Ән айтуға үйрету әдістері

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 490
  • Авторлық бағдарлама
  • 05/Июл/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23003


Зиганшина Гулнара Галиулловна
Сабақтың тақырыбы : « Ән айтуға үйрету әдістері»
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік : Әншілік өнер туралы білімдерін арттыру, хор мен ән айту дағдыларын қалыптастыру.
2.Тәрбиелік: Қазақтың және басқа да ұлттық әншілік өнеріне, музыкалық шығармаларына сүйіспеншілік пен қарауға, оларды әндету мәдениетіне үйрету.
3.Дамытушылық : Орындау,әндету қабілеттерін нығайту, және алған музыкалық білімдерін терең ұғындыру. Халық музыкасын, классикалық музыканы, композиторларды, сазгерлерді , әнге үйрену әр түрлі жаттығуларды үйрену.
Сабақтың көрнекілігі: Композиторлардың портреттері, әнге үйрету тірекші схемалар
Сабақтың әдісі: үйрету, ән айту, әңгіме, жаттығулар- аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
Сабақ - музыка өнері туралы жазған Ахмет Жұбанов пен А.Н. Серов сздерінен басталады.
Сабаққа кіріспе:
Адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін сөз, қолөнер, музыка - халық тарихының шежіресі.
Адамның қайғысы, қуанышы, өмір-тіршілік құбылыстары да осы өнерде бейнеленді.
Біз қазақ халқының ежелден өнерді сүйетін өнерсүйгіш және өнерге бай халық екенін білеміз. Ал өнердің түрі көп. Мысалы, сөз өнері – шешен адамдар, би өнері бишілер, қол өнері – шеберлер, сурет өнері – қылқалам шеберлері, кино-театр өнерімен – әртістер айналысатыны бәрімізге де мәлім. Бүгінгі тақырыбымыз да осындай өнердің бір түрі – ән өнері. Халықпен бірге жасасып, оның тарихи-әлеуметтік өмірі мен тоғаныс-тебіреністерін баян етіп келе жатқан саласы – әні мен күйі. Қай уақытта кім шығарғаны белгісіз халық музыкасында адам таңқаларлық көркемдіктер кездеседі. Оларды даладағы ешкім сеппей, ешкім бақпай өзінен-өзі жайқалып өскен гүл тәрізді деуге болады.
Жазу-сызу дамымай тұрғанда туған әндеріміздің сөздері мен әндерін шығарушылардың аты-жөні ұмытылғанмен, ол әндердің әуені мен мәтіні бізге дейін жетіп, олар халық әндері деп аталып кеткен. Осы әннің өзінің халыққа қалай жеткендігі туралы , әнге үйрету туралы әдістерін білу – біздің бүгінгі тақырыбымыз.
Үй тапсырмасын тексеру, қайталау
Хормен ән айту- оқушыларға музыкалық білім және тәрбие берудің ең басты бөлімдерінің бірі. Ән үйрету кезеңі әуенді тыңдай білу, таза орындай білу және есте сақтауға үнемі жаттығуды талап етеді.Бірігіп ән айту- әннің мазмұнының таза орындалуға тырысуға , көркемдік бейнені бірдей ашуға ынталануға., бір ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелейді.
Әншілік дағдылары:
Оқушылардың әншілік дағдыларын қалыптастыру , дамытубарысында олардың жас ерекшеліктерінің дамуы кездеріне байланысты дауыс диапазондарын жақсы біліу керек . Бастауыш сынып оқушыларының дауыс аппараттары қыздармен ер балаларда бірдей дамиды.
Балалардың жасы Диапазондары
1 сынып 6-7 жас До-си
2 сынып 7-8 жас До-до
3 сынып 8-9 жас До-ре
4 сынып 9-10 жас Си кіші окт.-ре 2 окт.

Ән айту диапазоны
Ән айтқанда денені дұрыс ұстай білу
Дем алу кезеңі ( корсету)
Дыбыстау немесе дыбыс шығару
Ансамбль

Жаңа сабақ – Ән айтуға үйрету әдістері

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әнге үйрету әдістеріде ерекше болып табылыады.
Дауыс жаттықтыру
1. Әннің мазмұнымен таныстыру, авторлары мен таныстырып сүретін көрсету
2. Әнді мұғалім мәнерлеп, аспапқа қосылып орындап беру
3. Әннің сөздері мен таныстыру, мазмұның айту
4. Әннің шумағын 2 жолдан, буынға бөліп көрсету, үйрету
5. Шумақ пен қайырмасын орындап үйрену
6. Тыныс алу тәртібіне көңіл бөлу, жаттықтыру
7. Әртүрлі тақырыптардағы әндерді үйреткен кезде көркемсүреттер қолдану арқылы сұрақ-жауап арқылы кіріспе әңгімелер жүгізу керек


Мысалы: И. Нүсіпбаевтын « Достық» әні
Ә. Еспаев « Бақытты балалық шақ»
В. Шаинский « Голубой вагон»
И. Нүсіпбаев « Күз келгенде»
« Көктем келді» ән
Сөзін жазған Ж. Тұрбеков «Достық» Муз. И. Нүсіпбаев
1
Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттын баласы
Достығымыз жарасқан
2
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы
Еңбек ортақ , жер ортақ
Ортақ бізге барлығы

Туыспыз біз бәріміз
Бір Отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз

Сөзін жазған Ж. Тұрбеков Муз. Ә Еспаев
«Бақытты балалық шақ»
1
Жарыстықпен жайнатып өмір көркін
Гүл-бақшада сайрандап өскен еркін.
Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз
Келншекте ұлы істі меңгеретін
2
Отанымыз әлпештеп анадайын,
Құшақтайды аялап сағат сайын
Зәулім мектеп , кең сарайын , түрлі алаң,
Не керектің біз үшін бәрі дайын.
3
Білім шыңын өрлеййміз басып алға,
Қиындық жоқ, бөгнліс жолымызда.
Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,
Көк туымыз желбіреп қолымызда
Әндерді үйрену әдістері : бірінші ден оқушылардың отыру және тұру тәртібіне көңіл бөлуін талап етеді.
Кеудені түзу тік ұстап, қолды тізенің үстіне қою( отырғанда), немесе түзу екі жағына жіберу ( тұрғанда).
Екіншіден дем алу тәртібі: ән айтар алдында демді иықты көтермей ішке терең алып белгілі бір тиянақты ойды білдіретін фразаға дейін үнемдеп жжеткізу. Дирижерлептұрған мұғалімнің қолының көтерілуіне байланыстыруға болады.
Үшінші талап: дыбыстау немесе дыбыс шығару интонацияға сәйкес дегеніміз, дыбысты дәл өзінің биіктігісімен шығару.
Төртінші талап: дикцияға көңіл бөлу. Әннің сөздерін анық айту, дауссыз дыбыстарды қысқа анық меңгеру.
Үй тапсырмасы: « Достық», « Бақытты балалық шақ» әндерді әндету және
Әнге үйрету әдістерін қолдану.
Ансамбльдін анықтамасы
Диапазон дегеніміз не?
Тыныс алу тәртібі
Дикция дегеніміз не?
Интонацияны қалай түсінесін
Ән айтқанда тұлғаны ұстау тәртібі Тәрбие.орг сайтынан Ән айтуға үйрету әдістері Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зиганшина Гулнара Галиулловна

Пікірлер: 0

avatar