұрыс па?
-Түлкі әтешті ұстап алған кезде ,әтеш кімді көмекке шақырды?

Олай болса балалар, біз бүгінгі оқу қызметімізді дос туралы мақал- мәтел айтып аяқталық
1.100 тг болғанша, . . . .

2.Ағаш тамырымен
мықты, . . .

3.Досы жоқ адам, . . .

4.Достық жоқ жерде, . .

-Балалар, сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма?
Қай топ белсенді болды екен ? Ұпай санын санап көрелік.
Өте жақсы, барлық топта ұпай саны бірдей екен.
Кәне,маған көңіл-күйлеріңді көрсетіп жіберіңдерші.
Ынта қойып, зейін салып, тыңдағандарыңа сыйлық бергім келіп тұр.
Жарайсыңдар!




Хормен айтады.

«Шұбар» жалпы орта мектебінің,
Даярлық «А» топ баласы.
Алдыменен қонақпен,
Амандасып алады.
Сәлеметсіз бе?
Здравствуйте?
Уй,сей хелоу
Уй,сей хай,
Хелоу ән хай
Хелоу ән хай

Үш түс арқылы
топқа бөлінеді.

Жұмбақты шешеді.

Мысық.

Қораз.

Түлкі.

Түлкі.


Балалар ертегіні тыңдауға отырады.

Сөздердің мағынасын түсінеді.

Ку-ка-ре-ку!

-Мияу

Қайталайды:әтеш-петух,түлкі-лиса,мысық-кот.

Балалар қимыл іс-әрекетімен сергіту сәтін орындайды.
-Дыбысын білдірмей жүреді.
-Мияу,мияу!
-Қолдарын көтереді.
-Ку-ка-ре-ку!
-Майысып,қуланады.
-Құйрығын бұлғаңдатады.

Балалар ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды және жауап береді.

-100 досың болсын.

-Адам досымен мықты.

-Тұзы жоқ тағам.

-Адалдық жоқ

Балалар жауабы:

Күтілетін нәтиже:
Орындайды: ертегіде кездескен кейіпкерлердің қимылдарын жасай алады.
Түсінеді:ертегі желісі бойынша әтештің еңбекқор, мысықтың қамқор екенін түсінеді.
Қолданады: ертегі мазмұны бойынша рөлге бөліп ойнайды. Тәрбие.орг сайтынан «Мысық,әтеш және түлкі»(орыс халық ертегісі) Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Айнур Алдамурат

Пікірлер: 0

avatar