ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚИЫН БАЛДАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ЖҮЙЕЛЕУ

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 1158
  • Авторлық бағдарлама
  • 18/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18703


Оқу – тәрбие процесінде қиын балдармен
психологиялық тәрбиелеу жолдарын жүйелеу

Қызылорда облысы
«Болашақ» медициналық колледжінің
психология негіздері және коммуникативтік
дағдылар пәнінің мұғалімі
Қаршығаев Төремұрат Сабытұлы

Оқу-тәрбие ісінде қиын балаларға педагогтар мен психологтар ерекше назар аударуда. Кімді болса да қиын бала деген кім, ол қалай пайда болады деген сұрақ толғандырады. Міне, сол үшін пайдасыз әдістердің зиянды салдарын түзеу үшін жан-жақты ойластырылған, ғылыми негізделген психологиялық-педагогикалық жүйе болуы керек. Қалыпты отбасынан «қиын» бала шыға қоймайтыны белгілі. Алайда, Л.Толстой жазған: «барлық бақытты отбасылар бір-біріне қандай ұқсас болса, әрбір бақытсыз отбасы бір-біріне ұқсамайтын әрқилы бақытсыз», десе ал ұлы Абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін жігермен бастауға дем береді: «баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді», – деп тұжырымдайды.
Психолог-педагог ғалымдар А.Выготский, П.Блонский «қиын» балалар мәселелерін жан-жақты зерттей отыра зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша «қиын» балалардың шығуына үш фактор себепші болады деп көрсетеді:
1.Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, тұрмыстағы ұрыс-керіс, маскүнемдік, ата-ананың біреуінің болмауы.
2.Мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер, яғни жеке оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығуын, талап-тілегін ескермеу.
3.Жұртшылықтың, қоғамдық ортаның тәрбие үрдістеріне дұрыс көңіл бөлмеуі.
Ғалымдардың анықтамасына сүйенсек, «қиын» балалар қатарына психикалық дамуы уақытша баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінез-құлқында психопатиялық формалар кездесетін, қозу күйін дәрі-дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәрбие бұзушы жасөспірімдер жатады.
Жеткіншектер аса еліктегіш келеді. Әке, шеше және отбасының басқа да мүшелері жеткіншектерге тек сөз арқылы ғана емес, жеке бастарының өнегесімен, іс-әрекетінің үлгісімен ықпал етеді. Кейде отбасының көп жыл бойы балаға жасаған ықпалы, оны қоршаған ортаның қоғамдық әсерінен басым түсуі әбден ықтимал. Сондықтан, отбасы тәрбиесіне теріс ықпал ететін жағдай жеткіншектің бойында ұнамсыз қасиеттердің болуына, қоғамға жат ой- пиғылдардың
қалыптасуына әсер ететін басты себептердің бірі болып табылады. Елдегі эканомикалық-әлеуметтік жағдайдың нашарлауы отбасындағы күнкөріс, тіршілік ету жағдайына өз ықпалын тигізеді. Отбасындағы мұндай келеңсіздіктер балалардың оқуға бармай, дала кезіп, ұрлық, кісі тонау секілді қоғамға жат қылықтармен айналысуына әкеп соғады, нәтижесінде мектеп өмірінде мінез-құлқы күдік келтіретін «қиын» деген балалар қалыптасады. «Қиын» балалардың тағдырына қазіргі күнде қоғам, мемлекет ұйымдары ерекше көңіл аударып келеді.
Қазіргі уақытта кәмелетті жасқа толмаған жеткіншектер арасындағы құқық бұзушылық мәселелер психология мен әлеуметтік педагогика ғылымдарының, мемлекеттік ұйымдар және қоғамның ерекше назарын қажет ететін объект болып отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдай жеткіншектерге келеңсіз ықпалын тигізуде, мінез-құлықтарында ауытқуы бар балалар саны өсуде. Жеткіншектік кезеңде қалыптасатын көзқарастар, құндылық бағдар, қызығушылықтар және қажеттіліктер, сонымен қатар тұлғаның өзіндік анықталу және тұжырымдалу тұлғаның мінез-құлық өзгерістерінен айқын байқалады. Дәл осы кезеңде жеткіншектер арасында құқық бұзушылық күшейеді. Бүгінгі таңда халық арасында рухани келеңсіздіктер жиі байқалып отыр. Олар: қобалжу, қатыгездік, әсіресе жеткіншек жасындағылардың шектен тыс агрессивтілік. Жоғары көрсетілген жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында қиын балалармен әлеуметтік-психологиялық жұмыс бағдарламасы құрастырылды
1.. Қиын балаларды зерттеу бағдарламасы
Қиын балалармен жұмыс және тәртіп бұзушылықтың алдын алу мәселесі қазіргі кезеңдегі колледждің оқу-тәрбие процесінде маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Ол үшін біз келесі екі ұғымға сипаттама жасап, оның ұқсастығы мен айырмасын ажыратып алуымыз қажет. Олар: «Қиын бала» және «Тәрбиесі қиын бала». Осы екі ұғымның ортақ түсінігі педагогикалық назардан тыс қалған және адамгершілік дамуында ауытқушылығы бар бала тұрғысынан қарай отырып, тәртіп бұзушылыққа бейім балалармен дұрыс тәрбие жүргізу мен бағыт беру жолдары анықталады.
Жеткіншектерден «Сені көше өзіне несімен тартады?» тақырыбында жүргізілген сауалнама нәтижесі мынаны көрсетті:
• әр түрлі мәліметтің көптігі – 30%
• еркіндік -28%
• өзін үлкендерше ұстауы — 20%
• жат әрекеттер жасауға еркіндік — 9% (бала отбасында жасай алмайтын келеңсіз әрекеттерін көбіне көшеде іске асыруға мүмкіндігі бар);
• 13% — түрлі әлеуметтік факторлар (ата-анасының қарауынсыз қалғандықтан, материалдық қажеттілік және т.б.).
Оқу-тәрбие процесінде баланы жазалау және қолдау көрсету әдістерін қатар қолдану — әлеуметтік педагогтар, мұғалімдер мен психолог мамандардың негізгі құралы болуы тиіс. Таңдап алынған әдіс-тәсілдер баланы өз қылығына басқаша қаратып, мінезін жақсы жаққа өзгертуі тиіс. Орынды қолданылған әдіс-тәсілдер оқу-тәрбие жүйесінің деңгейін көтеріп, қиын оқушымен әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы жақсартатыны сөзсіз.
«Қиын» оқушыларды тәрбиелеуде ұсынылатын тұжырымдар.
1. Тұлғаның психикалық дамуындағы қарым-қатынас ортасын құрайтын адамдар топтары жеткіншектер мінез-құлықтарында «қиындық» тудыратын фактор болып табылады.
2. Тұлға дамуының әр кезеңіне белгілі бір «қиындық» түрлері тән. Бұл «қиындықтар» тұлға іс-әрекеттерінде түрлі көріністерде байқалып, нәтижесінде құқық бұзушылыққа әкеліп соғады.
3. «Қиындық» түрінің анықталмауы — жеткіншекті қылмысқа итеретін жолдың бірі бола отырып, психологиялық қолдау және психологиялық көмек көрсетіп отырады.
4. Өз уақытында «қиындықтың» алдын-алу және себептерін алдын ала анықтап психологиялық, мүмкін жағдайда әлеуметтік қолдау көрсету «қиындықтың» алдын-алудың маңызды жағдайы.
Тұлға дамуында және балалар мен жеткіншектер мінез-құлықтарындағы ауытқулардың алдын-алу бойынша жұмыстар келесі негізде жүргізілген жағдайда ғана тиімді болады:
1. табысты оқу іс-әрекеті;
2. оқушыларды қанағаттандыратын өзара қарым-қатынас жүйесінің эмоционалды жағымдылығы;
3. психологиялық қорғаныс;
Соңғы жағдай келесілерден тұратын кепілді әлеуметтік-психологиялық қорғалуымен тікелей байланысты:
1. оқушының өз міндеттері мен құқықтарын білуі,
2. мұғалімдер және оқу-тәрбие процесінің басқа да субъектілерінің белгіленген құқықтарды сақтауы;
3. кез-келген белгі бойынша қандай да бір дискриминацияны болдырмайтын, оқушылардың психологиялық және әлеуметтік теңдігі;
Негізінен, барлық мәселе ата-аналар тарапынан баланың бос уақытының орнықты пайдаланбаудан, тұрмыстың нашарлығы мен отбасындағы қақтығыстардан бастау алады. Ата-ананың жылуынан, сүйіспеншілігінен, ыстық ықыласынан айырылған балалар көшесінің қағидасымен өмір сүруге бейімделеді. Қылмыстық жолға түседі. Жасөспірімдердің осындай келеңсіз оқиғалардан аулақ болуын жан-жақты тұрғыда қарастырып, бірлесіп іс-әрекет жасағанда ғана іске асыруға болады. Осы орайда қиын жеткіншектерді қайта қалпына келтіру орталығында және жалпы білім беретін орта мектептерде психологиялық қызметті ұйымдастыруды жүйелі жолға қойса, колледж психологы ата-аналармен және колледж инспекторларымен етене жұмыс жүргізсе, қиын бала мәселесі біршама орнымен шешілуі мүмкін болар еді деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:
1.В.Г.Баженов, В.П. Баженова. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. Тараз, 2003.
2.Л.С. Байсеркеев. Нравственные основы правового воспитания школьников. Алматы, 1999.
3.Сыныптағы тәрбие . №5-2010ж. 12б.
4.Воспитание трудного ребенка /Под ред М.И.Рожкова М., «Владос» 2001
5.Зимняя И.А. Педагогикалық психология .- М.: Логос, 2005
6.Широкова Г.А. Практикум для детского психолога – Ростов на Дону, 2004.
7.Жумабаев Қ. «Қиын» оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелерi. — А., 1994. Тәрбие.орг сайтынан ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ҚИЫН БАЛДАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫН ЖҮЙЕЛЕУ Авторлық бағдарлама материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қаршығаев Төремұрат Сабытұлы

Қызылорда облысы, "Болашақ" медициналық колледжі Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar